ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ



Орындаған: ИСиС 15-1қ тобының
студенті Несіпбаев Олжас
Тексерген: Қазақстан тарихы пәнінің
оқытушысы Нұртазаева А. Б.

ТАҚЫРЫБЫ:ҚАЗАҚ -ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ

ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3. Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.

1635 жылы Монғол мемлекетінің 2-ге бөлінуінен Жоңғар мемлекеті құрылды. Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) .
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес XV ғ. бастап басталды.

Жан -жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 ж. ж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізеді.
Олар 1717 ж. жазда Аягөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.

XVII-XVIII Ғ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕРИТОРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ

1643 ж. Жазында қазақ қолын Жәңгір мен Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы 600 қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартсын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткеншетаудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған Ор-бекінісіне шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кейін шегінді.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды. Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды.

Жоңғар феодалдарының қазақтарға шапқыншылығы Цеван-Рабдан қонтайшы(1697-1727) билік еткен кезеңде күшейді. 1723 ж. ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне жойқын шапқыншылық жасады. Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті. Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.

Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Бахадүр хан; 1693-1748) - 1718-1748 ж. ж. билік құрған Кіші жүз ханы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.

1726 ж. Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болады. Осында үш жүздің баласы бір бәтуәға келіп, жауға қарсы бірге аттану керек екендігін түсінеді. 1728 ж. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз жасақтары Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында “Қара сиыр” деген жерде қалмақтарға қарсы ойсырата соққы берді. Бұл шайқас кейіннен “Қалмақ қырылған” соғысы деп аталды.

1730 ж. көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл кейін “Аңырақай” деп аталып кетті. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.

Абылай (Әбілмансұр, 1711-1771) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Абылайдың әскери қабілеттілігі, қолбасшылық қабілеті 30-40 жылдардардағы шайқастарда ерекше көрінеді. 1741-1742 ж. ж. аралығында жоңғарлардың қолында тұтқында болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz