Зорлау құқықтық біліктіліктің ерекшеліктері, теория мен тәжіребенің проблемасы



Зорлау: құқықтық біліктіліктің ерекшеліктері, теория мен тәжіребенің проблемасы
Орындаған: Молдабай А. Қ.

Зорлау- қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.
Қылмыс обьектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.
Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрмнсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді. (ҚК ҚК 120бабының 1-тармағы) . Бұл жерде ҚР ҚК 120бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар обьекті бар деген ойға келуге болады:
• Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбірлеу.
• Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу
• Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатыннасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу
Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу обьектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.

Зорлық деп тек тән зардабы қана емес психологиялық зардап деп те түсіндіріледі.
Тәндік зорлық- денсаулыққа зиян келтіру, денеге ауыр жарақаттар салу, көмекке шақыру мүмкіндігінен айыру, байлап қою, қамап қоюдан тұрады. Тәндік зорлық жәбірленушінің денесімен сипатталады. Және де тән зардабы оның сыртқы денесімен қатар оның ішкі органдары да зардапануы мүмкін. Мысалы есіркі заттары, токсикалық немесе психотроптық заттар қолдану.
Психологиялық зорлау- жәбірленушіні қорқыту, дене зардабын саламын деп қорқыту, денсаулығына ауыр зардаптар әкелкмін деп, оның балаларына, туысқандарына және ол танымайтын адамдарға да дене жарақатын саламын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту жәбірленушіге ақиқат түрінде көрінуі тиіс, тек осы қорқыту ғана оның қарсылығын тоқтата алады. Осы қорқытулардың барлығы қылмыстың обьективті жағына кіреді, және де қосымша квалификацияны талап етпейді.

Субьективті жағынан- зорлау тек тікелей қасаөаналықпен жасалады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты зорлау арқылы жасап отырғанын, және де жәбірленушінің келісімінсіз, еркіне қарсы бара жатқанын сезініп отыр. Қылмыстың себебі жыныстық құштарлығын қанағаттандыру болып табылады. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының редакцияда 23сәуір 1993ж №1 «Заңдылықты соттардың тәжірибеде, зорлауға жауаптылықты регламенттеуді қолдану туралы» жарлығында зорлау тікелей қасақаналықпен міензделеді және көрсетілген жағдайларда әйел жынысынан жыныстық құмарлығын қанағаттандыруды бұрмалау нысанында болуын зорлау деп саналсын делінген. Басқа да қылмыс себептері де кездеседі мысалы кек алу, адамның ар намысын таптау. ҚК 120 бабының 2-тармағында зорлау біліктілігі деп мыналар саналады:
• Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса
• өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалса
• жәбірленушіге соз ауруын жұқтырвп алуына әкеп соқса
• бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипатындағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса
• көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса

Топтық деп- жәбірленушіге байланысты адамдардың сөз байланысып жасаған зорлау әрекеттерін айтамыз. Осы жағдайда зорлау жыныстық қатынастарға қатыспаған, бірақ жәбірленушіге қарсы зорлық жасау әрекеттерінде қатысқан адамдар, топтық зорлаудың атқарушылары реттінде біліктіленуі тиіс. Осындай топта атқарушылар қатарында әйелдерде болуы мүмкін.
Өлтіремін деп қорқыту- ҚК 103 бабының белгілеріне сәйкес келетін, тез арада зорлаушы жәбірленушінің өмірін қиып немесе денсаулығына зияндық келтіремін депқорқытуы. Қорқыту сөз жүзінде, белгілі әрекеттермен, қару жарақты пайдалану арқылы немесе қару ретінде белгілі бір затты қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Аса қатігездікпен зорлау- өзіндік білікті белгісі бар, ҚК 120бабының 2-тармағында көрсетілген жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға бағытталған әрекет. Жыныстық маньяктың жәбірленушіге қарсы аямаушылық әрекеттеріне, садизмдік әрекеттері болған жағдайда бұл тармақтың ҚК 120бабына енгізілуі құқықтық жүйемен ақталған.
Кәмелет жасқа толиағандарды зорлау- 14-18 жас арасындағы қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғу және де тәндік жыныстық даму жүйесіне қол сұғылады.

Жасөспірімді зорлау- осыған қарамастан кінәлінің әрекеттері ҚК 124 бабы мен ҚК 120 бабының 3-тармағы «в» тармақшасыда көрсетілген қылмыстар жиынтығымен біліктіленеді, егер олар әр түрлі уақытта жасалса, әртүрлі уақытта жасалып өзінің белгілі бір өзіндік мақсаты болса, егер де бұзақылық әрекеттер қылмыстық қатынастың алдын да болса, себебі бойынша жасалмаса, кінәлінің еркіне байланысты болмаса, ондай жағдайда оны қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу деп қарау тиіс(ҚК 24бап және 120 баптың 3-тармағы «в» тармақшасы) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz