Табиғатты пайдалану құқығы
Презентация қосу
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Жоспар:
1. Табиғатты пайдалану құқығының
түсінігі, қағидалары.
2. Табиғатты пайдалану құқығының
түрлері, объектілері, субъектілері.
3. Табиғатты пайдаланушылардың негізгі
құқықтары мен міндеттері.
1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары белгілері.
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі
табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер
қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі,
атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган
экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына
қатысады.
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік
қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру,
имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін
адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны
қорғау туралы" Заңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық
және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.
Тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе
жекелеген табиғи ресурстарды қолданыстағы заңмен
белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кажеттерін
канағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама
беруге болады. Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн:
табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін
қанағаттандыру құралы қызметін атқарып қоймай, сонымен
бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бұл табиғи
ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін
жүзеге асыру.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан
айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік
қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі
ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең
алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық
жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат
объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып
табылады.
2. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері, объектілері, субъектілері.
Табиғат пайдалану құқығының объектілері
ретінде табиғи ре- сурстар - жер, су, орман, жер
қойнауы және т.б. қатысады.
Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану
құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:
— жер пайдалану құқығы;
— су пайдалану құқығы;
— орман пайдалану құқығы;
— жер қойнауын пайдалану құқығы;
— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;
— атмосфералық ауаны пайдалану немесе
атмосфералық ауаны ластағыш заттардың
шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде
мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат
пайдаланушылар жеке және занды түлғалар, мемлекеттік
және мемлекеттік емес, үлттық және шетелдік табиғат
пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат
пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының
азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның
ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат
пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды
тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен
ұйымдар жатады.
3. Табиғатты пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен
міндеттері.
Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге
асыратын табиғат пайдаланушылар
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi органнан қоршаған ортаға
эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi.
Экологиялық рұқсат - жеке және заңды
тұлғалардың қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыру құқығын
куәландыратын құжат; Қоршаған ортаға
эмиссияларға рұқсат табиғат
пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы
Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi.
Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы
пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай
топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын
негіздеу болып табылады. Жалпы табиғат пайдалану
тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк
қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және
табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге
асырылады. Егер Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды
шектеуге жол берiледi. Арнайы табиғат пайдалану - осы
Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды
ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған
ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және
(немесе) заңды тұлғаның қызметi.
Табиғат пайдаланушылар:
1. Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы
мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және
уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі
бір мерзіммен шектелген);
2. Бастапқы табиғат пайдаланушылар
(табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен
не басқа да бастапқы табиғат
пайдаланушылардан сол құқықтан
айыру тәртібімен алынған) және кейiнгi
(табиғатты уақытша пайдалану құқығы
бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын
бастапқы табиғат пайдаланушыдан
шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz