лануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері. Зооцидтер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Улануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері.
Зооцидтер .

Орындаған:Тұрсынова Д.С

Тексерген:Билялов Е.Е

Семей 2017
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Алгашқы көмек дәрігер келгенге
дейінгі
Улануды емдеу
Уды жою әдістері
Уланудың алдын алу
Зооцидтер
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
“У” дегеніміз –тірі ағзалармен өзара әсерлесуге
түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық
құбылысты тудыратын немесе өлімгедұшар ететін
кез келген химиялық зат.
Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары,
тері бет, кілегей қабықтар арқылы түседі.
Улану- жануарлар ағзасына әртүрлі заттардың әсері
нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай.
Улану,басқа жұқпалы аурылардан айтарлықтай
ерекшеленетін категорияға жататын ауру жіті улану
күтпеген жерден болады. Сондықтанда улануды
емдеу шешуші рөл атқарады. Алғашқы көмек
уланған жануарға дер кезінде көрсетілуі керек.
Алгашқы көмек дәрігер
келгенге дейінгі
Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату
Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету
Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар
Сақтық шаралар жүргізу
Жануарға көп мөлшерде су беру
Жануарды қорадан таза ауаға алып шығу
Дәрігер келуін тездету керек
Улануды емдеу
Жануарлардың ағзасындағы уды әртүрлі әдістермен
бейтараптандыруға болады.
Құсу актісіне тән жануарлардың ағзасын улы
заттардан босату мақсатында құстыратын заттар
беру, зонпен жуу,руменаторлық заттар арқылы
босатуға болады.
Асқазанда улы заттардан тазалағанымен онда удың
аз мөлшерде қалыпқалатындығын естен шығармау
керек.
Ағзада улы заттардың әсерін жою үшін асқазан ішек
жолдарындағы сорылуын азайтып,құрамында
кілегейлі,крахмал, ақ затты және сүті бар препарат
қолдану керек. Бұндай препараттар асқазан ішек
жолдарын жұқа кілегейлі қабықпен қаптап удың сіңуін
төмендетіп, әртүрлі тітіркенулерден және күйдіретін
әсеріннен қорғайды.
Уды жою әдістері

Уды жоюдың 2- әдістері бар:

Физикалық –улы заттардың
адсорбциясы
Химиялық- улы заттардың
құрамының бұзылуы
Улы заттардың
адсорбциясы
Адсорбция- асқорыту жүйесіне улы
заттардың сіңуін айтарлықтай немесе
толығымен тоқтатып тастайтын физикалық
әдіс. Адсорбентті заттар удың құрылысын
бұза алмасада,қолданғанда,олардың ағзаға
әсерін тежейді.
Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбентің
бірі- белсендірілген көмір.қарындағы уға
қарағанда оның ішектегі уға әсері әлсіз.
Сондықтан мал уланғаннан кейін біршама
уақыт өтіп кетсе, адсорбентермен қатар іш
өткізгіш дәрі берсе ем нәтижелі болары сөзсіз.
Улы заттардың
құрамының бұзылуы
Улы заттардың құрамының бұзып,ыдыратып, уытты
әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар қабылдайды.
Қазіргі кезде уға қарсы заттар антидоттар деген
жалпы атпен кең тараған.
Фосфорорганикалық және карбанатты
пестицидтерден уланғанда: атропин сульфаты,
тропацин, фосфолитин, дипироксин, диэтиксим,
дипраксим антидоттар көмегімен уланудың бетін
қайтаруға болады.
Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда:
токоферол, ацетатының антидоттық әсері өте жоғары.
Ауыр металдан уланғанда: унитио, пеницилламин
әсері “у “қайтарғыш.
Уланудың алдын алу
Ауыл шаруашылығын жапай химияландыру жағдайында
малдардың, балықтардың, құстардың және бал
араларының улануының алдын алу- мал дәрігерінің және
басқада мамандардың біліктілігін көрсететін
міндет.Мамандар тыңайтқыштың қолдану уақытын,ағзаға
әсерін және қауіптілік деңгейін білген жөн.
Пестицидтермен өңделген жайылымдарда малдарды жаю
25 күннен кейін жүргізілуі керек. Пестициттер сақталатын
қоймалар, тыңайтқыштарды себетін құрал- жабдықтарды
машиналарды балық шаруашылығы орналасқан жердегі
су көздерінен 2000м қашықтықта, елді мекендерден
суаттардан 2000м қашықтықта орналасқан дұрыс.
Улы химикаттарды далада, егіс алқабында және басқа
орындарда қараусыз қалдыру тиым салынады.
Қолданылмаған химикатты қалдықтарды қоймаларға
қайтару керек немесе оларды инсрукцияға сай жою керек.
Ондай улы заттарды жоятын жер, ағын су, мал
жайылатын жерлерден алыс болуы шарт.
Зооцидтер

Зооцидтер- қора жайылымдарда,
қамбаларда және егістіктерде
тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы
қолданылатын препараттар.
Зооцидтер химиялық құрамына
байланысты 2ге бөлінеді:
Органикалық зооцидтерге- зоокумарин,
ратиндан, бактокумарин, крисыд,глифтор
және т.б жатады.
Бейорганикалық зооцидтерге- барий
карбанаты, мырыш фосфиті және т.б.
Олардың ішінде зоокумарин,
бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиті
кеңінен таралған. Олардан улану көбінесе
шошқалармен құстарда жиі кездеседі,
сонымен қатар уланған кеміргіш
өлекселерді жеген ит- мысықтар кездеседі.
зоокумарин

Зоокумарин – ақ түсті, иіссіз,
дәмсіз,суда нашар ериді, спиртте,
ацетонда жақсы ериді,ұзақ
сақталатын ұнтақ . Өте уытты.
Зоокумарин –кумулятивті
антикоагулянт, өсімдіктерге ұқсас ,
қанның ұюын төмендетеді.
Патогенезі, клиникалық белгілері,
патологиялық- анатомиялық
өзгерістері, емі түйежоңышқамен
Бактокумарин

Бактокумарин- құрамында
зоокумариннің натрилі тұзы және сүзек
ауруының бактериалды культураларымен
өңделген дәндерден тұратын кешенді
препарат, зооцид ретінде жиі
қолданылады, ауыл шаруашылық
малдары үшін қауіптілігі онша емес.
Қанның ұюын нашарлатады, ақ түсті,
иіссіз, кристальды ұнтақ, уытты әсері бар.
Күшті әсер ететін кумулятивті зооцит.
Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.
Қолданылған
әдебиеттер:
Е.М.Қорабаев,
Н.А.Заманбеков...”Токсикология”,А-
2011
Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату
Зооцидтер
Зооцидтерден улану патогенезі
Эндовидиохирургия
Емдік - профилактикалық және диеталық тамақтану
Жұқпалы аурулар
Хирургиялық науқастардағы су – электролиттік бұзылыстар және инфузионды терапияның принциптері
ҚАРТ ПАЦИЕНТТЕРДІ КҮТУ ЖОСПАР
Екіншілік профилактика
Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі
Пәндер