ГЕНДЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ



Гендерлік теориясының негізгі концепциялары
Шегенова Д. М.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
2018

Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді.
Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық - саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өзіндігіңді, өзгешелігіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде, гендер мсәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет.
Алдыменен, «гендер» дегеніміз не соны анықтап алайық.

Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі қазіргі дүниеде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір үрудің идеалдарын, барлық адамзатқа ортақ құндылықтың негіздерін іздеу қажеттігі туып отыр. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың мәні зор. Өйткені жыныстардың қоғамдық рөлі туралы процестер мен стереотиптер ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады. Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның әртүрлі қырлары болады: тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни.

Гендер психологиясының тарихын 5 кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

Гендерлік зерттеулер дәстүрлі рөлдер мен мәдени нормаларды қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай қоғамдық институттарға мыналар жатады:

Гендерлік психологиясының тарихында жыныстық деморфизм, жыныстық деспсихизм, жыныстық айырмашылық, гендерлік айырмашылық сияқты әр түрлі атаққа ие.

С. Айвазова «гендер» түсінігін талдай отыра, ол орыс тілінде аналогиялық термин болғандықтан бұл түсінікті «жыныстардың әлеуметтік қатынасы» немесе «әлеуметтік ұйымдастырылған, рөлдердің» ерлерге және әйелдерге бөліп бекіткен сияқты мәнді фразалармен аударады. Келтірілген нұсқаулар бойынша «гендер» түсінігінде қандай жалпы сәттерді анықтауға болады?
Біріншіден, барлық авторлар биологиялық жыныстан гендердің айырмашылығын, оның пайда болуындағы әлеуметтік табиғатымен белгілеп көрсетеді (гендер әлеуметтік құрал ретінде қарастырылады) .
Екіншіден, гендердің әлеуметтенуі қоғаммен құрылған және жазылған ерлер мен әйелдердің өзара әрекеттері, нормалары мен анықталған.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Бүгінгі таңда халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.
Елімізде мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүзеге асырылды. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат - бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі - гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы.


ҚОРЫТЫНДЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz