Атырау облысы өңіріндегі қой шаруашылығы


Slide 1

Тақырыбы: Атырау облысы өңіріндегі қой шаруашылығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

Орындаған: Ғалымжанова А. Б 14-47

Қабылдаған: а. ш. ғ. к., аға оқытушы Жұмағазиева С. М

Slide 2

Қазақстан дүние жүзінде бірінші рет етті-жүнді бағыттағы биязы жүн қойды алды. Қазақстан әлемде бірінші рет қазақ биязы жүнді қойының негізінде будандастыру жүргізіп, қазақ-арқар меринос қойын алды.

Міндет - осыны жоғалтып алмау және ғалымдардың көп жылғы еңбектерін бағалай білу.

Slide 3

Бүгінде ауылдың ахуалын жақсарту, аграрлық саланы өркендетуге үкімет тарапынан кең қолдаумен қатар, қомақты қаржы да бөлініп келеді. Атырау облысында да ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша тұрғындардың жалпы санының 51, 4 пайызы ауылдық жерлерде тұратын Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені аймақтағы экономиканың маңызды секторларының бірі болып табылады.

Бүгінде қой шаруашылығы - отандық агробизнестің негізгі бағыттарының бірі. Ет пен жүн экспорттау ісінде біршама ілгерілеу бар.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі берген мәліметтеріне сүйенсек 2017 жылы қой мен ешкінің мал басы саны 24 млн 209, 4 мың басты құраса, ал 2018 жылы 19 млн 54, 069мың бас құрады.

К і р і с п е

Slide 4

Атырау облысындағы қой шаруашылық жағдайы

«Жаңа таң» ЖШС-і «Қаракөл» қойын өсіретін асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық,

«Еділбай» тұқымды қойын өсіретін «Сүйіндік» ЖШС,

«Құрманғазы» ӨК, Еділбай» тұқымды қойын өсіретін

«Мақаш» ӨК асыл тұқымды мал өсіретін зауыт,

«Ақжонас» ЖШС асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық

«Жасқайрат» ЖШС етті-майлы-құйрықты «Атырау» тұқымды қойын өсіретін асыл тұқымды мал өсіретін зауыт .

Құрманғазы ауданында асыл тұқымды мал өсіру жұмысы жанданып, бұрын ондай 4 мекеме болса, қазір олардың саны 6-ға жетті. «Мақаш» ӨК 2008 жылғы көрмеде еділбай тұқымды мал өсіруден бірінші орынға шықты. Облыстағы 19 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылымдарында соңғы мәліметтер бойынша қой - 93083 басқа жетіп, жалпы мал басына шаққанда қой - 15, 5 пайызды құрап отыр. Асыл тұқымды мал өнімінің өткізіліп, сатылуы: қой еті- 45 тн.

Slide 5

Соңғы жылдары Республикада еділбай, қылшық жүнді қазақи қой басын көбейту беталысы бар, оның ішінде асыл тұқымды қолда бар қойдың 55%-ы еділбай және олардың будан қойлар үлесінде немесе 53, 4 мың қой басы, Атырау облысы бойынша барлық қой малы бас санының 7%-ын құрайды, осының арқасында өңір Республика бойынша алғашқы орындаға ие болып отыр.

Осыған орай Қазақстанның бас өңірінің, атап айтқанда Атырау облысының еділбай тұқымды қойлардың өнімділігін отандық еділбай селекциясының жоғары өнімді құйрықты тұқымының тұқымдық қошқарларын пайдалана отырып жақсартуды ғылыми негізге қою өзекті мәселе болады.

Аталған қой тұқымын өсіру бойынша ірі ауыл шаруашылығы құрамалары «Құрманғазы», «Ақжонас», «Мақаш», «Сүйіндік» асыл тұқымды мал зауыттары және «Нурет» асыл тұқымды мал шаруашылығы болып табылады, олардың эксперименталды отарларында енесінен айыру кезінде қозылардың жеке бастары 45-48 кг дейін жетеді, 1, 5 жаста сәйкесінше 65-70; 50-55 кг; ал ересек тұқымдық қошқарлар тірі салмағы 100-110 кг, аналықтар 65-75 кг болады.

Қазіргі таңда 7 асыл тұқымды мал шаруашылығы («Сағыз», «Есбол» ЖШС, «Жарсуат», «Жаңатаң», «Жасқайрат», «Жігер», «Тасшағыл» асыл тұқымды мал шаруашылықтары) жаңа типтер мен желілерді жасау және одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Саны бойынша каракөл қойларының үлесі облыстың асыл тұқымды қой басының 30%-ы немесе 29, 8 мың бас, бұл облыстың барлық қой басының 4%-ын құрайды.

Slide 6

Аймақтар

Шаруашылықтардың барлық санаттары

Соның ішінде

ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

шаруа немесе фермер қожалықтары

жұртшылық шаруашылықтары

2018 жыл

2017 жыл

2018 жыл 2017 жылға пайызбен

2018 жыл

2017 жыл

2018 жыл 2017 жылға пайызбен

2018 жыл

2017 жыл

2018 жыл 2017 жылға пайызбен

2018 жыл

2017 жыл

2018 жыл 2017 жылға пайызбен

Қазақстан Республикасы

2 281 795

2 299 424

99, 2

13 960

14 387

97, 0

619 099

616 241

100, 5

1 648 736

1 668 796

98, 8

Ақмола

41 439

39 190

105, 7

1 619

1 571

103, 1

3 656

3 624

100, 9

36 164

33 995

106, 4

Ақтөбе

137 790

132 868

103, 7

703

613

114, 7

35 061

32 673

107, 3

102 026

99 582

102, 5

Алматы

415 799

413 692

100, 5

2 639

3 144

83, 9

129 835

129 964

99, 9

283 325

280 584

101, 0

Атырау

109 165

99 966

109, 2

851

772

110, 2

33 732

27 995

120, 5

74 582

71 199

104, 8

Батыс Қазақстан

197 673

192 185

102, 9

159

188

84, 6

73 213

70 296

104, 1

124 301

121 701

102, 1

Жамбыл

254 349

253 650

100, 3

20

42

47, 6

67 064

62 649

107, 0

187 265

190 959

98, 1

Қарағанды

183 546

187 296

98, 0

573

574

99, 8

88 370

90 518

97, 6

94 603

96 204

98, 3

Қостанай

81 320

79 223

102, 6

1 435

1 421

101, 0

17 649

18 540

95, 2

62 236

59 262

105, 0

Қызылорда

160 261

167 054

95, 9

85

65

130, 8

19 518

21 328

91, 5

140 658

145 661

96, 6

Маңғыстау

86 653

86 907

99, 7

248

93

2, 7 есе

32 042

31 705

101, 1

54 363

55 109

98, 6

Оңтүстік Қазақстан

302 897

296 315

102, 2

1 086

464

2, 3 есе

20 559

16 420

125, 2

281 252

279 431

100, 7

Павлодар

60 550

68 592

88, 3

3 970

4 635

85, 7

17 083

19 592

87, 2

39 497

44 365

89, 0

Солтүстік Қазақстан

13 738

13 971

98, 3

-

15

-

514

642

80, 1

13 224

13 314

99, 3

Шығыс Қазақстан

235 444

267 913

87, 9

572

790

72, 4

80 781

90 273

89, 5

154 091

176 850

87, 1

Астана қаласы

270

42

6, 4 есе

-

-

-

22

22

100, 0

248

20

12, 4 есе

Алматы қаласы

901

560

160, 9

-

-

-

-

-

-

901

560

0, 0

Slide 7

Атырау қойы (атрауская порода овец) - тегене құйрықты елтірілік қой тұқымы. Әрі етті, әрі майлы, әрі елтірілік өнімімен ерекшелінетін дүние жүзінде теңдесі жоқ қой тұқымы. Жаңа тұқым ретінде 1998 ж. қабылданған. Атырау қойы қазақтың тегене құйрықты қылшық жүнді қойы мен еділбай қойының саулықтарын, қаракөл қойының сұрхандария және қарақалпақ сұрының қошқарларымен күрделі будандастыру жолымен шығарылған.

Атырау қойы қазақы қойдың тегене құйрығы мен дене бітімін қаракөл қойдың елтірілік қасиетін үйлесімді берік ұштастыруы нәтижесінде, нарық сұранысының өзгеруіне сәйкес қажетті сапалы ет, жүн немесе жоғарғы сапалы көп түрлі-түсті сұр елтірі өндіруіне болады. Жүні ақшыл сұр, әр түрлі түске бояуға келетіндіктен кілем тоқуға қолайлы. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген.

Slide 8

«Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу және тоқыма фабрикасы

Бұл кәсіпорын жүнді жуып, одан әрі өңдеу арқылы дайын өнімге жеткізетін ел аумағындағы жалғыз, бірегей орын. Мұнда жылына 350 тонна қой және 150 тонна түйе жүні өңделеді. 400 мың метр дайын түрлі жамылғылар шығаруға қауқарлы. Болашақта табиғи таза жүннен тоқылған маталардан киім тігу де жоспарланып отыр.

Атырауда қазір қара қойдың 438 мың басы бар. Оның әр қайсысынан 2 келі жүн қырқылса, жылына 1 мың тоннадан астам жүн жиналады. Ал бұған дейін шаруалар жүнді қайда жіберерін білмей дал болды. Қызылқоға ауданына барар жолдың бірнеше шақырымына батпақты болмас үшін де төселіп келді.

Slide 9

Фабрика өнімдерге тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де сұраныс бар. Қазірдің өзінде италиялық Whiteblack Di Luca Mattia Bezzi компаниясымен фабриканың дайын өнімдерін өткізу жөнінде келісім-шарт жасалған. Фабриканың өнімдері ішкі нарықты жоғары сапалы және қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етіп, өңірлік жеңіл өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосады.

Жүн жуу цехына құрал-жабдықтар «» компаниясынан, тоқыма цехы үшін жаңа технология итальялық VICOTEXSRL компаниясынан келісім шартпен алынған.

Ішкі нарық қажеттілігін өтейтін өнімдердің сапасы өте жоғары. Жүннен тоқылған бұйымдар табиғи таза, жайлы және жеңіл. Өндіріс мал жүнін кәдеге жаратып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартады.

Slide 10

Қазақ ұлтынан шыққан жалғыз үш мәрте Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Қазақстан Рес­публикасы Ұлт­тық ғылым ака­демиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылым­да­рының докторы, профессор Хисметолла Үкібаев.

1968-1971 жылдары Мәс­кеу қа­­ла­сындағы Бүкілодақтық мал шаруа­шы­лығы ғылыми-зерт­­теу инс­титутының ас­пи­­ра­н­турасын­да оқып, «Бу­дан қа­ракөлшілер алу әдіс­­те­месін ше­шу» ғылыми та­қы­­рыбы бой­ын­­ша зерттеу жұ­мыс­та­рын ака­демиктер В. Юдин, Н. Гиги­ней­­швилидің жетекшілігімен Аты­рау об­лы­сының Ембі ау­да­­нында жүр­гізеді

Ол жылдары Қаракөл ша­руа­­­шы­лығы ғы­лыми-зерт­теу инсти­ту­тына жоғары шенді офи­церлердің бас киімін тігетін көк түсті қаракөл елтірісін өндіретін қой тұқымын шы­­ғару бойынша мемлекеттік тап­­сырыс берілген болатын. Осы тап­сырманы орындау үшін «Гурь­ев» асыл тұқымды әр­түрлі көк қой ша­руа­шы­лығында жоғары дәре­же­лі се­лекциялық жұмыстар ұй­ымдастырады.

1980 жы­лы «көгілдір реңді» қой тұ­қы­­мы­ның гу­р­ьевтік (аты­раулық) зауыттық тү­рі шы­ғарылады. Бұл жұмысты ол 1974 жылы Аты­рау облысының Қызылқоға ау­да­нын­дағы құй­рық­ты қазақы қой өсі­­ретін «Қы­зылту» кеңшарында бас­­та­ды.

1991 жы­­­лы Одақтың мем­лекеттік ко­­мис­сиясының қоры­тын­ды­сы­мен қаракөл қойының Қа­за­қы сұр тұқымды түрі бекіті­ліп, авторлық куәлік алынды да, ел­­тірілері

Өңірде қаракөл қойының шығарылуы

Slide 11

Селекционеры из Атырау выращивают овец и баранов, способных в весовой категории поспорить с молодыми коровами, сообщает 24. kz. По данным телеканала, вес этих овец знаменитой едильбаевской породы варьируется от 100 до 150 килограммов. С каждого животного можно получить до трех килограммов шерсти.

Как отмечается, каждая процедура взвешивания в атырауских фермерских хозяйствах происходит с большим трудом. Чтобы взвесить одну овцу, необходимы усилия сразу троих мужчин.

Овцы этой породы могут круглый год самостоятельно добывать корм в степи. Они одинаково хорошо переносят как аномальную жару, так и 40-градусные морозы. Эти факторы значительно облегчают их содержание.

Slide 12

Атырауская область начнет экспорт овец в ОАЭ

Госпрограмма «Сыбаға» помогает возрождать хозяйства крестьянам. В Атырауской области зафиксирован рост поголовья овец. Только в прошлом году на развитие животноводства в регионе направили миллиард тенге.

Поголовье овец растет и в других крестьянских хозяйствах области, достигнув 556 тысяч. Это на четверть больше, чем три года назад. Помогла государственная программа: только в прошлом году на развитие животноводства и овцеводства крестьяне получили миллиард тенге. Многие фермеры подходят к делу с научной точки: покупают маточное поголовье нетрадиционных для региона пород, например, цигайской, представители которой могут набирать вес до 100 килограммов, или тонкорунной эверест. И если сбыт шерсти для крестьян раньше был проблемой, то открытие в Атырау фабрики по переработке овечьей шерсти ее решило. Развиваются и международные связи - часть мяса отправляют в Россию.

А недавно область заключила договор с Арабскими Эмиратами, туда отправят 2 тысячи голов ягнят.

Slide 13

«Алтын асық» бағдарламасы үлкен мүмкіндік

Қойдың санын өсірумен қатар сапасын жоғарылату үшін үкімет «Алтын асық» бағдарламасын қабылдады.

Бағдарлама мақсаты: Етті және етті-майлы бағыттағы ҰМ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету.

Нысаналы мақсаты: ҰМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін кәсіпкерлерді қаржыландыру.

Бағдарламаның несиесі арқасында фермерлер еліміздегі қой басын көбейту, қой еті өндірісін арттыру және ата кәсіп қой шаруашылығындағы жүн мен тері секілді шикізат түрлерін де дамытуды қолға алған.

Slide 14

2010 жылы ғалымдар республика бойынша қой шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын жасады. Оны жүзеге асыру үшін 2016 республикалық қой шаруашылығы палатасы құрылды.

«Қой шаруашылығы палатасы ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылға дейінгі қой шаруашылығын дамыту, оның өнімдерін өңдеу туралы шеберлік жоспары шеңберінде пайда болды.

Палатаның жарғысы елбасының 2015 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан Республикасы бойынша қой шаруашылығы палатасын құру туралы» жарлығында көрсетілген талаптарға сай құрылды.

Қазақстан Республикасы бойынша

қой шаруашылығы палатасы

Палатының ақпаратына сәйкес, 2017 жылы еліміздегі 18 млн қойдың 11 миллионы ауыл тұрғындарының қолында. 734 мың қой ірі шаруа қожалықтарына тиесілі. 6 млн қой шағын шаруа қожалықтарына тиесілі.

Slide 15

Республикалық қой шаруашылығы палатасының төрағасы Досымбеков

Тынышбай Досымбекұлы

Қой шаруашылығы палатасы

«биязы жүн»,

«биязылау жүн»,

«қылшық жүн»,

«ұяң жүн»

деп бөлінетін қой өнімдеріне қатысты 4 палата құрып, барлығын бір орталыққа біріктірді.

Slide 16

“Жетісу асыл тұқым” дистрибъютерлік орталық

Қазір қой тұқымын асылдандыру “Жетісу” асыл тұқымды орталығы арқылы жүзеге aсырылып жатыр. Қазіргі уақытта шетелдік инсвесторлармен бірігіп, 5 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы мен 3 қой сою бекетін салу жоспарланған. Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам асыл тұқымды қой бар деп айтылады.

Бүгінгі таңдағы талап бойынша асыл тұқымды саналуы үшін қойдың 3 атасын тіркеу керек. Яғни, қойдың аталық және аналық жағындағы үш атасы асыл тұқымды болуы керек. Дәлелдейтін құжат болмаса субсидия берілмейді.

Селекциялық жұмыс үшін субсидия былтыр саулық үшін - 1500 теңге болса, биылдан бастап оның көлемі 3000 теңгеге өсті.

(Талдықорған қаласы, Еркін ауылы)

Slide 17

Мемлекет мал басын арттыруға мүдделі


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Газ өңдеу өнеркәсібі
Атырау тарихы
Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
АРХЕОЛОГИЯ
АРХЕОЛОГИЯ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫ
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Ауыл шаруашылығының даму процессі
Экономикалық аудандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz