Қазақтың салт-дәстүрлері
Презентация қосу
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдени мұрасының
сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қазіргі өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге қазақ
халқының салт – дәстүрлерін ұмыттырмай, ұрпақтан –
ұрпаққа жеткізу.
Қазіргі заманға сай етіп салт – дәстүрлерді кеңінен
насихаттау.
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке
байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс
еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты
бейімделіп келеді.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын,
тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.
Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың
мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі.
Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты,
сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай
Ата-ананы құрметтеу,үлкенді сыйлау, адалдық,
әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық
дәстүрлерге жатады.
Отау
Қыз Қырқына Сыңсу
көтеру
көші н шығару
Сәукеле
Жасау
кигізу
иткөйле
Айттыру
к
Бесікке Құйрық
салу бауыр
Күйеу Келін
кеиімі түсіру
Атбайла
Қыз р
Қоштасу
ұзату
Бауыры Есік
тыштырма на салу ашар
Той сыралғы
малы
той
Тоқым
Қыз қағар
қашар
Үй Қалың
Беташар
көрсету мал
Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып
есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін
көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін
елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің
тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады.Ол
бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы
бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар
қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі
сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады
Тұсау кесу – бала
тәрбиесіндегі әдет-ғұрып,
ырым. Баланың аяғын
жіппен немесе қойдың
піскен майлы ішегімен
тұсап, бала-шағалы, аяғы
жеңіл, ақкөңіл адамға
кескізеді. Тұсау кесу
құрметіне тағам
дайындап, көршілерді
жинап, жеңіл-желпі
құрмет көрсетіледі. Тұсау
кескен адамға сыйлық
беріледі. Тұсауды ала
жіппен кесу көне шаман
дінінен қалған.
«Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан
балаға ат қойып, бата беруді өтінеді». Қазақ халқының ғұмырында
жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі.
Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”,
“Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар осы сандық ұғымынан
пайда болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі.
Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық
бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен
әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады.
Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға
орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан
баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі
кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін,
әке-шешесінің айттыруға қарсы емес екендігін
біледі. Содан кейін қызды ресми түрде айттырады.
Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың
есімін ататады.Той қамы, басқа да әртүрлі
жол-жоралғы осы жолы кесіледі.
«Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе».
Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт
дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда
болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы
сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай
тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар
ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың
заңды белгісі құжат болып бекітілген.
«Халқымызда тұрмыс салт жырларының
ең көп тарағандарының бірі сыңсу».
Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанр
алдында ағайын туғандарын аралайды.
Былайша айтқанда қоштасады (Бірақ бұл
дәстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп
ағайындарын аралап жүрген қыз жәй
жүрмейді. Ол өзінің балалық дәуренінің, оң
жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің
өткендігін, аяулы ата анасының,
туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі
еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай
өлең жырды сыңсу дейді.
Қоштасу қазақ халқының
бауырмалдық, әншілік, айтқыштық
қабілетін көрсететін тұрмыс салт
жырларының ішінде көркем де
көрнекті дәстүр. Ұзатылатын қыз өз
үйінен аттанар алдында өзінің ата
анасымен, аға інісімен, сіңлісі,
жақын жуықтарымен қоштасу
жырын айтады.
«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі
әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан
әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды.
Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне
қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан
да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар
және күйеу жолдас болады. Солтүстік және Орталық
Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте
кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық
рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар
құданы үйіне шақырады.
Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар ау» (жар жар).
Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде
қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле
әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық
өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап
өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та
қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле
кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар
шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле
байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек
ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық.
Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі
келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін
ашқандай әсер етеді.
Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық
халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде
той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз
ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз
ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан
күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі.
Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену
тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар
ұйымдастырылады.
Қорытынды:
Қазақ халқы салт –дәстүріге, әдет –
ғұрпытарға өте бай халық. Бұл дәстүрлердің
бәрі ата – бабаларымыздан келе жатқан
дүниелер. Бұлар уақыт өткен сайын, әр заманға
сай өзгеріп, жаңарып отырған. Осы салт –
дәстүрлерімізді біз ұмыттырмай, ары қарай
кеңінен насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа
жеткізуміз керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz