Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы


Slide 1

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Оразымбаев Н. В.

ФКС16-3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік гуманитарлық дайындық факультеті

Ақтау, 2018

Slide 2

Оқушылардың жас ерекшелігі

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

Slide 3

Туғаннан

1 жасқа дейінгі бөбектік кезең

1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең;

Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:

3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.

Slide 4

Кезеңдер

Жас

Сыныптар

1.

Бастауыш оқушылар

6- 10

1-4

2.

Орта (жеткіншек)

11-14-15

5-9

3.

Жоғары

15-18

10-12

Slide 5

Мектеп гигиенасы

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы- еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, еңбекқор, , жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту. Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0, 8 гектарға дейін болады. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі.

Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспауы керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары оқушыларды таситын көлікпен қамтамасыз етеді.

Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15 % мектеп ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады.

Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен қоршалады.

Slide 6

Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасыадам анатомиясы ның, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Сондықтан көне Греция мен рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер адам организмінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған.

Slide 7

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы- гигиена ғылымының бір саласы . Ол балалардың өсу кезіне, тәрбиеленуіне, өмір сүруіне, қоршаған ортаның әсерін зерттеп, олардың денсаулығының жақсы болып, физикалық және рухани жағынан жақсы дамып, жетілуі үшін шаралар ұсынады.

Біздің елімізде жастардың денсаулығына, тәрбиесіне, білім алуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінген. Балаларға қызмет ететін нысандарға;

Балабақшалар

Жалпы білім беретін мектептер

Мектеп-интернаттар

Кәсіби-техникалық училищелер

Балаларға арналған спорт мектептері

Пионерлер үйі және т. б

Slide 8

Балалар мен жасөспірімдер денсаулық жағдайы және дене дамуы

Балалық кезде шартты түрде үш негізгі кезеңге бөлуге болады;

Slide 9

Қан оның құрылысы, құрамы, қызметі, жүректің кұрылысы

Slide 10

Қан құрамы

1. Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.


Ұқсас жұмыстар
Маңдай үлесіндегі қыртыста орналасқан, функциональды орталықтар
Жас кезеңдері
Қабырға Төс сүйегі
САЛАЛАРМЕНБАЙЛАНЫСЫ БАЙЛАНЫСЫ
Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс жасау маңызы
Сынып парталары
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Еңбек физиологиясының негізі
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz