Механикалық жарақаттардың сипаты


Slide 1

Механикалық жарақаттардың сипаты

Орындаған: Тілек Ерасыл

201-топ

Slide 2

Қылмыс жасалған кезде жарақаттың әр түрлі зақымдануына сипаттама бере келе, заңдық тәжірибеде сот-медициналық сараптама тағайындау барысында жиі кездесетін адамның денесін өткір затпен жарақаттау, қарусыз адаммен келтірілген, биіктіктен құлау кезінде алынған, көлік, оқ тигендегі және басқа да жарақаттарға ерекше тоқталып өту керек. Осы жарақат түрлеріне назар аудару қажет.

Slide 3

Доғал затпен келтірілген зақымдалу

Бұл мехникалық жарақаттың кең таралған түрі. Олардың сипаты, өлшеміне, пішініне, массасына, жарақаттың үстіңгі бетіне байланысты болады (жалпақ, домалақ, цилиндрлі және т. б. тәрізді) .

Доғал заттардың денеге әсер етуі

жалпақ бетті - қанталау немесе жара да болуы мүмкін;

домалақ бетті - тіке сызықты, доғал, ирек, жұлдызша тәрізді жаралар туындайды, ал жаралардың шеті түзу емес, қан шашыраған болып келеді.

бұрышты - жара көгерген немесе шеттері қатпарланған болуы мүмкін, жұмсақ ұлпалардың қанталауымен қысылған сынықтар мен бас сүйегінің шытынауы жиі кездеседі.

Тері мен сүйектің зақымдалуының морфологиялық ерекшеліктері - зақым келтірген заттың қасиеті үшін, пішінін, көлемін, шекарасын, бұрышын анықтаудың негізі болып табылады

Slide 4

Өткір заттармен салынған жарақаттар

Бұл заттарға өткір шеті бар заттар жатады - ұштары ұшталған зат және алмаз. Өткір заттарды сипатына, өлшеміне қарап кесетін, аралап-кесіп сылып түсіретін, жаншитын, жаншып-кесетін заттар жатады. Сондықтан, жаншитын, кесетін, сылып түсіретін жараларды бір-бірінен ажырата білу қажет.

Slide 5

Кесетін заттармен алынған жаралар

(пышақ, әйнек сынықтары, ұстаралар) - дененің үстінде қозғалған кездегі қысыммен түсірілгенде пайда болады. Әдетте кесілген жаралар сызылған пішін түсіреді. Осыларға қатысты:

Түбі үшкір, жара түбі терең емес, бірақ ұзын болып, көп мөлшерде қан ағады. Кесілетін затпен түсірілген жараларға сараптама жүргізгенде, мұнда негізгі түсірілген заттың түрін және оның ерекшелігін анықтау керек, күдік тудырған затқа жиі сараптама жүргізілуі қажет (қанға, теріге, бұлшықетке, киім, талшықтарға) .

Slide 6

Жаншылатын заттармен түсірілген жаралар

Яғни үшкірленген ұштары бар, биіктігі ұзын заттар (ине, айыр тістері бар, қайшы және т. б. ) .

Бұл заттар негізінен денеге кіріп, тіндерді айырып түсіреді. Мұнда жарақат көлемі кішкентай, бірақ терең ұзын жаралы саңылау, кірген қарағанда шыға берісінде үлкен саңылау болады.

Екі кішкентай бірақ биіктігі ұзын заттардан (ине, спица, шило) түскен жарақаттан кейін нүктелік із қалып, ол жерді дұрыстап қарамаса, көрінбеуі мүмкін.

Slide 7

Жаншып-кесетін заттардан алынған жарақаттар

Яғни, жаншып- кесетін қасиеттері бар заттар - сот медициналық сараптамада жиі кездеседі. Бұл жарақаттарға: пышақ, ұштары үшкірленген штык сүйірленген және т. б. арқылы салынған жарақаттар жатады.

Жаншып-кесетін жарақаттар сипаты бойынша мынандай болады:

Тесікті немесе саңылаулы - бір сызық тәрізді немесе сопақша, сырты тегіс формалар, жара еніне қарағанда биіктігі ұзын болып келеді, қанталаулар пайда болып, жара аймағы мен тереңдігі, сүйекте ұштары сынған сынықтар қалу мүмкін.

Жаншып - кесілген жаралар аймағына, жеріне қарап, қандай мақсатпен түсірілгенін көруге болады, яғни, жарақат - мойын, кеуде, іште, арқасында болса, бұл өлтіру, ал өзін-өзі өлтіруде көбіне жүрек болады. Осы жағдайларда адам қан кетуден өледі.

Slide 8

Сылып түсіретін заттардан алынған жарақаттар

Негізінде бұл өткір алмаз жүзді ауыр зат (мысалы, балта, қылыш) . Мұндай заттың қызметі адам денесіне ауыр соққы берген кезде іске асады. Сылып түсіретін жарақаттарға: тегіс шетті, өткір ұшты, сүйек жарақатына дейін болатын терең және ауыр жарақаттар жатады. Балтамен түскен соққы негізінде теріде кесілген жердің орны бір қалыпты болмайды.

Балта немесе қылыш әсерінен пайда болған жарақат:

жалпақ сүйектерде - тегіс, осыған трассологиялық зерттеу жүргізу барысында сылып түсіретін заттардың жеке белгілерін анықтауға болады.

бас сүйегінде - сызықты сағалы шабулар (бас сүйек қуысына кіретін), балта шүйдесінен түскен соққыдан, тесік тәрізді сынық, соққылар негізінде жара ұшы немесе шетінен қосымша шытынаулар туындатады.

Бас сүйегі арқылы сот-медицина сарапшылары осындай соққылардың жалғаспалылығын анықтайды, себебі бастапқы шытынау келесі түскен соққыға қиылыспайды, өйткені ол сол туындаған жарақатпен аяқталады.

Жиі сылынып түсетін жаралар баста және мойынның артқы бетінде орналасады. Өзін-өзі өлтіру кезінде бұл жаралар сирек кездеседі, егер болған жағдайда көбінесе терең емес, параллельді орналасқан бастың маңдай төбе жағында болады.

Slide 9

Аралап-кесетін заттан алынған жаралар

Сирек, бірақ тұрмыста көп кездеседі. Аралап-кесетін заттардан алынған жарақаттар ерекшелігі мыналар:

бұл - бірнеше ирелеңдеген зат әсерінен болатын кескін;

жара түбінде - жырылу;

жара көбінесе, ара тісінің ара қашықтығы, тотбасақандығы, қалыңдығы, ұзындығына байланысты болады.

Slide 10

Қарусыз адамнан алынған жарақаттар

Мұнда қарусыз адамның әсерінен алған жарақат сипатына, пішініне, орналасуына және ауырлық дәрежесіне байланысты болады. Бұлардың ішінде өлімге алып келетін жарақаттар да орын алу мүмкін. Жарақаттар жиі аяқ немесе қолмен түсіріледі.

Slide 11

Саусақ ұштарынан алынған жарақаттар


Ұқсас жұмыстар
ЖАРАҚАТТАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Мәйітте табылған жарақаттардың тірі кезде алынғанын анықтау
Жара туралы түсінік. Жара кезіндегі асқыну
Жараның белгілері
Сіңірлердің және саусақтардың зақымдалу түрлері
Жарақат және жарақат түрлері
Электр қауіпсіздігі
ЖАРАҚАТТАНУ. ЖАРАҚАТТАР ТҮРЛЕРІ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
Техниканы жетілдіру
Аяқ сүйектерінің сынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz