Зооцидтер: түрлері, уыттылығы, патогенезі, клиникалық-патологиялық белгілері және емі


Slide 1

СӨЖ

Орындаған: Өмірәлі Елдос

Тобы: ВМ-501

Қабылдаған: Билялов Е. Е.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Зооцидтер.

Семей 2018 жыл

Slide 2

Жоспар:

Зооцидтер туралы түсінік.

Зооцидтердің түрлері.

Зооцидтердің уытты мөлшері.

Патогенезі.

Клиникалық белгілері.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

Емі.

Қорытынды.

Slide 3

Зооцидтер туралы түсінік

Зооцидтер - қора-жайларда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жоюға арналған химиялық препараттар.

Slide 4

Зооцидтердің түрлері

Slide 5

Зооцидтер

Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселеді жегенде кездеседі.

Slide 6

Зооцидтер

Көмірқышқылды барий, ба рий карбонаты, ВаСо - сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.

Slide 7

Зооцидтердің уытты мөлшері

Оның құстар үшін уытты мөлшері 0, 4-0, 7 г, ал тышқандар үшін 0, 12-0, 2 г. Көмірқышылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30 г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.

Slide 8

Патогенезі

Қарында барий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы канға тез сіңеді. Барий иондары ішкі мүшелердің бірыңғай саласы бұлшық еттерінің тонуысын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді. Осыған байланысты жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.

Slide 9

Клиникалық белгілері

Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады. Яғни, үрейлену, сілекей ағу, құрсақ қуыстарында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттердің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім тууы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды.

Slide 10

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер

Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.

Slide 11

Емі

Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1 %-ды ерітіндісімен қарынды тазалап алып, артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10 %-ды натрий сульфаты ерітіндісін ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.

Slide 12

Қорытынды:

Зооцидтер - қора-жайларда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жоюға арналған химиялық препараттар.

Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселеді жегенде кездеседі.

Көмірқышқылды барий, ба рий карбонаты, ВаСо - сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер:

Е. М. Қорабаев, Н. А. Заманбеков, Ә. М. Өтенов, Б. Д. Айтжанов, Н. К. Көбдікова, А. А. Байниязов “Токстикология”, Алматы 2011 жыл, 48-79 беттер аралығы.

Slide 14

Рахмет


Ұқсас жұмыстар
Зооцидтер және малдарда уланудың патогенезі, клиникалық белгілері мен емі
Жануарлардағы гастрит: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Малдардағы экзема: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Жануарларда плеврит пен кеуде аурулары: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және емі
Аусыл ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагнозы, емі және алдын алу
Анемиялар: патогенезі, түрлері және клиникалық-патологиялық сипаттамасы
Анемия: түрлері, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Геморрагиялық инсульт: патогенезі, патологиялық анатомиясы, диагностикасы және емі
Цианокобаламин (В12) тапшылығы жануарларда: патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Ветеринариялық периоститтер: түрлері, патогенезі, клиникалық белгілері және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz