ЖАРАҚАТТАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Презентация қосу
ЖАРАҚАТТАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК
Орындаған: Жасұзақ Нәзігүл
201-топ Құқықтану
ЖОСПАР:
1. Жарақаттану туралы жалпы түсінік
2. Механикалық жарақаттардың сипаты
3. Оқ тигендегі жарақаттар
4. Жарақат негізіндегі өлім себептері
5. Сот-медициналық сараптамада
қарастырылатын негізгі сұрақтар
Сот медицинасында сараптама бойынша
бағалауға жиі әр түрлі жарақаттарды алған
адамдар және жекелеген адамдардың
денесіндегі жарақаттар, сыртқы тік немесе қиғаш
әсерлерден болған жағдайларда қарастырылады.
Сот медицинасында бұл жарақаттарды дене
жарақаты деп атайды. Мұнда анатомиялық
бүтіндігі немесе физиологиялық ағзалардың
қызметі не әр түрлі сыртқы фактор әсерінен
(механикалық, температуралық, химиялық,
физикалық және т.б.) денсаулықтың бұзылуы
немесе өлім болған жағдайлар жатады.
Заңгерлер механикалық жарақаттың
жіктелуін клиникалық көріністерінің
динамикасының жойылуын, осыдан жарақатты
бақылау және жүйелеуін, жарақаттың пайда
болу уақытын және қай затпен жарақатты
тигізгендігін қарастырады. Олар:
Сызат
Қанталау
Жарақат
Сүйектердің сынуы
Ішкі ағзалардың зақымдалуы
СЫЗАТ
Адам денесінде тері үстінен доғалданған затпен қысым түсірсе
немесе осы заттың үстінен адам сырғанаса пайда болады.
Сызат заттың пішінінің ұзындығына және оның
қорғанысының бағытына байланысты әр түрлі болады.
Сызат пайда болғанда терінің беткей қабаты жыртылады.
1-ші 2 тәулікте сызат беті ылғалданып, кеуіп зақымданбаған
теріден төмен орналасады,
2-3 - ші тәулікте қабыршақ пайда болып, мұнда енді, тері
бетімен бірдей деңгейде орналасады.
4-ші күні қабыршақ ажырайды.
7-12 тәулікте зақымдалған теріден қабыршақ түседі. Сызат
орнында қызылала түсті болып, содан
9-15 тәулікке жеткенде оның түсі жойылады. Көбіне бұл үрдіс
сызаттың өлшеміне және ошақтануына тәуелді болады.
ҚАНТАЛАУ
Қан жүретін тамырлардың жарылуының негізінде пайда
болатын тері және тері асты қабыршақтарда қанның
жиналуын айтамыз. Қанталаудың өлшемі тиген соққының
күшіне, зақымдаушы факторлардың сипатына,
қантамырлардың жіңішкелігіне, құйылған қанның мөлшері мен
ұлпалар қасиетіне, сонымен қатар қанның құйылуына
байланысты болады.
Әдетте қанталаудың пішіні сопақша тәрізді, кейде соққы берген
заттың үстінгі қабатының көрінісіне байланысты өзгеруі
мүмкін.
Қанталау түсінің өзгеру уақыты бастапқыда
1-4 тәулік көкшіл қоңыр түс
кейіннен 3 - 8 тәулік қоңыр жасыл түс
6-9 тәулікте сары түс
12-16 тәулікте қанталау тіпті көрінбейді.
ЖАРАҚАТ
Терінің барлық қабатын, тері асты қабыршақ қабатын
зақымдау немесе қуысқа түсуін диагностикалайды.
Жара жолдарымен сыртқа шығатын тесігі
жарақатты тесіп өтетін жара деп атайды. Ал саға
болмаса, соқыр жара деп аталады.
Заттың маңыздылығы және түсірілген зақымның
механизміне қарап бөлеміз:
доғалданған, қатты заттармен жаралану –
созылған, жыртылған, соғылып жыртылған;
өткір затпен жаралану – сұғылған-кесілген,
араланған, тігілген;
оқ жарақаты – оқты, жарылыстан кейінгі жарақат,
дробты жарақат.
СҮЙЕКТЕРДІҢ СЫНУЫ
Мұнда сүйектің бүтіндігінің толық және жартылай бұзылысы
болып табылады. Әдетте сүйек сынғанда жақын жатқан
тіндердің және ішкі ағзалардың бұзылуы байқалады
(қабырғаның сынуы - өкпе, жүрек, бауырды, ал жамбас
сүйек – қуық, несеп ағатын жолдарды және т.б., бас сүйек
және омыртқа сынғанда – бас пен жұлынды зақымдайды).
Сынықтар ашық (тері қабаты бұзылғанда) және жабық
(тікелей соққы кезінде тері қабаты сақталса) және тіке
емес (жанама) жарақат күшінен әрі орналасады.
Сүйек сынуының морфологиялық ерекшеліктерін сот-
медициналық диагностикалау кезінде жарақаттың
механизмі мен түрін, зақым келтірген заттың қасиетін,
оның әсер ету бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
ІШКІ АҒЗАЛАРДЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ
Соққы болған жерде тері бүтіндігі сақталынып, ішкі
ағзалардың жабық жарақатының ішінде қанталау,
ағзалардың жыртылып, жырылып бөлек бөліктердің
мыжылуымен жүретін зақымдар пайда болады.
Бұл зақымдарды бөліп, оларға нақтырақ тоқталып өтейік:
қан құйылу
ішкі ағзалардың жарылуы
қысылу
дене бөлшектерінің бөлінуі және езілуі
дене бөлшектерінің бөліну
Қан құйылу – іш қуысының жабық зақымданғанда
қантамырлардан және зақымданған жерден қан ағып, ішкі
қан ұйыуы және ағзаның жыртылуымен жүре жиі өлімге алып
келуі мүмкін.
Ішкіағзалардың жарылуы – соққы кезінде анықталады
немесе сүйек бөліктеріне әсерін тигізген жағдайда (бауыр,
көкбауыр, бүйрек, өкпе, асқазан, қуық) ауруы болуы мүмкін.
Патологиялық өзгерістер кезінде ішкілік жүрек және үлкен
қантамырлардың жарылуы пайда болады.
Қысылу – көлік дөңгелегінің астында қалу және құлаған
заттардың астында қалу немесе мүшелердің құрылысының
бөлшекті толық бұзылысымен жүретін, немесе мүшелердің
мыжылып сұйықтық шығып, тығызды заттардан пайда болу
танылады
Дене бөлшектерінің бөлінуі және езілуі – қозғалып келе
жатқан көлік және құлап келе жатқан заттармен үлкен
күшпен түсуі, езілу кезінде тіндер мен мүшелердің қысып-
жаншылуы және сүйектердің майдаланып сынуы.
Дене бөлшектерінің бөлінуі – бұған адам аяқ қолдарының
ауыр затпен қысып-жаншылуы яғни, рельсті көлікпен
қысылу, осыдан тері және тін жаншылуы, сондай-ақ
бұлшықет және сіңір жыртылуы пайда болады. Мұнда
аяқ, саусақ, қолдың ампутациясы болуы мүмкін.
Заңгерлердің тәжірибелік жұмысында құқық бұзушылық
әрекетті анықтау мақсатында жарақат көріністері, яғни
жарақаттың пайда болуы арқылы, сот-медициналық
сараптамасы қорытындысымен ақиқатқа жетудің зор
маңызы бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz