Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттама



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама »
Педагогика кафедрасының доцент м. а., п. ғ. к. Тұрғанбаева Б. Ш
Семей 2015 ж

Мақсаты:
мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
мектеп оқушыларының жас ерекшелігінің кезеңдеріне сипаттама беру, ;
мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу


Оқушылардың жас ерекшелігі
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте
жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың
жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

Туғаннан
1 жасқа дейінгі бөбектік кезең
1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең;
Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.

№
Кезеңдер
Жас
Сыныптар
1.
Бастауыш оқушылар
6- 10
1-4
2.
Орта (жеткіншек)
11-14-15
5-9
3.
Жоғары
15-18
10-12

Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері
Кемелдену 22-60 жас аралығы
Егделік 61-74 жас аралығы
(II кезең)
Кәрілік 75-90 жас аралығы
(IIкезең)


Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін ең маңыздысы - МҰҒАЛІМ

Бастауыш сынып жасында
Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2, 7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін артады.

.
Бастауыш мектеп оқушыларының
психика - педагогикалық ерекшеліктері:
Жүйке жүйесі жетіле түседі
Психикасы жедел дамуға келеді.
Тежелу кемде де, қозуы күшті.
Танымдық іс-әрекеті тікелей
оқумен байланысты.
Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған,
көрнекі қызығушылық басым.
Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы
кем, шектелген.
Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады.

Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш алуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту, ол балаға жеңіл тиеді.

«Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жасайырмашылығын одан сайын қашықтатпайық».

Жеткіншек шақ
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы
/10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі.

Жеткiншек жас кезеңнiң педагогикалық ерекшелiктерi.
Балалардың тәртібі нашарлайды.
Сабаққа үлгірімі төмендейді.
Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынаста қалыпты болмайды.
Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Отбасы -
қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.

Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея:
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді.

1 жағдаят: «5 сынып оқушысы Ахметов Арнұрға қатысты педагогикалық консилиум өтіп жатыр. Баланың бастауышта көрсеткен бағалары қазіргі күндегі бағасына сай келмейді. Бастауыш сынып мұғалімі баланың бағасын жоғарылатып қойған. Сынып жетекшісі мен педагог-психолог өз тарапынан 4 сыныпта диагностика өткізген кезде бала «төмен» деңгей көрсеткен болатын. Енді ол 5 сыныпқа келген кезде бейімделе алмай жатыр. Орта буын ұстаздары ашулы және қобалжулы. Мәселе. Шешу жолдары?»

1Шешімін тапШ 1 2 жағдаят: «5 сынып оқушысы Ахметов Арнұрға қатысты педагогикалық консилиум өтіп жатыр. Баланың бастауышта көрсеткен бағалары қазіргі күндегі бағасына сай келмейді. Бастауыш сынып мұғалімі баланың бағасын жоғарылатып қойған. Сынып жетекшісі мен педагог-психолог өз тарапынан 4 сыныпта диагностика өткізген кезде бала «төмен» деңгей көрсеткен болатын. Енді ол 5 сыныпқа келген кезде бейімделе алмай жатыр. Орта буын ұстаздары ашулы және қобалжулы. Мәселе. Шешу жолдары?»

Жасөспірім шақ
Жасөспірімдік шақ - бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.

Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек. Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды.

Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері.
Мамандық таңдау,
Еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану,
Некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену.

Нақыл сөздер
1. Адамды тәрбиелеу-демек оның ертенгі қуанышқа ие болатын келешек жолына тәрбиелеу. (А. С. Макаренко)
2. Бүкіл азаматтың келешегі-жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленуіне, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты. (Ғ. Мүсіров)

Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналары арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz