Операция кезінде болатын қан ағу түрлері, қан тоқтату


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Операция кезінде болатын қан ағу түрлері, қан тоқтату

Орындаған:Бектеміров. Р. Н.

Семей қаласы

Slide 2

Жоспары: Қан ағу, оны тоқтату және қан «қан сұйықтарын) құю әдістері. Қансырау себептері Қансырауды топтастыру. Қансыраудың мал өміріне қатері Механикалық әдістер. Мұздату және ыстық арқылы тоқтату әдістері Биологаялық әдістер Химиялық әдістер Қан ағып тұрған тамырды байлау. Тамырды жарақаттың жоғарғы жағынан байлау.

Slide 3

Қан ағу, оны тоқтату және қан «қан сұйықтарын) құю әдістері. Жараланған қан тамырдан аққан қан не сыртқа (терінің сыртына шығып көрініп тұрады), ңе көзге көрінбей мал ағзасының ішкі құрылымына, қуыстарға буын-буынға ағып кетеді. Қансырау салдарынан малдың өліміне ұшырау фактірлерін ерте заман адамдары да білген, біліп қана қоймай қан тоқтату әдістерін де пайдаланған. Қан - мал денсаулығының оның бар тіршілік болмысының кепілі. Сондықтан қан мәселесіне айырықша қарайды. Мал жараланып қалса, мал дәрігері ең әуелі оның қан құрамына ынта қояды. Ол мал жараланғанына қанша уақыт өткенін білгісі келеді. Қаны ақса, қанша аққанына, қалай аққанына ден қояды. Өйткені осы сауалдардың бар әмбесі мал өмірінің шешуші дәнекерлері.

Slide 4

Қансырау себептері көп. Сол себептердің жиі кездесетін бір түрі - жарақаттану, жаралану. Мұндай жағдайға ұшыраған малдың қан тамыры жыртылады, бұзылады, тамыр сыртына қан шыға бастайды. Қанның көп аққаны жаман. Тамырдың қан қысымы көтерілгенде, артериосклероз ауруына шалдыққан ауру малдың қан тамыры жарылып кетуі де ғажап емес. Сондай-ақ сыртқы ауаның қысымы төмендегенде аурудың құлағынан, танауынан, тамағынан қан кетеді. Сыртқы атмосфералық ауа қысымы ұлғайғанда да қан кетуі мүмкін. Операция кезінде қарынның немесе кеуденің қуыстарынан көлемді ісік алынса, солардың орны да қансырап қалуы мүмкін және осындай жағдайлар мал іші суға толып кеткенде, сол суды инемен тесіп (қарынды) шығарғанда да байқалады. Қан тамырынан қан кету процесі басқадай жағдайларда да кездеседі. Сондай жағдайлардың бірі- қан ауруы гемофилия. Гемофилия ауруына шалдыққан малдың төл кезінен-ақ ұю процесі баяулап, ауру мал әлсін- әлсін қансырай береді. Мүндайға еркек жынысты малдар жиі шалдығады. Танаудан, ішектен кеткен қанды тоқтату өте қиын, төл кездерінде осындайға душар болған малдар кейін өлімге де ұшырайды. Мұндай мал қосымша хирургиялық ауруға шалынса, оны өлімнен қүтқарып қалу өте қиын болады. Сондықтан хирургиялық операция алдында, операция кезінде және операциядан кейін осындай ауруға көп көңіл бөліп отыру қажет. Ауру малдарға аскорбин қышқылын беріп, уақытымен қан қүйып отыру керек, қансырап тұрған жерді тығындап фибрин пленкаларын кең қолдану арқылы қансырау процесін тоқтату керек.

Slide 5

Әсіресе бауыр ауруына шалдыққан, сарғайып кеткен малға қан құю қажет. Ондай малдарда қан ұюы төмендеп кеткендіктен, операциядан соң ішектен, танаудан қан кетеді. Кейде тері астындағы қан тамырларынан да қан кетеді. Мүңдай жағдайды холемиялық қансырау деп атайды. Сарғайған малды операциялық алардан бұрын оған қан құйып, азығын жөндеп, К, С витаминдерін енгізеді. Айтылған себептерден басқа қансырау қан тамырының осалдығынан пайда болуы мүмкін, қан тамырының қабырғасы осал болса, қан сыртқа шығады. Фосфор, бензолмен уланғанда, уремия. холемия жағдайына ұшырағанда, орталық жүйке жүйесінің қызметі нашарлағанда, қантамырының төңірегіне, сыртына шығады. Жүйке және эндокрин мүшелердің қызметі нашарлағанда танаудан, емшектен, ішектен кеткен қанды викарлық қансырау деп атайды.

Slide 6

Қансырауды топтастыру. Қансырау көп топқа бөлінеді. Қан тамырдан ағып жатса оны анатомиялық қансырау дейміз. Бұл топқа артериялық, веналық, капиллярлық, паренхималық қансырау жатады. Артериялық қансырау- малдар үшін өте қатерлі. Себебі, азын аулақ уақыт ішінде қан тоқтату шаралары қолданылмаса, мал көп қан жоғалтып алады. Артериялық тамыр жараланғанда, қан жоғары атқылап, шапшып ағады. Қанның түсі-шымқай қызыл. Қансырау көп уақыт созылса, қан шапшуы әлсірей бастайды. Қан тамырдың қиылған өзегінің бірінен ғана ақса (орталык жағы), кейде қиылған өзегінің екі жағынан да ағуы мүмкін. Мысалы: күре тамыры жараланса, қан қиылған тамырдың екі шетінен де шапшып ағады.

Slide 7

Веналық қансырау. Вена қан тамыры жараланса, қан шапшымай жайлап, біркелкі ағады, түсі қызыл. Қан жараланған тамырдың тек төменгі шетінен ғана ағады. Жүрекке жақын, кеуде қуыстарындағы қан тамыры жараланса, қауіпті жағдай тууы мүмкін. Яғни жараланған тамырға ауа кіріп, ауа эмболиясы атты жағдай туып, мал өлімге шалдығуы ықтимал. Сол себептен кеуде төңірегіндегі жараны тез арада матамен жауып, кеудеге ауа кіруін болдырмау керек. Веналық тамыр жараланғанда қан ағуы өз бетімен тоқтайды немесе жараланған аяқты көтерсе, қан тоқтату үшін соның өзі жеткілікті. Капиллярлық қансырау - деп ұп-ұсақ артерия мен қан тамырлардың ең жіңішке бөлімшелерінен аққан қанды айтады. Жараланған жердің ұлпалары қансырап тұрады. Қан ұю процесі нашарламаса, қансырау өз бетімен тоқайды. Паренхималык, қансырау дегеніміз - паренхималық органдар (бауыр, көк бауыр, өкпе) жараланғанда пайда болады. Бұл капиллярлық қансырауға ұқсас, бірақта өте қатерлі, себебі, ұсақ қан тамырларының өзегі жабылмайды. Сондықтан қан тоқтату қиынға түседі. Қансырап түрған бауырды операция кезінде қара ет, фасция, фибриндік пленкалармен жауып, тығындап, қан тоқтату әрекетін жасаса, өкпенің жараланған жерін тігеді, ал көк бауырды операция кезінде алып тастайды.

Slide 8

Анатомиялық қансыраудан басқа қансырауларды топтастырсақ, механикалық қансырау (жаралану, жарақаттану себептерінен), тамыр қабырғаларының әртүрлі ауру себептерінен өзгеруі, қан құю процестерінің өзгеруінен, сыртқы атмосфералық қысымының азаюы не үлғаюы, фосфор, бензол сияқты химиялық заттармен улануы сияқты әртүрлі себептерден қансырау пайда болатынын айтқан жөн. Сонымен қатар дене сыртына аққан қанды сыртқы қансырау дейді, ішкі қансыраумен бірге жасырын атты және бір түрі болатынын айта кеткен артық емес. Жасырын қансыраудыңсырт белгісі болмайды да, қансырап түрған тамырды болжап білу қиын. Ауру малдың жалпы белгілерімен жорамалдап отырып, арнайы бақылау әдістерімен қансыраған жерді анықтайды. Уақытқа байланысты қансырауды алғашқы қансырау деп беледі. Алғашқы қансырау мал жарақатқа, жаралануға шалынған кезден басталады.

Slide 9

Қайталап қансыраудың өзі екі түрге бөлінеді. Бірі-ерте қайталап қансырау болса, ол жараланғаннан кейін бірнеше сағат немесе екі тәулік ішінде пайда болады. Яғни қан түйіршіктерімен тамыр өзегі бітеліп қалып, қан тоқтағаннан кейін біраз уақыттан соң, қан қысымы көтерілгенде орнынан қозғалып кетіп, қайталап қансырау басталады. Ерте қайталап қансырау жарадағы микробтар жараны іріңдеткенше пайда болады. Ал қансыраудың кеш қайталап пайда болу себебінің бірі - жараның іріңдеуі. Ірің қан тамырының өзегін балқытып жібергендіктен немесе тамырдың ішіндегі қан түйіршіктерінен пайда болған тромб балқып қайтадан қансырау басталады. Кеш қайталап қансырау операциядан кейін үшінші күні немесе бірнеше жетіден қейін басталуы мүмкін. Қайталап қансыраудың себептері көп, солардың кейбірі: а) операция кезінде жараланған қан тамыры толық байланбауы; е) қан қысымы күрт өзгеріп жоғарылап кету; б) Қан ұюы жетіспегендіктен; в) жарадағы кұрғап, қатып қалған таңғышты қалай болса солай жұлып алу; г) жара төңірегіндегі қан тамырына тромб бітеліп қалып және ол ерігенде, жараның іруі, шіруі, жараға анаэробтық микробтардың енуі, сіңуі; ж) жараның ішінде бөтен заттар-тас, темір, ағаш қалуы және олар қан тамырының қабырғасын көп уақыт жатқандықтан тесіп жіберуі.

Slide 10

Қансыраудың клиникалық белгілері. Қансыраудың белгілері көп-ақ. Қансыраудың белгілері жараланған жердің көлемі, оған байланысты жараланған қан тамыр өзегінің диаметрі. Малдың қансырауына қанша уақыт өтті, қаншалықты қан жоғалтты және жоғалған қан іш құрылымына ақты ма. әлде сыртқа қарай кетті ме, міне осы жағдайлардың бәріне байланысты. Қансыраудың белгілері екіге белінеді. Біріншіден, қанынан айырылған малдың жағдайы нашарлап, өзгерсе, оны жалпы өзгеріс белгілері деп, екіншіден, жара төңірегіндегі өзгерістерді жергілікті өзгеріс белгілері деп атайды. Қансыраудың қай түрінде де көп қан жоғалса, жалпы өзгеріс бірдей болады. Жаңуарлар әлсіреп, мазасызданып, әлсін-әлсін тала береді, көзі қарауытып, сұп-суық қара тер басып кетеді, кілегей қабықтары бозарып, тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы азаяды.

Slide 11

Жергілікті белгілері әр түрлі болады. Бұл белгілерді анықтау үшін қай қан тамырының жараланғанын, ол тамырдың қасында қандай мүше, қуыс, мүшелерінің тұрғанын, қан құйылған жерде қандай органның қаншалықты нашарлап, өзгеріске үшырағанын білу ләзім. Бас сүйектің ішіне қан құйылса, малдың жүйкелері жансызданып, есінен танады. Кеуде қуысына қан қүйылса, малдың тынысы тарылып, кеуденің қан кұйылған жағы дем алу, тыныс алу процесінде артта қалып, кеудеге фонендоскоп қойып тындаса, өкпе қызметінің шуы әлсірегенін байқауға болады. Қан құйылған кезде соның төңірегіне алақанды қойып, оның үстінен саусақпен шертіп байқаса, дыбыстың сау малдыкінен мүлде өзгеріп, тұншығып шығатынын білуге болады. Осы әдіспен қанның кеуде қуысына қаншалықты көп құйылғанын, өкпенің қаншалықты қысылып, тыныс алу процесінен бөлек қалғанын анықтауға болады. Ал осы төңіректі инемен піскілесе, ине кірген жерден кеуде қуысына құйылған қан шыға бастайды. Жүрек қабына қүйылған қан жүректің сыртындағы қапты кеңітіп жібереді. Қан құйылуына байланысты жүрек қызметі нашарлап, күре тамырында қан қысымы жоғарылайды. Жүрек құйылған қанның әсерінен қыспаққа алынып, езіне тән қызметін атқара алмайды. Егер де жедел түрде операция жасап, жүрек қапты тіліп, жиналған қаннан тазартпаса, мал елімге ұшырайды. Жалпы тамыр соғуын санаса жиі келеді, бірақ жүрек теңірегін саусақтармен тоқылдатса, жүрек қабының кеңігенін дыбыстан айыруға болады. Осындай дыбыс өзгеріп, дыбыстың тұншығуы көбейе түседі.

Slide 12

Буынға қан құйылған малдың жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, қансыраудың жалпы белгілері де көзге түспейді. Бірақта қан құйылған буынның көлемі ұлғайып, аяқтарын қозғалтса, ауру үдей түседі, буынына қан құйылған аяқтарды басу ыңғайсыз, мал шыдамайды. Тағы бір белгі - қан құйылған ісіктің екі жағына алақан салып, бір алақанның саусақтарымен ісікті тез түртіп қалса, ісік ішіндегі сұйық екінші қолдың алақанына толқын сияқты келіп соғады. Қарынның ішкі құрылымы, қуыстарының көлемі үлкен болғандықтан іш қуысындағы органдар, олардың қан тамырлары жараланғанда, қансырау белгілері бірдей пайда болады. Іш қуысындағы органдардың ең нәзігі көк бауыр. Көк бауыр жараланғанда да, асқазан- ішектердің қан тамырлары жараланғанда да, іш қуысына көп болып қан қүйылса да, белгілері бірдей - яғни организм қансызданып қалады. Осындай жағдайға іш қуысында орналасқан бауыр, көк бауыр, ұлтабар, ащы ішек пен тоқ ішек, қуық, жыныс мүшелердің құрылымы ұшырайды. Іш қуысына кан жиналғанда, сол жерді басса тұншықпа дыбыс пайда болып, ауру мал түрған орнын ауыстырса, осы дыбыстың естілуі өзгереді. Қарын ішіне қан кеткенде тамыр соғуы және тыныс алуы жиілеп, деміге түседі. Іш қүрылымдары қатты ауырады. Ішек-қарынды басып көрсе, олардың еттері жиырылады.

Slide 13

Пальпация жасап, басып көргенде, анықтауға болатын жерлерге қан құйылған, сол жердің көлемі үлғайып, ісік пайда болады - мұны гематома дейді. Көлеміне байланысты гематоманың бірнеше түрі болады. Терінің әр жерінде нүкте сияқты құйылған қанды - петехия, тері жолақтарын, қан едәуір мөлшерде құйылып көгерген жерді - экхимоз, көлемділеу жайылып, шеттері көрінбейтін белгісіз құйылуды - шёёіЫіо деп атайды. Гематома үлкен болса, ол астында қалған қан тамырын басып, қысып тастайды, содан қан жүрмей қалады да, сол ісіктің төменгі жағын басып қараса, тамыр соғуы жоғалып кетеді. Қан ісігінің бетіндегі тері не көгереді, не бозарып, сүп- суық болып тұрады. Қан ісігі бар жердегі зардап қатты болғандықтан ауру мал шыдай алмай ыңқыддап жатады. Қан ісігі жараланған қан тамырының өзегімен қатынасып тұрса, тамырдың әр соғуына орай қан ісігі де солқылдап тұрғанын байқауға болады. Уақытында, яғни дер кезінде көмек көрсетілмесе, осындай ісік қан тамырды басып, қысып тастайды да, ісіктен төмен жердегі ұлпаларға қорек зат, оттегі келмегендіктен өледі, жансызданады. Қансыраудың сырт түрін білу қиын емес, себебі, шапшып, атқылап тұрған қанды көрген мал дәрігері қай қан тамырының жарақатқа ұшырағанын біледі. Ал қансыраудың ішкі, әсіресе жасырын түрін анықтау оңайға түспейді. Қансыраудың себебін, түрін анықтау үшін, ауру малдың мәліметтерін жинайды, аурудың белгілері, организмнің жалпы жағдайы зерттеледі, сонан соң қарау, тыңдау, лабораториялық және рентген сәулесіне салу әдістерін қолдана отырып, арнайы қосымша бақылау жүргізу диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі. Ауру жануар қан құсса, қүсықтың түріне көңіл бөлген жөн. Мысалы, қызыл қан өзгермей түссе-өңеш қансырап түр, қызыл қан күреңденіп қарақоңыр тартып түссе - асқазан қансырап түр, ал құсықтағы қан қып-қызыл боп, көбіктеніп түссе - ол өкпе жолдарынан акқан қан деп есептеледі. Нәжісін, несепті және артқы аналь тесігінен қып-қызыл қан ақса тік ішек тамырыңан кеткен деп, тік ішектен қаракүрең, өзгерілген қан ақса, ол ұлтабар немесе ішектің басқа белімдерінде күлбірек жара немесе қатерлі ісік бар деген сезімге келтіреді. Олай болса, осындай ауру малға арнайы қосымша зертгеулер жүргізу қажет. Соңғы жылдары қолданылатын арнайы

Slide 14

Қансыраудың мал өміріне қатері. Қансыраудың салдарынан ағзадағы қан азаяды да, торшаларда қан жеткіліксіз келеді. Қансырау еткен уақытына қарай екі түрге бөлінеді. Біріншісі бірден қансырау екінші ол үзақ уақытқа созылған баяу қансырау. Бірден қансырау кезінде мал организмдегі қан гемоглобинінің үштен бір бөлігін жоғалтып алса, уақыт тарлығына байланысты жоғалтқан қанның орнын толтыруға мүмкіншілік болмағаннан өлімге ұшырауы мүмкін. Осындай жағдайда ми да қансызданып қалады. Содан келіп тіршілік өше бастайды. Бірден қансырау салдарынан қан қысымы тез арада төмеңдеп кетеді, қан ішіндегі бояушы қызыл заттың көрсеткіштері де күрт азаяды. Ал ұзақ уақытқа созылған баяу қансырау кезінде мал ағзасы жоғалтқан қанды толықтыруға мумкіншілік алады. Мүндай малдың өз бетімен жүру қабілеті болады. Қансырау жағдайына ұшыраған маддың қанын толтыру уақытқа, аурудың жүрек- тамыр жағдайына байланысты. Әлсіреген, жасы ұлғайған малдың, сонымен қатар өте жас төлдердің жоғалтқан қанын толтыру процесі созылмалы келеді. Қансыраған малдың ағып тұрған қанның операциялық әдіспен тоқтатпаса ол өледі. Қан ұю процесі өзгермеген болса, тамыр өзегінде ұйыған қаннан пайда болып, аққан қан өз бетімен тоқтайды. Қан құю процесі нашарласа, не ауруға шалынса жаралы жерден аққан қанды тоқтату өте қиынға түседі, себебі, жараның көлемі болымсыз болғанның өзіңде ауруды өлімнен алып қалу ең бір қиынға соғатын жұмыс.

Slide 15

Қан тоқтату әдістері. Қансырап тұрған қан тамыры қан ұю процесі арқылы өз бетімен тоқтауы мүмкін. Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша және біржолата тоқтату әдістері болашақ мал дәрігердің хирургиялық білімін, төжірибесін терендете түспек. Қанды уақытша тоқтату әдістері. Жараланған мал қансырап тұрған жеріндегі қанды тоқтатып, сол ауру малға көмек көрсету керек. Уақытша қан тоқтату әдістері неше түрлі кездесіл отырады. а) Қансырап түрған жерді басып, қысып тастайтын таңгыш арқылы аққан қанды тоқтату әдісі. Қансырап түрған жерге дәкені бірнеше қабаттан салып сонымен орап тастау керек. Осылай еткенде ғана тезірек тромб пайда болып, қансырау тоқтайды. Жараға байланатын дәке мата микробтардан таза болу үшін, бұларды алдын-ала үтіктеу керек. Жаралану, жарақаттану ойламаған жерде, аяқ астынан болып қалса микробтардан таза, арнайы заттарды пайдалану керек. ә) Қансырап тұрған артерия қан тамырларын жақын жердегі сүйекке бармақпен басып, ағып тұрған қанды тоқтату әдісі болады. Саусақпен басып қан тоқтату әдісі сирек қолданылады. Себебі, шаршаған саусақты ауыстырған кезде қан шапши береді. Басқа амал болмағандықтан осы әдісті есте сақтаған дұрыс. Қан тамырын сүйекке басқандықтан тамырмен бірге жүйке жүйесі де қатты қысымға түсетіні хақ. Ондайда басып түрған жердің зардабы күшейіп үдей түседі. Дегенмен, бармақпен қан тамырын басу әдісі операция кезінде қолданылады. б) Жараланған малдың шапшып тұрған қан тамырын қысқыш аспаппен қысып, қанын тоқтатады. в) Малдың аяқтарын немесе жараланған жерінен жоғары, бұлшық еттерді сүйекке резеңкемен қыса буса, қансырап тұрған қан тамыры қысылып, аққан қан тоқтайды. Жалпы қан тоқтату үшін орамал, белбеу, резеңке, түтіктер қолданылады. Эсмарх деген хирург, 1873 жылы ширатылған созылғыш резинаны ұсынған еді, қан тоқтату үшін сол құрал күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Slide 16

Қансыруды біржолата тоқтату әдісі. Қансырап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана малдәрігерінің қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді: а) механикалық әдістер; ә) мұздату және ыстық арқылы тоқтату әдістері; б) биологиялық әдістер; в) химиялық әдістер. Қансырап жатқан малдың қанын тоқтату үшін тек бір әдісті қолданып қоймай, жағдайға байланысты малдәрігер бар білімін, тәжірибесін салады. Сонымен қатар қансыраудан пайда болған өзгерістерді емдеуге де кіріседі. Механикалық әдістер. Ұсақ қан тамырлары жараланып, қансырап тұрған шақта жараны таңғышпен қатты қысып байласа, қансырау тоқтауға тиіс. Тоқтамаса паренхиматозды органдар қансырап тұрса, жараны операциялық жолмен тығындап, қан тоқтату үшін жараның аузына сататын кішкене мақта немесе деке тастайды. Дәкені ұзыншалау кесіп, операция кезінде, соны жараға бірнеше қабат қылып бүктеп кіргізеді. Қансырап тұрған жараны тығындау қан тоқтататын әдістің бірі. Паренхиматозды органдардан басқа жатырдан, танау қуысынан, жамбас ішіндегі органдардан қан кеткенде де осындай әдісті қолданады. Тығын ретінде салынған дәке 48 сағаттан кейін алынуы керек. Қанның біржолата тоқтауына осы мерзім жеткілікті.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Қан кетуді тоқтату
Пішуден кейінгі асқынулар және оларды емдеу
Мұрыннан қан кету
Қан кетуді анықтау
ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ
Қан құюдан кейінгі асқынулар
Жараның белгілері
ЖАРАҚАТТАНУ. ЖАРАҚАТТАР ТҮРЛЕРІ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ
АЙҒЫРДЫ ПІШУ ӘДІСТЕРІ
Ұлпаларды ажырату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz