Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері


Slide 1

Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері

Slide 2

Дәріс жоспары:

1. Табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігі және құрамдас бөліктері.

2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.

3. Табиғатты пайдалану үшін салықтар мен төлемдер.

4. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.

Slide 3

Экологиялық құқықтағы экономикалық механизмнің рөлі - оның осы салада атқаратын функциясымен анықталады.

Табиғатты қорғаудың экономикалық тетігі дегеніміз - қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз етеуге бағытталған, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан экономикалық шаралардың жиынтығы.

1. Табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігі және құрамдас бөліктері.

Slide 4 Slide 5

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi (ҚР ЭК 95 бабына сәйкес) :

1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау.

Slide 6

Экологиялық міндеттерді шешудің мағызды шарты қаржыландыру. Табиғатты қорғау қомақты қаржыны талап ететін қызмет түрі. Мысалы, кәсіпорынның тазалау құрылғыларының құны, кейде кәсіпорынның өзіндік құнының қырық пайызын құрайды.

ҚР ЭК 97 бабына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.

Slide 7

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру

Әртүрлi деңгейдегi бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгiленетiн бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерiне сәйкес айқындалады.

Slide 8

Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Өз қаражаттары есебiнен қаржыландырыландыру

Slide 9

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырыландыру

Өзге де көздер есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Slide 10

Табиғат пайдалануға ақы төлеу

Ақы төлеу табиғат пайдаланудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Табиғат пайдалануға ақы алудың бірнеше көздеген мақсаты бар. Олар:

біріншіден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді толықтырады;

екіншіден, ақы төлеудің басты мақсаты ол табиғат пайдаланушыларды табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру;

Экологиялық заңнама төлемнің екі түрін көрсетеді: табиғи ресурстарды пайдалану үшін және қоршаған ортаға зиянды ықпал еткені үшін.

3. Табиғатты пайдалану үшін салықтар мен төлемдер.

Slide 11

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу

Табиғи ресурстарды пайдалану үшін ақы төлеу салалық нормативтік актілерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келесідей төлем түрлері көрсетілген:

71-тарау

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

72-тарау

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

73-тарау

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

74-тарау

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

14-бөлім

Жер салығы

11-бөлім

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

43-тарау

Бонустар

45-тарау

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Slide 12

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

ҚР ЭК 1 бабының 26 тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер етуі.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді, табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары физикалық химиялық әдістері
Жерді қорғау - оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау
Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Ресурстардың жіктелуі туралы
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық бірлестігі
Экологиялық құқықтың ұғымы
Азаматтардың қоршаған ортаға құқықтары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
МСОП халықаралық
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz