Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тексерген: Тойкина Гульсара Нуралыевна

Орындаған: Дүйсенбеков Рауан

Тобы: ВМ - 503

Семей қаласы

2018 жыл

Slide 2

Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы

Slide 3

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды

Slide 4

КІРІСПЕ

Дәрі және у туралы ұғым. Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе майлар, т. б. ) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады. Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен шығарылатын химиялық заттар жатады.

Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.

Slide 5

Суспензия - қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0, 1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.

Slide 6

Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді.

Slide 7

Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.

Slide 8

Суспензиялардың табиғаттағы алар орны ерекше. Айталық геологиядағы және жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, әзен сулары арнасы-нан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты дене-ге айналады.

Slide 9

Сол сияқты суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түрлі құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі қолданылатын цемент пен ізбестің судағы “ерітінділері” де суспензия; саз балшықтын судағы суспензиясы керамика өндірісінін, негізгі шикізаты.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Суспензияларға жалпы сипаттама және дайындау технологиясы туралы
Суспензияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Технология лекарственных форм
Дипломалды тәжірибе есебі
Арақ өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
Сүрлем дайындау технологиясы
Өте ұсақ ұнтақтарды дуст дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Шөптен сүрлем дайындау және дайындау технологиясы
Пестицидтермен улану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz