ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ


Slide 1

Туристік фирманың Бизнес жоспары

Slide 2

Бизнес жоспардың маңызы

Жоспар болашаққа іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді. Жоспар қаншалықты жақсы жасалса, соғұрлым жобаны жүзеге асыру кезінде күтпеген жағдайлар аз болады.

Бизнесте кез-келген жетістікке жету - ол жақсы жоспардың нәтижесі. Сондықтан қандай да бір іс-әрекетпен айналысуды бастағыңыз келсе, нақты мақсаты бар, сол мақсатқа жету жолдары көрсетілген, әрбір үтір-нүктесіне дейін ойластырылған жоспарыңыз болуы керек.

Slide 3

Бизнес-жоспар-визит карточка

Бизнес-жоспар - инвестициялық жобаның визиттік карточкасы. Ол инвесторға осы жобаға қаржы салу-салмау керектігін және қандай жағдайда оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Slide 4

Бизнес жоспар деген не?

Бизнес - ағылшын тілінде «bisness» табыс табуға бағытталған нарықтық келіссөздер жүргізу бағдарламасы.

Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы - мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алу.

Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері нақты көрсетіледі.

Slide 5

Бизнес жоспарды кім жасайды?

Бизнес-жоспар компанияның өз күшімен немесе арнайы маманданған мекемелердің көмегімен жасалады.

салалық ассоциациялар

консалтингтік компаниялар

Slide 6

Бизнес жоспар сұрағы

отандық немесе шетелдік нарыққа шығу үшін қандай өнім шығару немесе қандай іс-әрекет түрімен айналысу керек;

ұсынылып отырған өнім немесе қызметке нарықтық сұраныс қалай болады және ол қалай өзгеріп отырады;

бизнес жобаны жүзеге асыру үшін керекті ресурс және оның мөлшері қандай?

қажетті шикізат қанша тұрады және тұрақты серіктестерді қайдан табуға болады?

Slide 7

- өндірісті ұйымдастыру үшін жалпы кететін шығын мөлшері;

- жалпы түсетін пайда және оны бизнес жобаның мүшелері арасында қалай бөлу керек;

- өнімнің немесе қызметтің нарықтағы бағасы қалай қойылады және оған бәсекелестердің әсері;

- бизнес тиімділігінің көрсеткіштері қандай және оны қалай көтеруге болады?

Slide 8

Бизнес жоспардың құрылымы

1. Жобаның атауы, орналасқан жері

2 . Жоба басшысы

3. Құқықтық формасы

4. Мүмкіндіктері

5. Ұсынатын қызметтер

6. Қызмет көрсету схемасы

7. Әріптестері, кеңсе жабдықталуы, имидж

8. Басқару жүйесі

9.

Slide 9

- жобаның атауы мен мәні; - кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы; - кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі; - құрылтайшыларының заңды мекенжайлары; - жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы (заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджеттен қаражат алу) ;

Жоба туралы анықтама

Slide 10

Жобаның атауы мен мәні

«Саят» туристік фирмасы

кәсіпорнын құру

Slide 11

Жобаның аты және мекен-жайы

Туристік кәсіпорынның фирмалық атауы: ЖК «Саят» туристік фирмасы

Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Алматы қ. Абылай хан даңғылы, 55, тел. 279-56-61,

сот: 8 707 1660037

E-mail: sayat_tourism@mail. ru

Веб-сайт: www. sayat-travel. kz

Кәсіпорынның бас ғимараты:

филиалы:

Slide 12

Кәсіпорынның басшысы туралы мәлімет

Аты-жөні:

Мекен-жайы:

Байланыс құралдары:

Slide 13

Құқықтық формасы

Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формалары мынадай түрлері бар:

Акционерлiк қоғам

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Жеке (дара) кәсіпкерлік

Slide 14

Жарғылық капиталы

1 200 000 теңге жарғылық капитал. Ол бас директордың және атқарушы директордың теңдей бөліп салуынан құралады. Банкротқа ұшыраған жағдайда келісім бойынша әрбір мүшесі өз салымы мөлшерінде жауапкершілікке ие болады.

Slide 15

Туризм бұл

Қазіргі таңда туризм тек жоғары дамып келе жатқан әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігі. Мамандардың айтуы бойынша орта есеппен алғанда елге келген бір шетел туристінен түсетін пайда әлемдік нарыққа шығатын 9 тонна тас көмірмен немесе 15 тонна мұнай өнімі, сонымен қатар 2 тонна жоғарғы сортты бидай өнімдерінен түсетін пайдамен теңестіру керек. Осыған орай елдегі табиғи шикізат өнімдері үнемделіп, ал туристік индустрия өңделген ресурстар есебінде алға дами түседі.

Slide 16

Турфирманың негізгі міндеті:

Туристік кәсіпорын кызметін меңгеру;

Ұжыммен жұмыс жасауға машықтану;

Туристік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын меңгеру;

Фирмалардың өзара келісім шарт жасау түрлерін үйрену;

«Саят» туристік фирмасына маркетингтік іс-әрекет талдауын жүргізу;

Бәсекелес өзге де фирмаларға сараптама жасау;

Туристік кәсіпорынның жарнамалық-ақпараттық қызметіндегі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

Ұйымның ұжымдық басқаруын және де керекті қолданыстағы іс-қағаздарды жасауды үйрену (жарлықтар, бұйрықтар, өтініштер жазу үлгілері) .

Slide 17

Туристік фирманың мүмкіндіктері

Кәсіпорынның қаланың орталығында орналасуы

ыңғайлы ғимаратта орналасуы (жеке дәліз)

көліктерді қоятын тұрағының болуы

Кәсіпорын офисі жеке меншік

Кірер есік алдында арнайы ақпарат жазылуы, қандай елдерге турпакет сатылатыны жазылып, әдемі суреттермен безендірілуі

Офис ішінде клиенттердің демалысы үшін арнайы жабдықталған орындардың болуы

әр түрлі брошюралар, проспектер және көрсетілетін турлардың фотоларының, видеолар болуы

.

Slide 18

Жобаның ұсынатын қызметтері

әлемнің кез-келген нүктесіне іскерлік сапарларды, демалыстарды ұйымдастыру

авиа және теміржол билеттерін сату және алдын ала брондау

Slide 19

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері

туристік саяхат маршруттарын ұсыну және есептеу ;

қажетті барлық

ақпаратпен қамтамасыз ететін,

әлемнің барлық авиакомпаниялары жайлы, саяхат маршрутының

ерекшелігі мен елге келу уақыты жайлы толық ақпарат беру

Slide 20

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері

Тұтынушының саяхаттауға байланысты туындайты

барлық сұрақтарына нақты және толық жауап

беру, ақпараттандыру;

Дүние жүзіндегі кез келген қаладағы жоғары деңгейде қызмет көрсететін отельдеді, қонақ үй кешендерін таңдауға көмектесу және де қонақ үйлерді интернет желісі бойынша онлайн режимінде брондау

Slide 21

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері

Трансферлерді ұйымдастыру, автомашиналарды жалға беру;

Аэропорттағы Vip қызметін ұйымдастыру;

Виза;

Сақтандыру қызметтерін ұсыну

Slide 22

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері

іскерлік кездесулер кезінде тамақтануды (catering),

кофе-брейктер

достық кешкі астар, фуршеттер ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

өтпелi туристер және iскерлiк сапарларға қызмет көрсету;

халықаралық туризмді ұйымдастыру;

Iшкiжәне халықаралық әуе жолдарына делдалдық

қызметтердiң көрсетуi ресiмдеу және билеттердiң брондауы;

Slide 23

Кәсіпорынның көрсететін қызмет түрлері

чартерлік рейстер;

VIPтұтынушыларға ұсынылатын арнайы

бағдарламаларды жасақтау;

Авиа және теміржол билеттерін тапсырыс берген тұтынушының офисына жеткізу

Slide 24

Қалай қызмет көрсетеді

«Саят» туристік фирмасына келген туристерге турды рәсімдемес бұрын «Тур бойынша ақпараттық өніммен» таныстырады. Ол құжат келесі ақпаратты қамтиды:

Slide 25

Саяхат ұйымдастырылатын ел жайлы ақпарат

Бұл бөлімде төмендегідей ақпарат көздерімен

таныса аласыз:

Ел туралы ақпарат (картасы, орналасқан жері, ақша, айырбастау курсы, жергілікті салт-дәстүрлер мен этикет нормалары, дүкендер мен ойын-сауық орындары, телефон, визалар, санитарлық анықтамалар (сақтандыру, медициналық егілу), қонақ үй, тамақтандыру, трансфер, кеден тәртібі, көрікті жерлері

Slide 26

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері

Бұл бөлімде көрсетілген ақпарат:

туристік фирмалар тізімі - жергілікті елді-мекен талаптарына сайкес сертификация және турды іске асырушы серіктес фирмалар жайлы мағлұмат;

сулы ортада білуге қажетті тәртіптер;

Тазалық сақтау ережелері;

Төтенше жағдайлар орын алғанда сақтандыру полисін пайдалану ережелері;

Бағалы заттарды, ақшалай құндылықтарды қай жерде және қалай сақтау керектігі;

Slide 27

Әріптестері

Фирма құрамында шетелдік әріптестермен тікелей байланыста жұмыс істейтін жеке туризмнің үлкен бөлімі жұмыс істейді, қатысқан халықаралық туристік көрмелерде көптеген келісім-шарттар жасалынған.

«Gulnar tour» турфирмасы;

Түркия «Alara tourism» ;

Алматы «Тез тур»;

Италия «ISCRA»;

Малайзия «EMBASSY ALLIANCE»;

Алматы «Яссауи»;

«Фараб» турфирмалары;

«SCAT» авиакомпаниясы;

Біріккен Араб Әмірлігі «Yasi tours»;

Slide 28

Кеңсе жабдықталуы

Кәсіпорын бірнеше қалалық телефон жүйесімен, факс, ксерокс, принтер, Internet желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу мен реттеуді жеңілдететін барлық кеңсе заттарымен толық қамтылған.

Slide 29

Имидж

Униформа, бейджиктерге кәсіпорынның аты мен жұмыскердің

қызметі жазылу

Қызметкерлердің туристік нарық бизнесіндегі тәжірибелері бес жылдан астам болуы

Slide 30

Басқару жүйесі

Фирманың ұйымдастырушылық құрылымы оның дамуына сай үздіксіз жақсарады.

Құрамы:

директор,

туризм менеджерлері

бухгалтер

Slide 31

Менеджер қызметі:

өтініштерді қабылдау, тур жоспарын жасау, орналастыру

билеттерді сату және жылжыту (авиабилеттер) ;

әуежайлармен байланысу.

отельдерді броньдаумен айналысу;

шетел серіктестермен орналасу бойынша

келіссөздер жүргізу.

халықаралық туризм бойынша құжаттарды рәсімдеу

визалар мен сақтандыру полистерін рәсімдеу

Slide 32

Бухгалтер:

Міндеті:

салық органына есеп беру қаржылық

құжаттарды дайындау;

жарнамаға кеткен шығыстарды есептеу

Slide 33

Маркетингтік зерттеу

Маркетинг (ағылшынша: marketing - нарық, базар, өткізу, сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т. б. ) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Slide 34

Маркетингтік саясат

Туристік фирмалардың қызметкерлеріне

сатуға ұсынылатын өнімді тек білу ғана жеткіліксіз. Оны дұрыс ұсына алу және, ақырында, тұтынушыға сата білу керек.

Ірі фирмаларда осы сұрақтармен айналысатын маркетолог-мамандар болады.

Slide 35

Туризмдегі маркетинг - туристік нарық талаптарына және турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту мақсатында сұранысқа белсенді түрде ықпал етуге бағытталған өндірісті, туристік өнімді сату мен тұтынуды ұйымдастыруды басқарудың кешенді түрі.

Slide 36

Кез-келген туристік фирманың нақты белгіленген маркетингтік стратегиясы болуы керек. Маркетинг мәселелерді жан-жақты, нақты шешумен қатар, тұтынушылардың талаптарын оқып, ұсынылатын қызметтерді оларға сәйкестендіруді де қамтиды. Сонымен қатар ол сату көлемін ұлғайту және нарықта іс-әрекеттің пайдасын жоғарылату мақсатында сұранысты қалыптастыру мен сатуды ынталандыру бойынша мәселелерді белсенді жүзеге асыруды қамтиды.

Slide 37

Маркетингтік қызмет туризм саласында

жарнама

насихаттау

жеке сату

сатуды ынталандыру;

Slide 38

Жарнама

Туризм индустриясындағы жарнама туристік кәсіпорынның маркетингінде ерекше орын алады.

Slide 39

Насихаттау

Насихаттау көбіне бұқарамен байланыс бойынша жұмыс (public relation), немесе PR ретінде түсініледі. Ол қалыптасып келе жатқан бұқаралық пікірді оқу және туристік кәсіпорын мен оның іс-әрекетіне мақсатты аудитория жағынан жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Slide 40

Жеке сату

Жеке сату туристік өнімді таныстыру және сатуды ұйымдастыру мақсатында фирма өкілінің бір немесе бірнеше әлеуетті тұтынушымен жеке байланысын қамтиды. Байланыс құралдары - телефонмен хабарласу, поштамен жіберу, жеке әңгімелесу. Жеке әңгімелесу қалауды қалыптастыру мен клиенттерді көндіруде үлкен рөл атқарады.

Slide 41

Сатуды ынталандыру

Сатуды ынталандыру әр түрлі шараларға мақсатты аудиторияның жауапты реакциясын күшейтуге бағытталған шаралар мен тәсілдер жүйесі болып табылады.

сұранысты жоғарылату, ұсынылатын өнім туралы клиенттердің білімін кеңейту, оған керек имиджді жасау үшін қолданылады. Жаңа туристік өнімді енгізу кезінде аса маңызды рөл атқарады.

Slide 42

Маркетингтік зерттеу

Маркетингтік зерттеулердің керекті

кезеңі нарықта іс-әрекеттенетін бәсекелестерді оқу болып табылады. Олар туралы мақсатты түрде келесі ақпаратты жинау керек:

Slide 43

Бәсекелестерді зерттеу

осы нарықта өзінің іс-әрекетін жоғары қарқынмен дамытатын бәсекелестер (екі-үш турфирма) ;

тұтынушылар қалайтын бәсекелестер өнімінің сипаты;

бәсекелестің танымалдылығы;

тәжірибелі кадрлардың болуы;

жарнаманың және бұқарамен байланыс жүйесінің пәрменділігі, ақпаратпен қамтамасыздану;

жақсы баға саясаты, жеңілдіктер;

тұрақты тұтынушылардың болуы;

сатуларды ынталандыратын ұйымдастырылатын шаралар;

қолданылатын сату каналдары;

кірістер мен шығыстар туралы ресми мәліметтер;

жаңа турөнімдер туралы алдын-ала мәліметтер.

Slide 44

Нарықты талдау

Туристік нарық - туристік саладағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақшаның айналымы.

Slide 45

Нарықты талдау

Ұзақ мерзімге қойылған мақсат:

2015 жылы нарықтағы үлесін 30% жеткізу

Ортамерзімге қойылған мақсат:

Тұтынушыларды көптеп тарту

Қысқа мерзімге негізделген мақсаттар:

Жарнама жұмыстарын дамыту.

Slide 46

Туристік нарықтың нәтижесі

Туристік нарық құрылымын саралай келе туристік фирмалардың басым бөлігі шығу туризміне бағытталған турагенттіктер екенін аңғара аламыз. Нақты себеп, шығу туризмін тиімді қаржы көзі болып табылады және турөнімді өткізу барысында материалдық шығындарды көп қажет етпейді.

Slide 47

Ішкі ортасын зерттеу және бағалау.

Факторлар тобы

Факторлар

ықпал ететін факторлар

кедергі келтіретін факторлар

Экономикалық фактор

Салық төлеу нормалары

Кеден ісі

Валюта бағамы

Инфляция ықпалы

Жұмыссыздар саны

+

+

+

+

+

Нарықтық факторлар

Бәскелестік деңгейі

Жергілікті тұрғындардың қаржы жағдайы

+

+

Технологиялық фактор

Байланыс құралдарын жетілдіру

Өнімді жеткізу құралдарын жетілдіру

+

+

Әлеуметтік

факторлар

кызметкерлердің жұмысына деген ынтасы

Жұмысшы күштің біліктілігі,

білім деңгейі

+

+

+

Slide 48

Экономикалық фактор. Салықтар (-)

Фирманың ішкі ортасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі салық нормалары болып табылады. Қазіргі таңда елімізде салық жүйесі толығымен ретке келтірілмеген. Сондықтан, турагенттіктің мемлекетте төлеуге міндетті көптеген салық түрлері бар. Осыған орай кез келген кәсіпорынның экономикалық нарықта өз ісін сақтап қалуы үшін мемлекет салық нормаларын бір жүйеге келтіруде, салық пайыздарын төмендетіп, тіпті кей салық түрлерінен шеттетуде.

Slide 49

Валюта бағамы

Қазіргі таңда әлемде орын алып келе жатқан қаржы дағдарысы салдарынан елімізде валюта бағамдарының күрделі тұрақсыздығы туындады. Бұл турөнімдердің жоғарлауына әкеп соқты.

Slide 50

Бәсекелестік деңгейі


Ұқсас жұмыстар
Туристік бизнес және нарық
Бизнес - жоспардың бөлімдері
Туристік компанияның мақсаты
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС - ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Кәсіпкерләктегі бизнес жоспар
Өткізу құралдары
Мейрамхана және мейманхана бизнесінің маркетингтік ортасы
Бизнес жоспарлаудың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz