Жүрек қан тамыр жүйесін тексеру әдісі


Slide 1

СӨЖ

Орындаған:Дүйсенбеков Р.

Тобы:ВМ-503

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Семей 2017

Тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесін тексеру әдісі.

Slide 2

Жоспары

Жүрек - қан тамырлар жүйесі

Үлкен және кіші қан айналым шеңбері

Журектің құрылысы

Жүректің қызметі

Slide 3

Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызметі, морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы жүрек. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капиляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капиляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім - ангиялогия.

Slide 4

Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа болып басталады. Артерия қан тамырлары денеге қанды тарқатады. Вена қан тамыры қанды денеден жинап жоғары және төменгі қуыс вена болып, оң жақтағы жүрекшеге құяды. Сол қарыншадан қолқа болып басталып, оң жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс веналар түрінде құятын қан айналуының тұйық жүйесін “үлкен қан айналым шеңбері” деп атайды. “Кіші қан айналым шеңбері” оң қарыншадан өкпе сабауы түрінде басталады. Өкпе сабауы екі өкпе артериясы түрінде өкпенің қақпасы арқылы кіреді. Өкпе артериялары, артериолаларға одан капилярларға тармақталып, оттегіге байып, екі өкпеден қанды жинап, екі өкпеден төрт вена қан тамырлары шығып, қанды жүректің сол жүрекшесіне құяды. Жүрек пен өкпенің арасындағы қан айналу жүйесі “кіші қан айналым шеңбері”деп аталады.

Slide 5

Қан айналым шеңберлері.

1. Қолқа

2. Жоғарғы қуысты вена

3. Төменгі қуысты вена

-Артерия қаны

-Вена қаны

Ұлпада газ алмасу:

ұлпада-О2

венада-СО2

Slide 6

Топографиясы:

Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүрек көкіректің үштен екі бөлігінде дененің орта сызығынан - солға, ал үштен бірі оңға ауып, II - V қабырғанын араығында орналасқан.

Slide 7

Жүрек (сердце, соr) - ырғақты жиырылып босаңсуы нәтижесінде қанды венадан тартып алып, артерия қан тамырына айдайтын бұлшық етті тақ мүше. Жүректің пішіні конусқа ұқсайды. Конустың ұшы төменге солға-алға, табаны жоғары-артқа оңға қараған.

Жүректің негізі (основание сердце, basis cordis) кеуденің ортлық сызығынан 8-9 см сол жақта, V-ші қабырға аралығына дейін жетеді. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы ер адамдарда - 300 г, ал әйелдерде - 250 г, орташа ұзындығы - 13 см, ені 10, 5 см, қалыңдығы - 7 см.

Slide 8

Жүрек шекаралары:

1. Жүрек ұшы-сол ортаңғы бүғанааралық сызықтан 1, 5-2см медиальды, V қабырға аралықта.

2. Жоғарғы шекарасы (негізі) - III жұп қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегі.

3. Сол жақ шекара- жоғарыдан төмен доға тәрізді сызықпен III сол қабырға шеміршегінен басталып, жүрек ұшына дейін.

4. Оң жақ шекара- жоғарыдан төмен IIIоң қабырға шеміршегінен төс сүйегінің оң жақ жиегімен IV оң қабырғааралыққа дейін.

5. Төменгі шекарасы-оңнан солға қарай қиғаш IV оң жақ қабырға аралықтан жүрек ұшына дейін.

Slide 9

Жүрекшелерге қанның келуі

Қарыншаларға қанның келуі

Slide 10

Оң жүрекше - артында кеңейген, алдында тарылған. Жоғарғы артында жоғарғы қуыс вена төменгі жағынан төменгі қуыс вена(v. cava inferior) құйылады. Жүректің алдына қарай шыққан қуыс өсінді оң құлақшаға жағасады. Оң және сол құлақша қолқаның негізін, өкпе сабауын қоршап тұрады. Оң жүрекше мен қарыншаның арасында тесік бар. Тесікті үш жақтаулы қақпақша жауып тұрады. Қақпашаның жармаларының орналасуына байланысты алдыңғы(cuspus anterior), артқы(c. posterior) және аралық(c. septalis) болып бөлінеді. Олар эндокардтың тығыз дәнекер талшықты тінінен пайда болған қатпарлар. Қақпаша қанды жүрекшеден қарыншаға өткізіп, оны кері ағудан сақтайды.

Slide 11

Оң қарынша - сол қарыншадан ет пердесімен бөлінген. Оның қуысы екі бөліктен тұрады. 1. Артқы қарынша бюстығы. 2. Артерия түтігі. Оң қарыншаның артерия түтігі бөлігінде ет трабекулалары бар. Артерия ішкі бетінде үш бұлшық ет өсіндісі - емізік бұлшық еттері орналасқан. Олардан жармаы қақпашаларға сіңір талшықтары тартылған. Қан оң қарыншадан өкпе сабауының тесігі(ostium trunci pulmonalis) арқылы өтеді. Оң қарынша мен өкпе сабауының арасындағы тесікті жарты ай тәрізді қақпаша (valvula semilunaris dextra) жауып, қанды кері ағудан сақтайды.

Slide 12

Сол жүрекше - оң жүрекшеге ұқсас арты кеңейген, алды тарылған. Кеңейген бөлігіне төрт өкпе венсы құяды. Бұл веналар арқылы жүрекке артерия қаны құйылады. Жүрекше қарынша тесігі арқылы қан жүрекшеден қарыншаға өтеді. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасындағы тесікті екі жармалы (vaiva atrioventricularis sinistra, mitralis) жауып тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жолдарының аурулары
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Баладағы жүрек ақауларының белгілері
Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Науқасты аспаптық тексеру әдістері
Бас ауру
Интегралдық және аймақтық реография
ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ. ҚАН АҒАТЫН ТҮТІКШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
Қанды ұйытатын қан жасушалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz