Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері




Презентация қосу
Оқушылар ұжымын
қалыптастырудағы тәрбие
жұмысының ерекшеліктері
Ұжым туралы түсінік

Ұжым – бұл көзделген мақсатқа
жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекетімен
сипатталатын адамдар тобы.
Ұжым - бір мақсатқа бағытталған
мекемелерде жұмыс істейтін
адамдардың немесе білім беру
орындарында оқитын
студенттердің, оқушылардың және
т.б. тобы.
Әр бір ұжым – бұл топ, бірақ
әрбір топ ұжым бола алмайды.
Ұжым контактылы және негізгі
болып екіге бөлінеді.
Контактылы ұжым - бұл ұжым
белгілері бар бастаушы топ.

Негізгі ұжым – бұл контактылы
ұжымдардың бірлестігі.
Қоғамда ұжымдарды ортақ
іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай
ажыратады

Кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық,
әскери, оқу орындары)
Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер,
кәсіподақтар)
Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін
ұжымдар ( көркемөнерпаздар, коллекционерлер)
Ұжым - тәрбие құралы
Тұлға жан-жақты даму
мүмкіншілігін ұжымнан алатын
болғандықтан ұжымда тұлғаның
бас бостандығы болуы басты шарт
болып табылады.
Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі
қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір
сүретіндігінен туындайды.

Оқушылар ұжымы баланың өмірін,
оқуын, еңбегін, күш-қуат мәдениетін, ойын
ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын аса зор көңіл
аударып зерттеген педагогика ғылымының
қайраткерлері және халық ағарту
орггандарының озат өкілдері:

А.В.Луначарский, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, П.П.Блонский,
С.Т.Шацкий, В.А.Сухомилинский
А.В. Лунчарский: “Жаңа адамды
қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады”- деп көрсетті.

Н.К.Крупская: “Тұлғаның дамуы мен қалыптасу
ортасы ұжым” - деп атап айтқан.

В.А.Сухомилинский: “Әрбір бала тәрбиесі
ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар
мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі” –
деп көрсеткен.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам
тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атап,ұжымның төмендегідей кейбір
белгілерін көрсетті:
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі,
жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
1.Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке

және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
2.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи

байланысты қоғамның бөлігі.
3.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және

өкілдері, ұйымдастырушылары болады.
МЕКТЕП ҰЖЫМЫ
Біздің елімізде қазірі қоғамның маңызды
ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және
қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл
іс-әрекетімен (оқу,еңбек т.б) бірігіп топтасқан
балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты
бірлестігі.
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ
Оқушылар ұжымы балаларды
ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.

Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам
мүдесімен мызғымас байланыстығын көрсетеді.

Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек
екендігін түсінеді.
Сондықтан оларды үнемі дамтытып,
жетілдіріп отыру педагогикалық
ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын
шығармашылықпен ұйымдастыруына
байланысты.

Қорыта айтқанда ұжым - тәрбиенің
маңызды құралы.
Ұжымның даму кезеңдері

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді.

Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының
мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы
тәуелділігіне байланысты ажыратады.
Бірінші кезең – оқушылар ұжымы
жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін
жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою
балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы
оқушыларға сүйену керек.
Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-
әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі
басқаруға көшеді.

Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен
байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың
ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау
принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым
арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде – қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады.

Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен

сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық
талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі
ерекшеліктері.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса
маңызды мәселелердің бірі – перспективаны таңдау.
Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына
сүйеніп, оның жақын, орта және қашық перспективаларын
білгеніміз жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып
жеке адамды әр-түрлі іс- әрекетке ынталандыру, қызықтыру.
Мысалы, жарыс,саяхат, цирк, мұражай.
Орта перспектива- бұл перспективаға балалар лагеріне

бару, жыл сайын өткізілген ән, сурет сайыстарына қатысу.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке

адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талптану
мақсаты.
Мысалы, келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп
бітіріп жұмыс істеуге тілек білдіру және т.б.
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен қызметі
Оқушыларды тәрбиелеу. Басты міндетті шешу
үшін, ол оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу
керек.
К.Д. Ушинский “Адам-тәрбие нысанасы” деген
еңбегінде былай деп жазған: “Егер педагогика
адамды жан-жақты етіп тәрбиелеігісі келсе, онда
педагогика ең алдымен сол адамды барлық
жағынан білуі керек”.
Оқушыларды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін
класс жетекшісі оларды зерттеп білуі қажет.
Балаларды зерттеп білу класс жетекшісінің өз
жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты.
Жеке оқушылар жайлы класс жетекшісі
төмендегідей мәліметтерді білуі қажет:
- Баланың денсаулығы
- жанұядағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы
- баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы
-мінез-құлқын, темпераментін, психологиялық
ерекшеліктерін т.б.
-адамгершілік қасиеттерін, еңбек көзқарастарын,
эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, интеллектуалдық
дамуы

Ұқсас жұмыстар
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ
Мектепте тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың әдістемесі
Сынып ұжымының жалпы мектеп ұжымымен байланысы
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жоспардың нақтылығы
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні, құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Тәрбие заңдылықтары
Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту
Пәндер