Жеке ветеринариялық қызметті жүргізуге құрылтайшы құжаттардың жиынтығын құрастыру



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультет «Ветеринариялық медицина» кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Жеке ветеринариялық қызметті жүргізуге құрылтайшы құжаттардың жиынтығын құрастыру
Семей 2017 жыл

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Жекеменшік ветеринариялық қызмет.
2. 2 Жеке ветеринариялық қызметті жүргізу
2. 3 Құжаттардың жиынтығын құрастыру
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

Жекменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет өзіне берілген лицензиясы бойынша рұқсат етілген жұмыстарды ғана орындайды.
Ондай қызмет қатарына:

Жекеменшікк кәсіпкерлікпен шұғылданушы субьектіге лицензия беру :
Бұл ережелер “Лицензия беру туралы” заңға сәйкес мемлекеттік ветеринарияның республикалық органымен дайындалып,
ҚР минстрлер кабинетінің шешімімен бекітіледі.
Ережеде жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылданушыға лицензия беру тәртібі және лицензияланған ветеринарлық жұмыстардың тізімі белгіленеді.

Бұл тізімдегі ветеринарлық жұмыстардың жеке түрлеріне де тиісті үлгі бойынша лицензия беріледі.
Лицензия иесі ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар саналады.
Лицензия алу үшін ізденуші субьект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады.

Қажет құжаттар:

Лицензия беру туралы және оның мерзімі туралы шешім лицензиялық алқаның қорытындысына байланысты қабылданады. Лицензия - уақытша және тұрақты мерзімге беріледі.
Лицензиялық алқа республикалық немесе жергілікті мемлекеттік ветеринария органдарының бұйрығы бойынша құрылады.

Лицензиялық алқаның негізгі міндеттері:
лицензиялау жобасын жасау,
лицензия сураушы жеке немесе заңды тұлғаның біліктілігін анықтаушы эксперт мамандар тағайындау,
лицензия бермеу туралы шешім қабылдау,
лицензияларды мерзіміне байланысты тіркеу

Мал шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорындарға өндірістік жұмысын атқару үшін қызметкерлер штатын тағайындау құқы берілген. Соған байланысты шаруашылықта малдарға ветеринарлық қызмет көрсететін мамандар тобын қабылдайды. Ол шарушылықтың ветеринарлық қызметі деп аталады. Ол шарушылық шеңберінде ғана құзыры жүретін ведомствалық қызмет. Бірақ, көзделген негізгі мақсаттары, атқаратын жұмыс бағыттары бір болғандықтан ол аудандық ветеринарлық қызмет құрамына енеді.

Аудандық ветеринарлық қызметтің бір тармағы ретінде шаруашылық ветеринарлық қызметі өз құзыры жүретін аумақта мал шаруашылығының ветеринарлық- санитарлық сәттілігін қамтамасыз етеді.

Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді және ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды (бұдан әрі - Кәсіпкерлер) аттестаттаудың бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Кәсіпкерлерді, ветеринариялық қызмет көрсету саласында білімділік деңгейін, кәсіпқойлық және жауапкершілігін арттыру және Кәсіпкерлер атқаратын жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында аттестаттау жүргізіледі.

Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережелерде мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аттестаттау - ветеринария саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлердің білім деңгейі мен кәсіптік дайындығын айқындау мақсатында жүргізілетін және оның нәтижесі бойынша белгіленген үлгіде аттестаттау парағы берілетін рәсім; 2) ветеринария саласындағы қызмет заңнамаға сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын ветеринариялық қызмет; 3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

Аттестаттауды жүргізудің мерзімдері мен Аттестаттау комиссиясының құрамы
4. Кәсіпкерлерді аттестаттау жыл сайын жүргізіледі. Нақты мерзімдерін, сондай-ақ аттестаттауды жүргізу кестесін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелерінің басшылары бекітеді және аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын Кәсіпкердің назарына жеткізіледі.
5. Аттестаттауды жүргізу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармалары бастықтарының бұйрықтарымен, құрамында кемінде бес адамнан тұратын аудандық (қалалық) аумақтық ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның өкілін немесе облыстық аумақтық басқармасының ветеринария саласындағы мемлекеттік өкілетті өкілін қоса алғанда, төрағадан, хатшыдан (дауыс беру құқығынсыз) және неғұрлым тәжірибелі мамандар қатарынан комиссия мүшелері бар Аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - Аттестаттау комиссиясы) құрылады.
6. Аттестаттау комиссиясы консультативті-кеңес органы болып табылады және ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының басшысы бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес өз қызметін атқарады. Тиісті аудандық (қалалық) аумақтық басқарманың ветеринария саласындағы өкілетті органның ветеринариялық бөлімі, аттестаттық комиссиясының жұмыс органы болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Ветеринария ісін ұйымдастыру Қ. Б. Бияшев, Ш. Ж. Тұрсынқұлов, А. Ж. Танраев, Д. Е. Арзымбетов, С. А. Жарасбаев Алматы 1999 жыл
Менеджмент в ветеринарии и организация ветеринарного дела: учебник / Хусаинов Д., Ахмедсадыков Н., Шабдарбаева Г. и др. - 2-е изд., доп. - Алматы: Нур-Принт, 2015. - 573 с.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz