Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет «Ветеринарлық
санитария» кафедрасы
БӨЖ
1. Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция
түрлері және оларға сипаттама.
Тақырыбы: 2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің
гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары
(температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
Семей қ. 2015 ж.
Жоспары:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
2.1 Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы.
2.2 Инфекция түрлері және оларға сипаттама.
2.3 Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің
гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық
факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар,
интерферондар)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Вирустар жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің ағзасында
кездеседі. Атап айтар болсақ, өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда,
бактерияларда да кездестіруге болады. Өз кезегінде вирустар жыл сайын ауыл
шаруашылығына орасан зор шығын әкелуде. Ғылыми деректерге сүйенсек,
өсімдіктердегі вирустардан ауыл шаруашылығындағы мәдени дақылдармен
қоса астық тұқымдастарының өнімі айтарлықтай азайып, жылына 6 миллиард
доллардан аса шығын келтіруде. Вирустардың тірі ағзада тіршілік етуі
қожайын клеткасында көптеген аурулардың пайда болуына әкеледі. Мысалы,
хлороз, некроз, фотосинтез процесінің бұзылуы және өсімдік биомассасының
төмендеуі, ақырында өсімдіктің өлуі байқалады. Осы физиологиялық
абнормальдық құбылыстар және вирустар туғызған аурулар өсімдіктердегі
вирустардың механизмін зерттеп, олардың дамуын алдын алып, күресу
шараларын қарастыруды талап етуде.
Вирустың организмге ену жолдары әр түрлі:
1. Тыныс жолы арқылы
2. Лас аспаптардан малдәрігерлік көмек көрсету
кезінде таралады;
3. Трансмиссивтік жол-вирусты қоңыздар, маса,
шіркейлер, кенелер таратады;
4. Вирустар тері арқылы таралады (жарақаттанған
және жарақаттанбаған тері) олар құс ,қой және
ешкі шешегі
5. Алиментарлық (жем,шөп,су арқылы) жол,оған
мысал:аусыл ауруы,ірі қара асқазан ішек аурулары
6. Жыныс мүшелері арқылы таралады;
Вирус ағзада қан арқылы таралады,оны
«вирусемия» деп атайды.Вирустар қанға лимфа
арқылы түседі сосын лейкоциттерден таралады.
Алғашқы түскен ағзалардан капиллярға жайылады.
Вирустар нерв жүйелері арқылы да таралады.Мысалы:
құтырық вирусы,герпесвирустар. Демек вирус
қоздыратын аурулардың таралуына көптеген
факторлар әсер етеді.Осы факторларға сәйкес вирустық
инфекцияның өршіген кезінде вирус геномы мен
клетка геномының арасында өзара әр түрлі
байланыстар болуы мүмкін.
Инфекция
Микро және макроорганизмдердің қарым-
қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық
агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады.
Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі
білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру
белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады.
Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол
бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән.
«Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар
тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.
Инфекция және жұқпалы аурулар туралы түсінік. Инфекция (латынша
infestio – ластану – микроорганизм мен потогендік микробтардың
әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің
даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі
өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс – бейімделу реакциясының
тууына себепкер болады. Осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық
процесс деп аталады.
Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түрі
инфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі. Мал немесе адам организмінде
паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің
қоздыруынан пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды.
Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет – спефицикалық тірі қоздырушы –
паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесе жұқпалылығы (таралу
қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға
берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы,
қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің
құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті
болуы).
Инфекцияның түрлері
Инфекцияның спонтанды (табиғи)
және экспериментальды (жасанды) болады. Спонтанды
инфекция осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі
іске асқан табиғи жағдайда пайда болады және мал
организмінде әлдеқашан мекендеген шартты патогендік
микроорганизмдердің активтенуі арқылы болады. Жасанды
инфекцияны патологиялық материалды немесе
қоздырушының культурасын енгізу арқылы жасайды.
Вирустық инфекциялардың түрлері
Жедел (жіті ) инфекция – соңында иесінің иммундық жауабы арқылы
вирустан толық арылатын жағдай.
Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар
айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар
бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың
элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті
түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің
иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол
үшін пайдаланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр
түрлі деңгейін зақымдайды.
Түсікті инфекция – нақты организмде репродукцияланудың толық
циклын атқара алмайтын вирустарға тән, бірақ мұндай инфекцияның иесінің
организміне тигізетін әсері жоқ деуге болмайды. Мысалы: кеміргіштерде
SV40 вирусы қоздыратын инфекция пермиссивті емес, бірақ жасушаларда
трансформациялық процесс дамуына әкеледі. «Пермиссивтілі емес» деген
термин – жасуша ішіне енген вирустың репродукциялануын қолдай
алмайтын жағдайды білдіреді.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу,
құтылу) немесе төтемелілік — организмнің антигендік
қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды,
жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын
кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға
қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі
бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы
организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ
биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке
басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей
байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі
биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық
қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды
микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды
ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Қорғаушы заттар, антиденелер
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше
бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп
атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды
жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге
ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар
бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың,
лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға
қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы
заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар
иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені
сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты
түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары)
түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты,
қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер
(иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі,
т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды.
Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға
қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Жасанды және туа пайда болған иммунитет
Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың
немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді.
Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды
иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан
сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық
малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу
алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар
іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл
қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде
түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды.
Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып
ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен
науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір
жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы
аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің
енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін
анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше
сақталуы мүмкін. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар
енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай
иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса – белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын
құйғанда пайда болса – енжар иммунитет дейді.
Интерферон
Төменгі молекулалы ақуыз, вирустардың,
бактериялардың токсиндерінің, антигендерінің енуіне
жауап ретінде макроорганизмдердің жасушалардында
бөлінеді. Вируспен тіке байланысқа кірмейді,
вирустардың енуіне кедергі жасайды және вирусты
нуклеин қышқылдарының реплициясы кезеңі кезінде
жасушалық рибосомада вирусты ақуыздардың
синтезін тежейді. Вирус инфекциясын емдеу жолмен
профилактикасында кең түрде қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.«Ветеринариялық
вирусология» Ш.Б.МырзабековаАлматы, «Білім»,
2004 ж.
2. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология,
вирусология, иммунология. //Москва. – МИА. –
2005.
3. Жалпы және жеке вирусология. А.Ә.Стамқұлова,
К.Құдайбергенұлы, Б.А.Рамазанова.// Алматы. –
2010. – 380 б.
3. Интернет желісі
15
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz