Психопатологиялық синдромдар


Slide 1 Slide 2

Психопатология - психикалық бұзылыстардың заңдылықтары мен табиғатын зерттеу мақсаты болып табылатын психиатрияның бір бөлігі.

Психопатология адамның аурулары жайлы оқытудың бір бөлігі болғандықтан, мұнда жалпы медицинадағы терминалогия қолданады:

симптом,

синдром,

Синдромдардың ауысуы.

Slide 3

Жалпы психопатологияның негізгі бірлігі -

Симптом - бұл патологияға бағытталған әртүрлі науқаста қайталанатын феномен, соңында дезадаптацияға әкелетін психикалық процестердің қалыпты ағымынан ауытқуы.

Симптомдар синдром құрылымында орналасуына байланысты ажыратылады.

Симптом синдром туғызатын облигатты белгі ретінде жеке шығуы мүмкін.

Осылайша, көңіл-күйдің төмендеуі - депрессияның облигатты белгісі, ал фиксациялық амнезия - корсактік синдром кезіндегі орталықтық бұзылыс.

Екінші жағынан, берілген науқаста ауру ағымының ерекшелігін көрсететін факультативті белгілерді де ескеру керек. Депрессиялық синдром құрамындағы психомоторлы қозу мен үрей көріністері негізгі болып табылмайды, бірақ бұл суицидтің белгісі болуы мүмкін.

Slide 4

Синдром пайда болу және науқастың жағдайын сипаттайтын, бір-бірімен тығыз жалпы механизмдер арқылы байланысқан қайталанатын симптомдар жиынтығы.

Синдромдар қарапайым (кіші) және күрделі (үлкен) деп ажыратылады.

Бірінші жағдайға мысал ретінде тітіркенгіштік және шаршағыштықтың қосарлануымен көрінетін астениялық синдромды айтуға болады. Әдетте қарапайым синдромдар жеткілікті нозологиялық спецификалылыққа ие болмайды және әртүрлі аурулардың көрінісі болады - жеңілден (невроздар) бастап, өте қиын патологияларға дейін (органикалық психоздар) .

Егер қарапайым синдром ауыр аурудың инициалды көрінісі ғана болса, уақыт өте келе оның күрделіленуін байқауға болады (сандырақ, галлюцинация, тұлғаның айқын өзгерісі сиақты симптоматиканың қосылуы), яғни күрделі синдромның қалыптасуы.

Slide 5

Продуктивті симптоматика деп (позитивті симптоматика, плюс-симптом) сау адамдарда кездеспейтін, аурудың нәтижесі ретінде пайда болған жаңа феномен, бір жаңа функция деп айтуға болады.

Продуктивті симптоматикаға мысал ретінде сандырақ және галлюцинациялар, эпилептиформды пароксизмдер, психомоторлы қозу, жабысқақ ойлар, депрессия кезіндегі қатты қайғыру сезімі сиақты белгілерді атауға болады.

Негативті симптоматика (дефект, минус-симптом), керісінше, организмнің сау қызметін шектейтін аурудың әкелетін шығыны, қандай да бір қабілеттен айырылу.

Негативті симптоматика мысалына еске сақтау қызметінің (амнезия), интелекттің (кем ақылдылық) бұзылысы, жарқын эмоционалды сезім сезіне алмауы (апатия) жатады.

Slide 6

Невротикалық шеңбердің синдромдарының негізгі ерекшелігі

-бұзылыстар деңгейінің терең болмауы.

-психикалық бұзылыстарға критикалық қарым-қатынас сақталады.

-аурудың бар екенін түсінеді.

-невротикалық синдромдар құрылымында ес бұзылысы, сандырақтық ойлар, галлюцинациялар, кемақылдылық, маниакальді жағдайлар, ступор, қозу сиақты бұзылыстар болмайды.

Slide 7

Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар:

гиперстениялық

гипостениялық

Slide 8

Тітркендіргіштік

Эмоциялық лабильділік және әлсіздік

Гипобулия

Ес қабілетінің бұзылуы

Метеопатия

Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы - инверсия)

Ойлаудың бұзылуы

Slide 9

Физикалық астения

Шаршағыштық

Пессимизм

Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

Ұйқышылдық. Демек таңертең әлсіздік, ұйқыдан нәр алмауы, баста ауырлық сезімнің сезінуі.

Slide 10

Соматикалық аурулар ( жұқпалы және жұқпалы емес)

Интоксикация

Органикалық және эндогенді психикалық аурулар ( шизофрения, эпилепсия)

Невроздар

Slide 11

Обсессивты синдром

Оған тән:

Көндіру еске алулар

Қозғалыс ритуалдары

Антипатияны көндіру сезімі

Кездесуі ( фобиясыз) :

Психопатия

Торпидты ағымындағы шизофрения

Мидың органикалық бұзылыстары

Slide 12

Психика, моторика, сезім, сөйлеу және сомато-вегетациялық бұзылыстармен сипаталатын синдром. Мұнда негізгісі өзіне көңіл аударту. Оған келесі бұзылыстар тән:

Психика бұзылыстары ( астения, субдепрессия, амнезия, фобия, ипохондрия, эмоция әлсіздігі)

Қозғалыс бұзылыстары ( классикалық үлкен истериялық ұстама, истериялық парез бен параличтер, ступор, контрактура, абазия, астазия, дисфагия)

Сезімнің бұзылыстары ( анестезия, парестезия, амавроз, гемианапсия, скатома, адигестия)

Сомато-вегетациялық бұзылыстар ( асқазан-ішек трактінің парезі, іш қату, анорексия, метеоризм, жүрек айнуы, бас айналуы, синкопалды жағдайлар, кардиалгия, акроцианоз, кейде викарлы қан кетулер жыныстық әуестіктің бұзылуы, жалған жүктілік сезімі )

Slide 13

Шизофрения

Истериялық невроздар

Мидың органикалық аурулары

Төтенше жағдайлар

Реактивты психоздар

Slide 14

Ипохондриялық синдром - болмашы себептермен өзін ауру санап және өз денсаулығына қатты көңіл бөлу.

Осы жағдайда дененің әр түрлі бөліктерінде ауырсыну сезімдері жеңіл пайда болады(сенестопатии) .

Ипохондриялық синдромға клиникалық көрінісінде өз денсаулығына байланысты ешқандай негізсіз үрейлі уайымдаудың басым болуы тән, үрей дәрежесі үлкен болғандықтан, бұл уайымдар сандыраққа айналады.

Slide 15

Ипохондриялық сандырақ кезінде науқастар өзінде ұятты және ауыр, өмірге қауіпті-обыр, ЖИТС, мерез сиақты аурулар бар екеніне сенімді болады, сондықтан олар өздерін тексеру мен емдеуді талап ете отырып дәрігерлерге жиі барады. Тексеріс нәтижелері теріс болса, науқастар дәрігердің олардан нақты диангозды жасырып тұрғанына одан әрі көзі жетеді немесе дәрігер компетенттілігі жеткіліксіз леп есептейді. Ота жасаудан бас тартуды ауру қатты асқынған және сауығуға енді үміт жоқ деп бағалайды, осының нәтижесінде науқастар суицидке барады.

Мұндай денсаулығына байланысты уайымдар денсаулығына қатты алағдайтындығымен ерекшеленетін үрейленгіш тұлғаларда жиі дамиды.

Slide 16

Қазіргі жіктелуінде осы синдромдарында 3 түрлі параметір жатыр:

Ақауларға қосылған ( депрессивті, маниакалді, аралас )

Синдром құрылымы ( гормониялық- дисгармониялық, типты- атипты )

Көрініс дәрежесі ( психотикалық және психотикалық емес)

Slide 17

Типтік ( гармониялық) синдромдарға міндетті түрде келесі триада тән:

Эмоция патологиясы ( депрессия, мания )

Ассоциативты үрдіс ағымының өзгеруі ( тездетілуі немесе баяулауы)

Қозғалыс- ерік бұзылыстары ( ступор, субступор, қозу, гипобулия, гипербулия)

Осында негізгісі- эмоцияның бұзылыстары боп табылады.

Slide 18

Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т. б. ) негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән.

Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу) .

Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады. Түрлері:

Классикалық

Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды)

Slide 19

Оған тән:

депрессивтік триада

Көңіл-күйінің төмендеуі

Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию

Моторлық мелшию

Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы

Гипобулия

Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну)

Соматикалық бұзылыстар ( шырышты қабықшаларының құрғақтылығы, тахикардия, іш қату, мидриаз, артериялық қысымның жоғарлауы, дене салмағының азаюы )

Кездесуі:

Эндогенды депрессиялар (МДП, шизофрения)

Slide 20

Ол депрессияның әлсіз психотикалық емес варианты. Типтік түрлері:

Астено-субдепресивты ( психикалық және фихикалық әлсіздік, эмоциялық лабилділік, психикалық гиперстенция)

Адинамиялық субдепрессия ( көңіл- күйінің төмендеуі, адинамия, абулия)

Анестетикалық субдепрессия ( пессимизм, аффективты резонансты өзгеріс, көңіл- күйінің төмендеуі, симпатия және антипатиялық сезімнің жоғалуы)

Slide 21

Үрейлі депрессия

Депрессиялық- сандырақтық синдромы

Апатиялық депрессия

Лавирленген субдепрессия

Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады.

Slide 22

Оған тән:

Маниакалды триада:

Көңіл-күйінің жоғарлауы

Ойлаудың тездетілуі

Психомоторлық қозу

Оптимизм

Ұлулық сандырағы

Гипербулия

Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ)

Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі )

Slide 23

Шизофрения

Циклофения

Эпилепсия

Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар

Slide 24

Деперсонализация сөзіне өзіндік сезінудің бұзылысы, МЕНінің өзгеру, жоғалту, бөтенсіну және екіге бөлінуі (раздвоение) сезімі деген анықтама беріледі.

Жеңіл жағдайлар жайлы айтар болсақ, науқастар ішкі өзгерістердің пайда болуын байқайды; нәтижесінде олар ойлары мен сезімдерінің өзгергені, «басқадай» болып кеткені, бұрыңғы ға ұқсамайтыны жайлы айтады.

Ауыр жағдайларда науқастар сезімдерін жоғалтқаны жайлы айтады, не бақыт, не мұңды сезбейтініне сендіреді. Біреулерде ол осы жоғалту қиналу сезімімен қатар жүрсе (anaesthesia psychica dolorosa), екіншілерінде қиналу сезімі болмайды (anaesthesia psychica) .

Деперсонализация келесідей көрінуі мүмкін:

Өз сезімдерін, ойлардын, іс-әрекеттерін жатырқау, яғни өзіндік МЕН-нін бөтенсуі.

Өте ауыр жағдайда өзіндік МЕН-нің жоғалу сезімі байқалады, өзінің бар екеніне күмәнданумен қатар жүреді.

Slide 25

Науқастар қоршаған әлем және айналасын анық, қабылдамайды, олар оны түссіз, тұнып тұрған, жансыз, декоративті және мүмкін емес нәрсе деп түсінеді. Өзін қоршағанадамдардың беті мен заттарды сезімдік қабылдау жойылады олар абстарктілі, сезімдік компоненттен айырылғандай болып көрінеді.

К дереализации относятся явления

«бұрын көрген" (deja vu),

«бұрын естіген" (deja entendu),

" бұрын сезінген және басынан өткерген" (deja vecu) және «ешқашан көрмеген" (jamais vu),

«ешқашан естімеген" (jamais entendu),

«бұран сезінбеген және басынан өткермеген" (jamais vecu) .

Жиі уақытты қабылдау бұзылады, науқастарға ол ақырын жүріп жатқандай немесе ерекше тез өтіп жатқандай болып көрінеді.

Slide 26

дисморфоманиялық (дисморфофобиялық) синдром деп науқастың басты уайымы физикалық кемшілігінде немесе сүйкімсіздігінде болғанда және ол туралы ой шынайы бірақ шын мәнінде жоқ ақауға (аздаған артық салмақ, әлсіз көрінетін беттің ассиметриясы) қатты уайым түрінде көрінетін жеңіл бұзылысқа (қорқыныш, жабысқақ және аса құнды ойлар) әкелуі мүмкін болғанда айтамыз.

Шынайы негіздемеден айырылған сандырақ ойлар

Қатынастық ойлар (айналасындағы адамдар оның ақауын байқап, жасырын мазақ қылып жүргендей сезімнің пайда болуы),

Көңіл күйінің жабырқау болуы

Slide 27

Оған міндетті түрде тән:

Псевдгаллюцинациялар

Әсер ету сандырағы

Психикалық автоматизм

Идеаторлы

Сенсорлы

Моторлы

Slide 28

Шизофрения

Интоксикациялық және соматикалық аурулар

Slide 29

паранойяльды синдром

параноидты синдром

парафренді синдром

Slide 30

Паранойяльді синдром - бір тақырыпты сандырақ және жоғары дәрежелі жүйелілікпен сипатталады, аңду, қызғану, қызғану, кейде ипохондриялық, пәлеқор, зиян келтіру сандырақтар жатады.

Галлюцинациялар болмайды.

Сандырақ қабылдаудың қателіктерімен емес, шынайы деректерді паралогиялық түсінік беруден пайда болады.

Аса бағалы ойлардың ұзақ уақыт болуы кейде паранойяльды сандырақтың манифестациясына алып келеді.

Шизофрения, инволюционды психоз және паранойяльды психопатияның декомпенсациясы кезінде болады. Шизофрения кезінде паранояльды синдром ары қарай дамып паранойдты сандыраққа ауысуы мүмкін.

Slide 31

Паранойдты синдром галлюцинацияның болуымен сипатталады, жиі псевдогаллюцинация мен жүйеленген аңду ойлармен кездеседі.

Галлюцинацияның пайда болуы әсер ету сандырағының (жиі улану) пайда болуын анықтайды. Науқастар үшін әсер етудің белгісі иемдену сезімі (психикалық автоматизм) болып табылады.

Сонымен қатар, паранойдты синдромның негізгі көріністері психикалық автоматизм синдромы Кандински - Клерамбоға сәйкес келеді. Соңғысына улану сандырағы мен шынайы иіс сезу мен дәм сезу галлюцинациямен бірге жүретін паранойдты синдром нұсқасы жаттпайды.

Паранойдты синдром кезінде сандырақ ыдырап парафренді синдромға ауысады.

Паранойдты синдром параноялдіге қарағанда жақсы емделеді.

Slide 32

Парафренды синдром - келесідей сипатталады

Фантастикалық, жөнсіз ұлылық ойлар

психикалық автоматизм мен көңілі жай немесе көтеріңкі көңіл күй (эйфория),

әсер ету сандырағы мен вербальды псевдогаллюцинация.

Сонымен қатар, парафренді синдромды психикалық автоматизм синдром дамуының соңғы сатысы деп қарастыруға болады.

Науқастарға қазіргі уақыттағы оқиғаны фантастикалық талдау ғана емес, ойдан шығарылған еске түсіру (конфобуляция) тән болады. Науқастар бұған ерекше шыдамдылық танытады, себебі өздерін ерекше санайды. Науқас айтқандары бұрын болған құрылымынынан айрылып, кей науқастарда сандырақ жүйесінің ыдырауы байқалады.

Параноидты шизофрения кезінде парафренді синдром психоздың соңғы сатысы болып табылады.

Органикалық аурулар кезінде парафренді сандырақ (ұлылық сандырағы) интеллект және естің өрескел бұзылыстарымен үйлеседі.

Slide 33

Оған міндетті түрде тән:

Псевдгаллюцинациялар

Әсер ету сандырағы

Психикалық автоматизм

Идеаторлы

Сенсорлы

Моторлы

Slide 34

Кататони́калық синдро́м - негізгі клиникалық көрінісі қимыл бұзылыстары болатын психопатологиялық синдром (синдромдар тобы) . Катотониялық синдром құрамынада катотониялық қозу және катотониялық ступорды бөледі.

Slide 35

Кататониялық қозудың үш түрін ажыратады:

Абыржу - патетикалық қозу- біртіндеп дамитын шамалы қозғалыс және сөйлеу қозуымен сипатталады. Сөзінде көп өтірік пен эхолалияда болуы мүмкін. Көңіл - күйі жоғары, бірақ, гипертимия сипатында емес экзальтация, кезеңді түрде себебсіз күлкі байқалады. Симптоматикасы жоғарлаған кезде гебефрениялық - гебефренно-кататониялық қозу пайда болады. Импульсивті әрекет болуы мүмкін. Сананың бұзылысы байқалмайды.

Импульсивті кататониялық қозу жедел дамиды, қимылы қарқынды, жиі дөрекі және бүлдіргіш, коршаған ортасына қауіпті сипатта болады. Сөйлеуі жеке сөйлемдер мен сөздерден тұрады, эхолалия, эхопраксия, персеверация тән. Осы кататониялық қозу түрінде шегіне жетіп айқындалғанда қимылдары хаотикалық, хореиформды сипатқа көшіп, науқастар өзін -өзі зақымдауға бейім болады

Мылқау (үнсіз) қозу - хаотикалық, мағынасыз, мақсатқа бағытталмаған агрессиямен қозу, ашуланып қарсыласады, өзіне және басқаларға ауыр қауіп төндіреді.

Slide 36

Кататониялық ступор

Кататониялық ступор қозғалыстың тежелуімен, үнсіздік пен бұлщық ет гипертониясымен сипатталады. Бөгеліп қалған күйінде науқастар бірнеше апта мен айлар тұра алады. Қызметтің барлық түрі бұзылады, сонымен қатар инстинктивті. Кататониялық ступордың барлық үш түрін ажыратады:

Жоғары иілгішпен ступор (каталептикалық ступор) науқастың ұзақ уақыт бойы өзі немесе оған біреу берген қалыпта, тіпті өте ыңғайсыз. Қатты дауыспен сөйлеуге әсер бермеуі мүмкін, бірақ сыбырлаған дауықа жауап береді, түнгі тыныштық жағдайында кенеттен шегіндірілген тежелу болып байлынысқа түсе алады.

Негативті ступор қозғалыс тежелуімен, науқастың тұрақты оның қалпын өзгертетін әрекетке қарама- қарсылығымен сипатталады.

Мелшиген ступор айқын қозғалыс тежелуімен сипатталады. Науқастарда ұзақ уақыт бойы эмбрион қалпы және “ауалы жастық” симптомы байқалады.

Slide 37

сананың өшу синдромдары:

Есеңгіреу

Сопор

Кома

Сананың алжасу синдромдары:

Делирий

Аменция

Онейроид

ымырт

Slide 38

Сананың өшуі - есеңгіреу - әр түрлі тереңдікте болуы мүмкін, осыған байланысты келесі терминдер қолданылады: “обнубиляция” - бұлдырау, тұнжырау “сананың бұлттануы”; “есеңгіреу”, “сомнолентті” - ұйқышыл.

Сопор - естің жоқ болуы, сезімнің жоқ болуы, патологиялық ұйқы, терең есеңгіреу, осы синдромдар шеңберін аяқтайды.

кома - милық жетіспеушіліктің ауыр дәрежесі.

Slide 39

делирий - сананың алжасуы шынайы көру галлюцинация мен иллюзиялармен басым, қорқу, қозғалыс қозуы басым болатын аффект өзгерістері. Делирий - сана- сезім бұзылысының ең жиі кездесетін түрі. Делириде уақытқа, айналасына бағдары бұзылады, тұлғалық бағдары сақталған. Көптеген иллюзиялар мен шынайы галлюцинациялар (көру, есту, тактильды) байқалады. Науқастар үрей мен қорқынышты сезеді. Науқастар оларды аңдыған галлюцинациялардан қашуға тырысады, оларға шабуыл жасайды, пышақпен қорғануға тырысады, ауыр заттарды лақтырады, терезеден секіріп кетуі мүмкін.

Сананың аментивтік бұлыңғырлануы сөздің, маториканың байланыссыздығымен сасқалақтаумен көрінетін сананың бұлыңғыр түрі. Ауыр және ұзақ соматикалық және инфекциялық ауруларда пайда болады. Науқастардың көңілі өзгермелі: біресе төмендеген - үреймен, біресе жоғарылаған - мақсаттанған, біресе - немқұрайлы.

Slide 40

Онейроидтық синдром - фантастикалық көру, жүретін, түс тәрізді сананың алжасуы. Уақытқа, айналасына бағдары бұзылады. Тұлғалық бағдары сақталады. Делириден қарағанда бұл өте терең сананың алжасуы. Басынан күрделі фантастикалық уайымды кешуімен ерекшеленеді, соғыс сахнасы, әлемдік апат, басқа планетаға ұшу, уақыт машинасымен өткен кездерге саяхат жасау, жұмаққа немесе тозаққа бару.


Ұқсас жұмыстар
Сананың өшу синдромдары
Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомлекс астениялық синдром
Аффективты синдромдар
Клиникалық бағыттар
Аурудың психожарақаттаушы фактормен байланысына негізделген невроздардың диагностикалық критериялары
Синдромдар мен симптомдар, диагноз түрлері
АФФЕКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАР
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
АИВ - ИНФЕКЦИЯ
Ноцицепциялық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz