Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Презентация қосу
Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны
қорғаудың және басқарудың
ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары.
Жоспар:
• 1.Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат
пайдалануды мемлекеттік басқару түсінігі.
• 2.Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны
қорғауды басқаратын жалпы және арнайы
органдар.
• 3.Экологиялық мониторинг пен экологиялық
сараптама.
1.Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат
пайдалануды мемлекеттік басқару түсінігі.
• Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды
мемлекеттік басқару дегеніміз- заңды және жеке тұлғаның
экологиялық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырғанда
заңдылықты қамтамасыз етуге адамды қоршаған ортаның
қалыпты жағынан сақтауға адам мен табиғатқа
шаруашылық дамудың зиян әсер етуіне жол бермеуге
табиғи ресурстарды пайдалануды, сақтауды ұйымдарға
бағыттаған мемлекеттік органның атқарушылық қызметін
айтамыз.
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат
пайдалануды мемлекеттік басқарудың келесі
қызметтері бар:
Экологиялық ақпаратты жинау оны
талдау және бағалау;
Табиғатты пайдалану мен қоршаған
табиғи ортаны қорғау бойынша
шараларды жоспарлау;
нормашығармашылық;
Табиғи ресурстарды мемлекеттік
кадастрға енгізу;
Табиғи ресурстарды бөлу және қайта
қарастыру;
2.Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны
қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар.
• Жалпы өкілетті органдар – әртүрлі мәселелерді
(экологиялық) мәселелерді шешетін органдар (ҚР
өкіметі;жергілікті атқарушы органдар);
Арнайы өкілетті органдар – экологиялық функцияларды
атқаруға арнайы өкілетке ие органдар (кешенді
органдар,салалық органдар).
• Кешенді органдар – табиғат қорғаудың бір бөлігін немесе
барлық мәселелерін шешетін орган.
• Салалық органдар – жеке табиғи объектілерді пайдалану
және қорғауды ұйымдастыратын орган.(ҚР минералды
ресурс пен энергетика министрлігі,жер қойнауын қорғау
және геология комитеті), ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау
және табиғи ресурстар министрлігі, су ресурстар
комитеті,жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік.
• Функционалды органдар - барлық табиғи объектіге
қатысты бір немесе бірнеше экологиялық функцияларды
атқаратын органдар (ішкі істер министрлігі, ҚР ауыл
шаруашылық министрлігі).
3.Экологиялық мониторинг пен
экологиялық сараптама.
• Экологиялық
мониторинг (экология және мониторинг)-
қоршаған ортаның жағдайын бақылау
және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан
тұрады:
• жағдайды бақылау;
• бағалау;
• болатын өзгерістерді болжау.
• Экологиялық мониторинг
нысандарына табиғи, антропогендік
немесе табиғи - антропогендік
экожүйелер жатады. Экологиялық
мониторингтің мақсаты тек қана
деректер жинау емес, сондай-ақ,
жүргізілетін тәжірибелер, болжамға
негіз ретінде алынатын процестердің
үлгілері кіреді. Ғаламдық
көлемде мониторинг
жүргізуге авиациялық, ғарыштық
және есептеу техникалары
пайдаланылады. Қазіргі уақытта
экожүйені зерттеуге аэроғарыштық
әдістер кеңінен қолданылады.
Осы әдіс арқылы табиғатта болып
жатқан құбылыстарды, табиғи
қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б.
экожүйелерді сипаттайтын
мәліметтерді білуге болады.
• Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын
иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай
буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті
экологиялық мониторингтер жатады.Мысалы, ғаламдық экологиялық
мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық
экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған
ұйымдар арқылы, аймақтық экологиялық мониторинг ірі-ірі
аудандардың көлемінде, ал жергілікті экологиялық мониторинг елді
мекендерде, өнеркәсіп орындарында, кәсіпорындарда қоршаған
ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.
• Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus –
тәжірибелі) - адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол
бермеу және табиғат қорғау саласында
қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау
жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде
жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары -
оның өкілеттілігі, медицина - биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық
шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы,
ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу.
• Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған
бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге, экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-
экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала
жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау
жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына
келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта
жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға
талдау жасалынады.
• Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және
әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін
шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы
телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін
кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге
немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде
төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге
асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді.Табиғатқа
зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға
негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін
шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге
қажетті құжаттарға сараптама жасалады.
Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс
орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да
қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама
адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін
сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік экологиялық
сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары
арқылы жүзеге асырылады.
• Қоғамдық экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың
ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар
жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген экологиялық сараптама
мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер
қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады.
• Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң 1997 жылы
қабылданған.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz