Сүт өнімділігін арттырудың инновациялық жолдары




Презентация қосу
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Сүт өнімділігін арттырудың
инновациялық жолдары

Орындаған : Ғалымжанова А.Б ТППЖ 1 курс (қой шаруашылығы)
Тексерген: а.ш.ғ.к.,аға оқытушы Исабекова.С.А
МАЛДЫҢ СҮТТІЛІГІ

Әр түрлі мал түлігінің сүттілігі бірдей деңгейде
болмайды. Мысалы, бүкіл тіршілік еткен уақыт ішінде орта
есеппен сиыр 20 — 30 мың кг сүт берсе, бір жылда орта
есеппен қойдан 500 кг, ешкіден 450 — 550 кг, биеден 1000
— 3000 кг, аруанадан 750 — 2000 кг-ға жуық сүт сауылады.
Әр түрлі аймақта өсірілетін мал тұқымының сүттілігі
түрліше болады. Өйткені, жайылым, күтім ерекшелігіне
(малды дұрыс азықтандыру, зоотехникалық талаптарға сай
бағу, мезгілімен суалдыру, т.б.) сауу әдісіне, жасына қарай
малдың сүттілігі өзгеріп отырады. Малдың сүттілігі
төлдегеннен кейін біртіндеп көбейеді. Оның ең жоғары
тәуліктік көрсеткіші — төлін емізіп жүрген кезінде 2 — 3
айында байқалады. Ал буаз малдардың жатырынан
бөлінетін гормондар әсерінен, буаздық мерзімі ұлғайған
сайын, Малдың сүттілігі төмендейді. Малдың сүттілігі —
тұқым қуатын тұрақты белгі.
СҮТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕІ

Сүттілікті анықтаудың 2 әдісі бар.
• Малдың желінінде қалатын сүт мөлшерін ескере отырып, сауу —
сүттілікті тікелей анықтау әдісі;
• Төлдің тек ене сүтімен қоректенетін кезіндегі салмақ өсімін арнайы
коэффициенттерге көбейту — сүттілікті жанама анықтау әдісі.
Мысалы, 20 күндік қозының салмағын 5-ке көбейту арқылы
саулықтың сүттілік шамасын анықтайды.
Cүт майының пайызын анықтау
Сауу маусымындағы сүт майының пайызын анықтау үшін:

а) сиырдың айлық сүтін майының пайыз көрсеткішіне көбейте
отырып, оның айлық мөлшерін бір пайыздық сүтке айналдыру
қажет;
б) бір пайыз сүт мөлшерінің қосындысын маусымдық
көрсеткішіне бөлу арқылы табылады.
в)Сүттің жалпы майлылығының сандық көрсеткішін кг бір
пайыздық сүт қосындысын 100 – ге бөлу арқылы табады.
Сиырдың бір маусымдағы сүтін бақылауды сауу арқылы анықтау.

Сүт фермаларында сиырдың сүттілігін анықтау үшін бақылау
сауу жүргізіледі. Әдетте оны әр он күндік бойынша, айына үш рет
жүргізеді.

1)Жалпы бақылау сауудағы сүттің мөлшерін білу қажет.
Маусымдық бақылау сауудың барлық санын анықтау.
2) Бақылау сауудағы алынған барлық сүтті оның жалпы санына
бөлу арқылы орта бақылау сүт мөлшері анықталады.
3)Сиырдың сауу маусымындағы сүтін анықтау үшін, бір бақылау
сауудағы сүт мөлшерін оның жалпы санына (бақылау саууды)
көбейту керек.
Мал шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан
нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына байланысты.

Сиыр табынының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді:
• Оларды ұстау мерзімін анықтау;
• Мезгілінде сиыр табынын жас малмен толықтырып,
кәрілерін уақытында шығару;
• Малдың өсуі,табынының сапасы және құрамы;
• Шаруашылықта ұйымдастыру жұмысын жүргізу;
Сүтті сиыр тұқымын жаңа өндірістік
технологиялық жолмен өсіру үшін:

Сырт пішіні жалпақтау, конституциясы мықты болуы керек;
Малға жемшөпті көп беріп,одан алынатын сүт өнімін молайту керек;
Организмі әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатын төл алған жөн;
Сиыр машинамен саууға және механикаландырылған қора-жайға
бейім болуы керек;
Стандарт көрсеткіштері, дене өлшемі, тірілей салмағы, сүті,сауылу
жылдамдығы,азықтандырылу мезгілі бірдей болған дұрыс;
Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, адам өміріне қажетті барлық
заттар мен витаминдері бар, бірақ тез бұзылатын өнім. Академик
И.П.Павлов сүтті «Табиғаттың өзі даярлаған таңғажайып тамақ»
- деп айтқан. Фермерлік, шаруақожалық және жанұялық фермаларда
өндірілетін сүттің сапасы оның құрамына, физикалық-химиялық
қасиеттеріне және санитарлық-гигиеналық параметрлеріне тікелей
байланысты. Сүт сапасы МемСТ 13264-88 «Сиыр сүті. Сатып
алуға қойылатын талаптар» сәйкес болуы тиіс.

Аталған құжатқа сәйкес сүт инфекциялық ауруларға (бруцеллез,
туберкулез, т.б.) шалдықпаған, дені сау малдан алынуы тиіс: ол 3
сортқа
жоғары,
бірінші
екінші сортқа бөлінеді
Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды
механикаландыру
Сиырларды машинамен сауу, тұрған орнында тасымалды сауу аппараты арқылы
өтсе,олардың сүтін флягқа жинайды.Жаз айларында сиырларды сауу УДС-ЗА
қондырғысы арқылы өтеді.Машинамен сауу алдында, сиырлардың желінін және емшегін
бағалайды,желіндері астау, тегене,дөңгелек тәрізді, ал емшектері цилиндр,конус тәрізді
болуы шарт. Сүтті механикаландыру тәсілімен сауу, олардың сүтін алғашқы өңдеумен
ұштастыру арқылы өтеді, оған сүтті тазарту және суыту жатады.
Үздіксіз цех тәсілімен сүт өндіру арнайы цехтарды ұйымдастыру арқылы
өтеді.Сиырларды азықтандыру күнтәртібі әр цехта өзінше өтеді.Осындай сүт өндіру
тәсілі,сиырларды сүтейту үшін және сиырларды бұзаулату үшін маңызы зор.
Сиырларды үздіксіз – цехта ұстап,өндіру үшін, оны төрт цехқа бөлген:
1) суалу,
2) бұзаулату,
3) сүтейту,
4) қашыру,
5) сүт өндіру.
Сүттің құрамы және қасиеттері
Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім екенін
жоғарыда атап кеттік. Оның түсі – ақ немесе аздап сарғылт, дәмі – тәтті,
құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, витаминдер,
ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік
заттарының 98-99%-ін пайдаланады.

Сүт технологиялық ұқсатудың нысаны ретінде мынадай негізгі
көрсеткіштермен сипатталады: құрамы, тазалық дәрежесі, органо-
лептикалық, биохимиялық, физико-механикалық қасиеттеріне, сонымен
қатар ішінде улағыш және нейтраль ( залалсыздандырылған) заттардың
болуымен.

Сүттің органолептикалық қасиеттеріне – сыртқы көрінісі, дәмі, иісі, түрі;
биохимиялық қасиеттеріне – бактерцидтік активтігі (белсенділігі) және
қышқылдылығы;
физико-механикалық – темпера-турасы, жылу өткізгіштігі, осматкалық
қысымы, электр өткізгіштігі және тағы басқалары жатады.
Сиыр сауудың үш тәсілі бар:
табиғи,
қолмен
машинамен сауу.
Табиғи тәсілде (бұзаудың емуі) сүт беру – емген кезде бұзаудың ауыз қуысында
пайда болатын ауасыздық арқылы;
Қолмен саууда - сығым-дап сүт шығару арқылы; ал машинамен сауғанда – сауу
аппараттымен сүтті сору немесе қысып шығару арқылы жүреді.
Машинамен сиырды екі тактылы және үш тактылы аппараттармен жұмыс істейтін,
вакуумды сауын қондырғыларымен сауады.
Сауын машинасының құрамына электрқозғалтқыш (1), вакуум-сорап (2), вакуум-
баллон (3), вакуумтүтік (6) және сауын аппараты кіреді.
Сауын аппаратының негізгі жұмысшы органы - сауу стакандары.
Машинамен сиыр сауу технологиясы және қондырғылары
Сиырды машинамен сауу – малды
бағып, күтудің технологиясы мен әдістеріне
байланысты, түрліше жүргізіледі. Қорада Машинамен мал сауу ─ күрделі биотехнологиялық
күтіп-баққан жағдайда машинамен сауу процесс. Себебі, техникалық жүйе (сауын қондырғысы)
биологиялық ортаға (малдың желініне) әсер ету арқылы
төмендегі технологиялық сұлбалардың
сүт алынады.
біреуімен атқарылады: машинамен сауу ─ көп еңбек жұмсауды қажет ететін
қорада сауу, әр сиырдан сауылған сүтті күрделі процестердің бірі. Бұл процестің технологиялық
сауын шелегіне құю; қорада сауу, бір топ регламентін сақтамау нәтижесінде, сиыр желінінің шектен
сиырдан алынған сүтті ортақ ыдысқа құю; тыс иіп кетуіне, малдың желінсаумен ауыруына, ақыр
қорада сауу, сауылған сүтті сүт құбырымен аяғында, сүтінің күрт кеміп кетуіне әкеліп соқтырады.
сүтханаға тасымалдау; арнайы алаңда сауу,
сауылған сүтті құбырмен сүтханаға
тасымалдау.
Сауын техникасына мынадай зоотехникалық
талаптар қойылады:
сауу кезінде емшектер шектен тыс
деформацияға ұшырамауы тиіс;
сауын стакандары әртүрлі пішіндегі
емшектерге сәйкес келуі қажет;
сауын стакандары емшекте
байқаусызда тұрып қалған жағдайда,
сауын машинасының сиырға зиянды
әсері болмауы қажет;
сауын машинасының шуылын
болдырмауды қамтамасыз ету;
сауын машинасын жасап шығару мен
оны пайдалану қарапайым, жұмысы
сенімді, сауу процесі кезінде қолмен
реттелмейтін болуы тиіс;
сүттің желіннен бөлінуін көзбен
қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету
керек.
р а х ме т !
з а рла р ың ызға
На

Ұқсас жұмыстар
Орман және орманды жерлердің өңімділігін арттыру жолдары
Еңбек нарығының Инфрақұрылымы
Еңбек өңімділігін арттыру
Эргономиканың анықтамасы
Еңбек өнімділігін арттыру туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайданы арттыру
Ұйымдағы персоналдың еңбегін басқару және бағалау
Егістік жерлер өнімділігін көтеру және орналастыру жұмыстық жобасы
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау
Агробизнес
Пәндер