Зоофилді шыбындар және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультет «Ветеринариялық медицина» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Зоофилді шыбындар және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар

Семей 2017 жыл

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Зоофилді шыбындар

Қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Зоофилді шыбындар өзінің алуан-түрлігімен, тигізетін айтарлықтай зияндылығымен мәлім.

Slide 4

Нағыз шыбындар

Оларға: мусциде тұқымдасынан тұмсықтары жалауға бейімделген Муска, Фания, ал тесіп соратындардан Стомоксис бен Липерозия туыстары негізгілер. Кеңінен кездесетіндері: Stomoxys calcitrans (күзгі қара шыбын), Haematobia stimulans (сиырдың қара шыбыны), H. atripalpis (жылқының қара шыбыны) мен Liperosia irritans (сиырдың кіші қара шыбыны) . Жоғарыда аталған көк шыбындар гематофагтар болғандықтан, малды қатты мазалайды. Мал фермасы маңайында және қораларда үйдің қара шыбыны, үйдің кіші қара шыбыны, күзгі шыбын түрлері кездессе, жайылым мен мал тұратын ашық қоршауларда: далалық шыбын, тірі туатын далалық шыбын, сиырдың жайылым шыбыны, сиырдың кіші қара шыбыны, жылқы шыбындары тіршілік етеді.

Slide 5

Даму биологиясы

Толық дамып түрленетіндерге жатады. Көпшілігі жұмыртқа салады, кейбірі тірі туады. Үй шыбыны тіршілігінде 600-ге жуық жұмыртқа салады. Шыбынның өмір сүруі 3-5 тәулік. Қуыршағы 3-6 күнде дамиды.

Slide 6

Ет шыбындары

Slide 7

Ет шыбындары:

Slide 8

Өлексенің көк шыбындары сұр түсті көкшілт реңді ет, мал өлексесі, сүйек, балық, шіріген субстраттарда жұмыртқасы дамиды. Шыбын личинкалары мал денесінде де дами алады. Толық дамуы 13-16 күнде аяқталады. Дамуының барлық сатыларында қыстап шыға алады.

Slide 9

Өлексенің жасыл шыбындары орташа денелі, реңді сұр түсті. Жұмыртқаларын балауса еттің ішкі жағына, мал өлексесіне, асхана қалдықтарына, қиға салады. Салатын жұмыртқа саны 200-300 данадай. Ұрғашылары 45-50 күн тіршілік етеді.

Slide 10

Сұр ет шыбындары. Жануарлардың вольфартиозы (құрттау)

Вольфартиоз (құрттау) - Sarcophagidae тұқымынан ең қатерлі және жиі кездесетіні Wohlfahrtia magnifica, сиректеу W. trina болып табылады. Вольфарт шыбынының жуық белгілі түрінен, бұрынғы ТМД елдері территориясында тіркелген. Жиі жағдайда ІҚМ, ҰҚМ, жылқы мен шошқада кездеседі.

Slide 11 Slide 12

Шыбындарды жою шаралары

Шыбындарды жою шараларын мал қорада және жайылымда жүргізеді. Мал қоралары мен ферма маңын таза үстаған жөн. Алдымен шыбындардың өсіп, өнуіне қолайлы орындарды қүрту қажет. Мал қораларын тазалап, жем қалдықтарын, мал қиын дер кезінде шыға- рып, оттықтарды таза үстау керек. Мал тезегін сумен жуып шыға- ратын жүйе қолдану, оларды тазалау мерзімін бүлжытпай оран- дау, шыбындардың жаппай өсіп-өнуіне тосқауыл болады. Мал тезегін дер кезінде көң қоймаларына шығарып, биометриялық әдіспен зарарсыздандырады. Ферма маңында шашылған сүрлем қалдықтарын, сабан үйінділерін мүқият жинап отыру керек, себебі олар шыбындардың өсіп, өнуіне қолайлы орта болып табылады. Жазда қораға шыбындар енбес үшін есік, терезелерін үсақ тор- мен жабады.

Slide 13

Шыбын балан құртгарын жою. Шыбын өсіп-өнетін орындар- да (биотоптарда), олардың балаң қүрттарын жоюды - деларваңия деп атайды. Шыбындардың өсіп, өнетін еден астындағы, канал- сыз дәретханалардағы, көң және т. б. органикалық қалдық үйінділе- ріндегі шыбынның балаңқүрттарын жою үшін инсектиңидтермен дәрілеп отьфу қажет. Ларвоңид дәрілер мынадай мөлшерде жүм- салады: сүйық биотоптарды дәрілегенде 1-2 л м2, қою қалдықтарға 3-5 л м2. Ол үшін ушхлорметафос-3-тщ немесе троленнің 0, 1%- ды эмульсиясы, карбофостың 0, 5%- эмульсиясы, 0, 5%-ды хлоро- фос ерітіндісі, 10%-ды креолин ксилонафт, нафтализол эмульсия- сы қолданылады. Қүрғақ хлорлы әкті де пайдалануға болады, оның мөлшері 1 кг м2.

Slide 14

Дезинфекция (жәндіктерді жою) .

Шыбындардың өсіп-өніп, көбеюіне тосқауьш салу үшін жазғытұрым, күн жылысымен қораларда дезинфекция жүргізіп, қыстап шыққан шыбындардың бірін- ші ұрпағын қырады. Күзде дәл осындай дезинфексия шараларын, қыстайтын жәндіктер санын азайту үшін, әр 3 ай сайын жүргі зеді. Бұлардан басқа шыбын саны тым көбейіп кеткен жағдайда, лажсыз дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция жұмыстары инсектицид дәрілерді қора ауласына бұрку немесе аэрозольмен тұмандату арқылы орындалады.

Мал қорасын ылғалды әдіспен дезинфекциялау үшін 0, 5-1% неоцидол эмульсиясы және суспензиясы, 0, 5% метанион эмульсиясы, 0, 1- 0, 2% ДЦВФ эмульсиясы, әрқайсысы 100-200 мл м2 мөлшерінде қолданылады

Slide 15

Дәріні бүркуге ДУК, ЛСД, ВДМ және т. б. машиналар мен агрегатгар қолданылады. Дезинфекцияны түгелдей немесе шыбын- дардың көбірек жиналатын жерлерін, ягни терезелер, багандар, қора төбесі, есігі және т. б. ғана қамту арқылы жүргізуге болады. Қора ішін аэрозольді түрд еДЦВФ препаратымен 5-10 мг м3 мөлше- рінде дәрілейді.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Зоофильді шыбындар
Парсы кенесі
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Дезинсекцияның әдістері
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Дератизацияның әдістері
Жабайы, кәсіби құс еттерін ВСС
ҚҰСТЫҢ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz