Вакциналар: тарихы, түрлері және қолданылуы


Slide 1

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым минстрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Вакциналар

Орындаған:Сапарағали А. С

Тобы:ВМ-503

Slide 2

Жоспары:

*Кіріспе

*Негізгі бөлім

*Қорытынды

*Пайдаланылған әдебиеттер

1) Тірі вакцина

2) Өлтірілген Вакцина

3) Химиялық вакцина

4) Ассоциацияланған Вакцина

Slide 3

1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Slide 4

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарларорганизміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Slide 5

Тірі вакцина

Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Slide 6

Өлтірілген Вакцина

Өлтірілген Вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Slide 7

Химиялық вакцина

Химиялық вакцина - микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер- улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 - 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.

Slide 8

Ассоциацияланған Вакцина

Ассоциацияланған Вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 - 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Slide 9 Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер

Google жүйесі

Slide 11

Соңы!

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Вакциналар: классификациясы, өндіріс технологиялары және қолданылуы
Вакциналар: түрлері, профилактикалық екпелер кестесі, енгізу тәсілдері және Манту сынамасы
Вирусқа қарсы вакциналар: түрлері, алу әдістері және сапа мен қауіпсіздік талаптары
Нивелир: тарихы, түрлері және қолданылуы
Вакциналар мен профилактикалық екпелер: түрлері, енгізу тәсілдері, Манту сынамасы және поствакциналық реакциялар
Картографиялық жұмыстардың түрлері, тарихы және қолданылуы
Ағзаларды клондау: түрлері, тарихы, медициналық қолданылуы және этикалық аспектілері
Конденсаторлар: тарихы мен теориясы, түрлері, жалғануы және қолданылуы
Ашытқы биотехнологиясы: тарихы, түрлері және өндірістік қолданылуы
Мектептік зерттеу: Ара балы - тарихы, түрлері, құрамы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz