Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: «Эмульсияларды дайындау технологиясы
және жалпы сипаттама»
Орындаған: Кумарханова А.Е
Тобы : ВМ-503
Тексерген: Тойкина Г.Н
Семей 2018ж
ЖОСПАР:
1. Эмульсияға жалпы сипаттама
2. Эмульсиялардың тұрақтылығы
3. Эмульсиялардың бөлінуі
4. Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы
5. Ұрықтық және майлық эмульсияларды дайындау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік
қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін,
терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық
түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б.
өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және
сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың
жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын
тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін
шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн
ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің
алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады.
ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Эмульсиялардың түрақтылығы жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Сүт тағамдарьш
сақтағанда, түрлі салқындатқыш сусындар мен балмұздақты даярлағанда эмульсиялардың тұрақтылығы
ескеріледі. Кейбір жағдай-ларда эмульсия тұрақтылығы нашарлап, құрамындағы сұйық фа-заларды жеке
бөліп алуға тура келеді. Мысалы, мұнайды өңдеуден бұрын, оның құрамындағы эмульскялық бөлшек
ретінде таралған суды немесе табиғи каучукті, шырын құрамындағы суды бөлу ка-жет. Сол сиякты май
мен судан тұратын сүттен сары майды, кай-мақты бөліп алу үшін, әрине эмульсияны бұзады.
Эмульсиялардың кинетикалық турақтылығы ондағы бөлшектео-діңөлшемімен сипатталады.
Эмульсиялардағы бөлшектердің өлше-мі мен массалары коллоидты ерітіндідегіден едәуір артық. Сон-
дықтан да эмульсиялардың кинетикалық тұрактылығын сипат-тайтын бөлшек санының
(концентрациясының) биіктікке қатынасы коллоидты ерітіндідегіден үлкен. Көптеген эмульсиялардағы
дис-персті фазаньщ тығыздығы дисперстік ортаның тығыздығынан аз болатындығын ескерген жөн.
Мұндайда эмульсиядағы бөлшек-тер тұнбаға түспестеп, сұйық бетіне қалқып шығуға тырысады. Әрине,
осындай кезде дисперстік фазадағы бөлшектердің концен-трациясы оның төменгі жағынан гөрі
жоғарысында артықтау бо-латыны даусыз. Мысалы, сүтті сактағанда, әсіресе, қайнатқаннан кейін оның
бетінде каймакты кабат пайда болады. Әдетте, эмульсиялардың дисперстілік дәрежесіне тәуелді бола-тын
седиментациялық тепе-теңдік жағдайындағы ауысу жылдам-дығы коллоидты ерітіндідегіден артық.
Эмульсиялардың тұракты-лық дәрежесі түрліше мәнде болады, олар агрегативті тұрғыдан тұрақсыз.
ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫ АГРЕГАТИВТІ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ЕКІ ТОПҚА БӨЛЕДІ:
Сұйытылған Концентрлі
Концентрленген эмульсияларда дисперстік фазаның
Бүкіл эмульсия көле-міндегі дисперсті фазаның
көлемі үлкен болуы мүмкін. Монодисперсті
үлесі 0,1%-тең аспайтын болса, оны бі-рінші эмульсиялардағы дисперсті көлеміңе 74%-ін алады.
топқа, яғни сұйытылған эмульсиялар тобына Бірақ, кейде мұндай эмульсиялар әрі полидисперсті,
жатқызады. Бұран бу машиналарындағы әрі дисперсті фазаны құрастыратын тамшылар түрлі
минералды майлардың конденсатта-ғы күш әсерінен түрін өзгер-тіп, майысатындықтан,
эмульсиясы мысал болады. Мүндай оның көлемі 99%-ке, кейде 99,9%-ке жетеді.
эмульсиядағы дисперстік фаза тамшысының Концентрлі эмульсиялар бөлшектің электр заряды
бетінде адсорбцияланған иондардың болуы болса да тұрақсыз болады. Эмульсиялардың
оны коалесценциядан сақтайды. Сондай-ақ, тұрақтылығын арттырып, коалесценция құбылысын
болдырмау үшін оларға эмульгатор деп аталатын
эмульсияның электрокине-тикалық потенциалы
заттар қосады.
айтарлықтай жоғары болса, онда мундай
жағдайда да коалесценция процесі жүрмейді.
ЭМУЛЬСИЯЛАРДЫҢ БҰЗЫЛУЫ МЕН АЙНАЛУЫ
Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйық эмульсияларды бұзу үшін, оларға шамалы ғана
электролит қосса жеткілікті, осы кезде эмульсияның электрокинетикалық потенциалы төмендеп, ол
оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын конденсатты эмульсияны бұзу үшін, оған
алюминий сульфатын А12(SО4)з қосады. Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кері ион
ролін алюминий немесе сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшіь оған беттік
активті заттарды деэмульгатор ретінде қосады. Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш
ас тұзын қосып шайқаса, М/В тектегі ақ түсті сұйық эмульсия түзіле-ді. Гидрофилді ас тұзының
орнына гидрофоб-ты кальций хлоридін қосса, В/М тектегі ашық сары түсті, түтқыр эмульсия пайда
болады. Егер осындай ас тұзымен тұрақтандырылған М/В тектегі эмульсияра кальций хлориді мен ас
тұзыньщ сәйкес 5: 1 мөлшерін қосса, онда эмульсия В/М тектегі эмульсияға айналады. Ал кальций
хлориді мен ас тұзы мөлшері сәйкес 4 : 1 болса, онда эмульсия тұрақсыз бо/ лады. Мұндай майдың
орташа тамшысыь да судың бірнеше түйіршіктері пайда лады. Онан әрі осы судың әрбір тамшы-
сында май түйіршіктері пайда болуы мумкін
ҰРЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МАЙЛЫҚ ЭМУЛЬСИЯЛАР
Ұрықтық шын эмульсия төмендегі жолмен дайындалады. Керекті мөлшерде ұрықты ступкада үнтап, аз
ғана су қосып араластырады. Қалған суды біртіндеп қосып, ступкадағы затты ұдайы пестикпен үйкеп,
араластырып біркелкі сүт тәрізді сұйық жасайды. Сонсоң кенеп немесе екі қабат марля арқылы сүзеді.
Сонымен, ұрықтық эмульсиялар жасағанда ұрықтардан май, шырыш т.б. белок, ағаш шырышы, желім
сыяқты эмульсияғыш заттар алынады. Егер эмульсия нағыз қабығы бар ұрықтардан (миндаль ұрығы)
жасалатын болса, онда алдын ала оларға ыстық су қосып, олардың қабығын жоқ қылады, тек содан
кейін ғана жоғарыда көрсетілген тәсілмен эмульсия жасайды.
УЛЬТРАЭМУЛЬСИЯ
Қазіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын,
немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп
жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада
арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады;
олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай
эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора
майының судағы ультраэмульсиясының – Emulsum Camphorae
oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді;
оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және
тері астына жіберу үшін жасап шығарады.
Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме
температурасындай жылылықта сақтайды.
ЭМУЛЬСИЯ АЛУ ҮШІН ЖАЗЫЛҒАН КҮРДЕЛІ РЕЦЕПТ M.F.EMULSUM ФОРМУЛАСЫМЕН АЯҚТАЛАДЫ.
РЕЦЕПТ ҮЛГІЛЕРІ:
Итке:
Итке:
Rp.: Emulsi ex seminis Lini 400,0 Rp.: Seminis Lini 40,0
Aduae destillatae ad 400,0
D. S. M. f. emulsum
D. S.
Егер эмульсияның кейбір компоненттерінің қатынасын өзгерту қажет болса, онда оның құрамына кіретін
заттар түгелдей тізіліп жазылады. Ең тұрақты эмульсия 2 бөлек май мен 1 бөлек эмульгатордан жасалады:
Сиырға:
Rp.: Olei Ricini 20,0
Gelatosae 10,0
Aquae destillatae ad 200,0
D. S.
Эмульсия құрамына бұдан басқа заттар кіретін жағдайда, фармакологиялық әсеріне қарап, оларды яки
рецептінің басына яки аяғына жазу керек.
Шошқаға:
Rp.: Emulsi oleosi 200,0
D. S.
ҚОРЫТЫНДЫ
Эмульсияларды агрегативті тұрақтылығына орай үлкен екі топқа бөледі: сұйытылған және концентрлі. Бүкіл
эмульсия көлеміндегі дисперсті фазаның үлесі 0,1%-тен аспайтын болса, оны бірінші топқа, яғни сұйытылған
эмульсиялар тобына жатқызады. Бұған бу машиналарындағы минералды майлардың конденсаттағы эмульсиясы
мысал болады. Мұндай эмульсиядағы дисперстік фаза тамшысының бетінде адсорбцияланған иондардың болуы оны
коалесценциядан сақтайды. Сондай-ақ, эмульсияның электрокинетикалық потенциалы айтарлықтай жоғары болса,
онда мұндай жағдайда коалесценция процесі жүрмейді. Концентрленген эмульсияларда дисперстік фазаның көлемі
үлкен болуы мүмкін. Монодисперсті эмульсиялардағы дисперсті көлемнің 74-ін алады. Бірақ, кейде мұндай
эмульсиялар әрі полидисперсті, әрі дисперсті фазаны құрастыратын тамшылар түрлі күш әсерінен түрін өзгертіп,
майысатындықтан, оның көлемі 99%-ке, кейде 99,9%-ке жетеді. Концентрлі эмульсиялар бөлшектің электр заряды
болса да тұрақсыз болады. Эмульсиялардың тұрақтылығын арттырып, коалесценция құбылысын болдырмау үшін
оларға эмульгатор деп аталатын заттар қосады. Эмульгатор ретінде молекула құрамындағы полюсті және полюссіз
тобы айқын көрінетін беттік активті заттар мен жоғары молекулалық қосылыстар қолданылады. Мысалы жоғары
молекулалық қосылыс өкілі – белок сұйық фазаның кішкене тамшысының беткі қабатына адсорбцияланады және ол
осы сәтте екі жақты байланыстыратын жұқа қабықша түзеді. Ал мұндай қорғаушы қабықшасы жоқ өзге тамшылар
бірімен-бірі түйіскенде тез бірігеді, яғни коалесценция құбылысы жүреді. Ендеше, сольватты қабат пен кішкене
тамшы арасындағы жұқа қабықша оларды өзара бірігіп, коалесценцияланудан сақтайды. Эмульсиядағы шар тәрізді
тамшы үстіне адсорбцияланған беттік активті заттардың молекулалары өздерінің полюсті жағымен полюссіз сұйыққа,
ал полюссіз жағымен полюсті сұйыққа бағытталып орналасады. Мұның нәтижесінде тамшы үстінде екі өлшемді,
құрылымдық кристалл тәрізді қабықша пайда болады. Бұған кәдімгі сабын көбікшелері мысал болады. Суды қаншама
көпіртсе де, сабын болмаса ондай көбік тұрақсыз және сол сәтте-ақ жойылады. Ал, сабын көбігінен түрлі өлшемдегі
шар үрлеуге болады және олар едәуір механикалық әсерге шыдайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиеттер
1. Мұхамбетов Д.Д., Мингилев В.П. Жалпы рецептура, Ақмола, 1996ж.
2. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М.1996
3. Н.Н: Ахметсадыков, Д.М. Хусаинов Технология лекарственных веществ, Алматы 2004г
Қосымша әдебиеттер
4. Грецкий В.М., Хоменок В.С., Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных
форм. М.1991
5. Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,22 М.1991
НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz