Кәсіпкерліктің тарихи дамуы, теориялық бағыттары және негізгі ұғымдар


Slide 1

Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.

Slide 2

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:

1 - бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен

байланыстырды. Бұл бағыттың негізін

салушысы болып

француз экономисі -

Ричард Контильон

болып саналады.

Slide 3

Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».

Slide 4

2 - бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.

Slide 5

3 - бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Йозеф Шумпетер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын сезімтал, инновациялық өзгерістерге икемді, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға ғана атқара алады.

Slide 6

4 - бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Друкер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Slide 7

Менеджер

(ағылшынша manager - басқарушы) - жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.

Slide 8

Кәсіпкер

- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Slide 9

Бизнес

(ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.

Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухан қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді.

Slide 10

Тәуекел

(риск; фр. risque қауіп) - жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

«Тәуекел»термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің тарихи дамуы мен теориялық бағыттары: Қазақстан және әлем тәжірибесі
Кәсіпкерліктің тарихи эволюциясы мен теориялық бағыттары
Микробиология: тарихи дамуы, негізгі бағыттары және қолданбалы салалары
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы: болашағы мен негізгі мәселелері
Экономикалық теорияның тарихи дамуы, әдістері және негізгі бағыттары
Биофизиканың тарихи дамуы және қазіргі бағыттары
Психолингвистиканың тарихы, теориялық бағыттары және Қазақстандағы дамуы
Астрономия: ұғымы, негізгі бағыттары және тарихи дамуы әлемде және Қазақстанда
Ұлы Жібек жолының дамуы, негізгі бағыттары және тарихи маңызы
Әлеуметтанудың теориялық негіздері мен негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz