Таңғажайып жеті саны
Презентация қосу
Тақырыбы:
Таңғажайып жеті
саны
Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін
салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай
қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын
сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік
мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан
аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген
білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың
бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін
қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр
санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы
кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен
сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр.
Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау
үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан
болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда
санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың
атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға
көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң,
ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан
оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы
байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін
пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу
тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және
оның қасиеті.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық.
Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы,
тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр
санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген,
орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты
мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе
жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін
таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи
қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті 7 саны
арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында
сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сан туралы ең
маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау.
Қасиетті
санмен
Жобаның танысу.
міндеттері:
7 санының Киелі 7 санының
өмірде алатын сандар қатарында
орнын көрсету.
орнын
түсіндіру.
Өзектілігі:
Заман өзгергенмен халықтың
сенімі, құпиялылыққа құштарлық
сезімі өршімесе өшпейді. Бұл
қоғамда болған, бола береді де.
Ендеше халық ойын түсініп, ата-
бабадан келе жатқан қасиетті
санға үңіліп, құпиясын түсіне білу
қашанда өзекті мәселенің бірі
болып қалмақ.
Кіріспе
Математика –ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар
түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған.Адамзат тағылығының даму дәуірінің
табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған.
Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тірішілік үшін
жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға,
нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр
еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т.с.с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан.
«Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.» Кез келген
натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге
болады.Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа
жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол
кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ
жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін
қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп
үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның
мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым — нумерологияны ашқан.
Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген
әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің
нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының
толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз
сандары болады. Біреудің бақытты саны — 13 , бақытсыз саны — 9 делік. Мұндайға шын
көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-
ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа
қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан
үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп
сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің
сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз — орыстардың «қасиетті үштігі»,
америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-
дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын
«төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық
мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы
сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде
және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге
бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық
күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-
бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат
құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ
Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет
қайталанады.
Қазақтардың таным — түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-
санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы
өзінен бастап жеті атасының атыжөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі
үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның
баласы – туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2.
Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата,
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай:
жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті
аталық ұста-ным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей
жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-
бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп
ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала,
немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті
қазынаға мыналарды жатқызған : 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім.
4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды
жатқызған: 1. Адамның ақыл -ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық
(ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең
болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер
тұл»). 7. Ит.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы — бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1.Қыдыр (қызыр). Қыдыр
дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды,
қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі). 4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол –
Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам
Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халық-тарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы,
грек аңыз — әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат
оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршлік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі.
Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік
жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит.
Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты
бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды
қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі:
жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс
(Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі
түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп,
ұмытылып кеткен.
Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4.
Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың
талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер»
және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.
Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік
жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке.
Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның
шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала
қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға
болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады:
қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі
жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан
көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі
әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның
ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-
ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның
бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар.
Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста
тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт
жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз
жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел
жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы
қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада
кездеседі: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир –
Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн,
Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік –
Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы
— Ғайын).
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың
түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың
ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі:
еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден.
Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас
және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп,
Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).
Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жаһаннам. 6. Хауия. 7.
Хатома.
Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік,
сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.
Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні
жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды,
6 — күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді
жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Өлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3.
Нәпсіқұмарлық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық. Бұл
жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша
бейнелеген.
Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет: 1. Египет пирамидасы. 2.
Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы
Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6.
Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған
мүсіні. 7. Александрия маягі.
Теқ қана қазақ халқының емес, әлем
халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік
Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған
құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып,
бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.
Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ
олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты
патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың
жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы
аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа
шалынған.
Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында
дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.
Қорытынды:
7 жаманды білмегенді арзан деген,
7 жетімді білмегенді надан деген,
7 руды білмегенді ел аралап,
Жер көрмегенді көссіз деген,
7 жарғыны білмегенді жөнсіз деген,
7 атасын білмегенді жетесіз деген,
7 жетімді білмегенді көкірек, көр деген
7 жетіні білгенді адам деген.
Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан
болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық
тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің
7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі,
Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7
ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі.
Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін
еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала
туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден
өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда
мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің
немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7
шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті
жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы
тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни,
осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады,
аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны
сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы
кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің
жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...
Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал,
тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Бәрі де сандар туралы,
Алматыкітап 2008жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3-том,
Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт
Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz