Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Презентация қосу
Тақырыбы: «Суспензияларды дайындау
технологиясы және жалпы сипаттама»
ОРЫНДАҒАН: ТАТАЙ ҚЫЗЖАН
ТОБЫ: ВМ-503 ТОБЫ
Суспензияға жалпы
сипаттама
Суспензия — қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да
таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің
өлшемі 0,1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі
төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді
де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп,
электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық
анализ көмегімен анықтауға болады.
Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық
немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде
алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай
етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер
тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста
ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып
көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты
ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің
дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит
енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда
суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық
қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда
тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.
Құрамына және дайындау
тәсіліне байланысты
суспензиялар:
Iрiсуспензиялар майда суспензиялар
(бөлшектерiнiң (бөлшектерiнiң
өлшемдерi 1-100 өлшемдерi 0,1-1
мкм аралығында), мкм аралығында)
Артықшылығы Кемшілігі
Суспензия түрiнде ерiткiштерде
ерiмейтiн дәрiлiк заттарды босатуға
болады, әсер ету эффективтiлiгi технологиясы қиын, тұрақсыз,
бойынша суспензиялар ерiтiндiлер сақтау мерзiмi қысқа дәл
мен майда ұнтақтар арасынан орын дозаланбайды.
алады. Ұнтақтармен салыстырғанда
Сондықтан суспензия түрiнде улы
суспензиялардағы бөлшектердiң
және күштi әсер ететiн дәрiлiк
жоғары дисперстiлiгiнен дәрiлiк
заттарды босату мүмкiндiгi жоқ.
заттар тез терапевтiк әсер көрсетедi.
Суда ерiтiлген дәрiлiк заттардың Құрамына және дайындау тәсiлiне
сулы ерiтiндiлерi ағзадан тез байлан
шығарылады, ал суспензиялар ұзақ
әсер етедi.
Суспензияларға қойылатын
талаптар:
Бөлшектердiң өлшемдерi 50-100 мкм болуы, суспензиялар
термодинамикалық тұрақты болуы керек, ол дәрiлiк заттың жеткiлiктi дәл
дозалауын қамтамасыз етедi. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты
шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд
шайқағаннан соң, ал 3 тәулiк сақталған суспензияны 40-60 секунд
шайқағаннан соң бөлшектерi дисперстiк ортада бiртектi таралуы.
ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы»
бұйрығының 1 бөлiмiнiң 8 тармағына сәйкес суспензиялар дисперстiк
фазаның концентрациясы 3% төмен және дисперстiк ортаның табиғатына
(сулы, спирттi-сулы) байланыссыз салмақ-көлемдiк әдiспен дайындалады.
Дисперстiк фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары болса,
суспензиялар салмақтық әдiспен дайындалады.
Суспензияларды түссiз құтыда босатады. Ескерту «Қолданар алдында
шайқа» этикеткасымен безендiредi.
Суспензияның түзілу жағдайлары.
Қасиеттері.
Суспензияның түзiлу жағдайлары: дәрiлiк түр құрамына дисперстiк
ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы
және т.б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады); егер дәрiлiк заттың
мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық
әдiспен дайындалады); ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi.
(физико-химиялық әдiс); жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада
ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс).
Суспензияның қасиеттері: суспензиялардың осмостық қысымы жоқ;
бөлшектер мөлшерiнiң үлкендiгiнен жартылай өткiзгiш мембранадан
диффузия құбылысы жүрмейдi; сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процессi
жүргiзiлмейдi; кинетикалық тұрақсыз, суспензияларға седиментация
құбылысы тән, ауырлық күшi әсерiнен бөлшектер тұнбаға түседi, егер
бөлшектер бiр-бiрiне жабыспай еркiн тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты
деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық iлiнiсу күшi әсерiнен жабысып
үлпектер түзiп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды.
Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және
гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты,
ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций
глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады.
Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар
қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар:
гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа
бөлiнедi. Гидрофобты заттармен суспензиялар дайындаған кезде тұрақтандырғыштар
қосады - желатоза (Gelatosae), өрiк шайыры (Gummi armeniacae), аравия шайыры (Gummi
arabica). Ал декстрин, крахмал шырышы, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның
натрий тұзы, поливинилпирролидон сирек қолданылады. Гидрофобты қасиетi айқын
байқалмайтын заттарға терпингидрат, бензонафтол, фенилсалицилат, сульфодиметоксин,
сульфомонометоксин, сульфадимезин жатады. Бұл препараттармен суспензия дайындаған
кезде 1,0 г препаратқа: 0,25 г өрiк шайыры, 0,5 г аравия шайыры немесе желатоза
қосылады. Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын заттарға: камфора, ментол, тимол,
бромкамфора, күкiрт жатады. Олардың суспензияларын тұрақтандыру үшiн 1,0 г
препаратқа: 0,5 г өрiк шайыры, 1,0 г аравия шайыры немесе желатоза қосылады.
Гидрофобты қасиетi айқын байқалатын препараттардың майдалануы 90%-дық этил спиртi
(қиын ұнтақталатын заттар) 1:1 қатынаста қосу арқылы жүргiзiледi. Олар спиртте жеңiл
еридi, спирт буланып кеткен соң рекристаллизация жүредi, нәтижесiнде зат жеңiл
майдаланады.
Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық,
конденсациялық.
Дисперсиялық тәсiлдің мәні механикалық
диспергирлеу, ерiмейтiн iрi заттарды сұйық ортада
майдалау процессi. Технологиясы келесi
сатылардан тұрады: дисперстiк фазаны майдалау
(дәрiлiк зат), дисперстiк ортаға енгiзу (ерiткiшпен
араластыру), тығындау және безендiру. Сүзу
немесе фильтрлеу сатысы жүргiзiлмейдi.
I-шi саты. Майдалау. Дисперсиялық тәсiлде пульпа алу қажет. Ол үшiн
дәрiлiк затты судың аз мөлшерiмен ысқылайды. Ысқылау кезiнде дәрiлiк заттың
бетiнде микрожарықтар түзiледi, микрожарықтарға су кiреді де ажыратқыш әсер
көрсетедi, бөлшектер майдаланады. Академик Б.В.Дерягин, сұйық ортада 1 г қатты
затқа 0,4-0,6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектiсi байқалатындығын дәлелдедi.
Осы қатынас Дерягин ережесi деп аталады.
II-шi сатысы. Араластыру. Дисперстiк ортамен араластыру үшiн, лайлау тәсiлiн
қолданады. Майдаланған жұқа пульпаға 5-10 есе мөлшерде су қосады, мұқият
араластырады. Қоспаны 1-2 минутқа тұндырады, жүйе екi қабатқа бөлiнедi: iрi
дисперстi және майда дисперстi. Iрi, жеткiлiксiз диспергирленген бөлшектер тез
тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйiнде қалады.Суспензияның майда
дисперстi қабатын босататын құтыға құяды, қалған тұнбаны қайтадан осындай
көлемдегi сұйықтықпен ысқылайды.
Тұндырады. Тағыда беткi қабатын құтыға бөлiп алады. Осындай операция тұнба
түгелiмен лайлы күйге өткенше жүргiзiледi. Дерягин ережесiн және лайлау тәсiлiн
осы дәрiлiк түрдiң технологиясында қолдану, жұқа дисперстi суспензия алуға
мүмкiндiк бередi. Сонда: суспензияның тұрақтылығы артады, дәл дозалануы
қамтамасыз етiледi, дәрiлердiң ағзаға сiңiрілуi және терапевтiк әсерi артады
Конденсациялық тәсiлмен
Конденсациялық тәсiлмен суспензиялар екi жағдайда түзіледі:
ерiткiштi ауыстырған кезде;
химиялық тәсiл - суда жеке еритiн дәрiлiк заттар бiр дәрiлiк түрде бiрiккен кезде, нәтижесiнде
әрекеттесiп, ерiмейтiн тұнба түзiледi.
Конденсация тәсiлімен суспензия технологиясы келесi сатылардан тұрады: араластыру, орамдау
және безендiру
а) Ерiткiштi ауыстыру сулы ерiтiндiлерге экстракттар, тұндырмалар және басқа спиртте
дайындалған галендi препараттарды қосқанда түзіледi.
Спирттiң және заттың концентрациясы төмендейдi, суда ерiмейтiн заттар (эфир майы, шайыр)
жұқа суспензия түрде бөлiнiп шығады. Мысалы, микстуралар. Ол күрделi жүйеге жатады.
б) Құрамына жеке-жеке суда еритiн, бір дисперстік ортада әрекеттесiп тұнба түзетiн, заттары бар
суспензияны дайындау.
Орамдау және безендiру суспензиялардың құрамындағы дәрiлiк заттардың қасиеттерiне сәйкес
жүргiзiледi. Суспензияларды олардың көлемiне сәйкес келетiн түссiз флаконда босатады.
Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен тығыз жабады. Флакон негiзгi және ескерту
этикеткаларымен «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендiрiледi.
Дәрiханада суспензия
технологиясын жетiлдiру:
кiшi механизациялық құралдар, майдалағыштар (электрлiк
араластырғыштар) енгiзу, өнiмдiлiгi төмен қол енбегiн жеңiлдету, суспензия
сапасын жақсарту;
тұрақтандырғыштар ассортиментiн кеңейту. Дәрiлiк заттардың
тұрақтылығын жоғарылату;
суспензиялар сапасын бағалауға инструменталды әдiстер енгiзу. Дисперстiк
фазаның бөлшектерiнiң мөлшерiн микроскоп көмегiмен (МФ ГДР) анықтау;
суспензиялық дәрiлiк түрдiң перспективтi дамуы «құрғақ суспензия»
дайындау болып табылады, ол - дәрiлiк заттар мен тұрақтандырғыштар
қоспасы, кейде оған консерванттар қосылады, көбiнесе түйiршiктер түрiнде
дайындалады. Қолданар алдында құрғақ суспензияларға тазартылған су
қосылады. Құрғақ суспензиялар тасымалдауға ыңғайлы және ұзақ уақыт
сақталады.
Суспензиялардың сапасына бағалау.
Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi,
сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi
бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн
талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi
ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады.
Суспензиялардың теориялық негiздерi - суспензиялық линименттер, жағар
майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады. Мұндай жағдайда
Дерягин ережесiн қолданады. Ал лайлау әдiсi қолданылмайды. Себебi
қолданылатын негiз тұтқыр немесе тығыз зат, олар суспензия тұрақтылығын
қамтамасыз етедi.
Қорытынды
Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге,
сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түрі.
Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық
тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі
қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты
ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста
ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның
электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді
суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға
электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға
беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны
тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі
артық.
Пайдаланылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Мұхамбетов Д.Д., Мингилев В.П. Жалпы рецептура, Ақмола, 1996ж.
2. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М.1996
3. Н.Н: Ахметсадыков, Д.М. Хусаинов Технология лекарственных веществ,
Алматы 2004 г
Қосымша әдебиеттер
4. Грецкий В.М., Хоменок В.С., Руководство к практическим занятиям по
технологии лекарственных форм. М.1991
5. Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,22 М.1991
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz