Қазақстанның ара шаруашылығы, оның қазіргі кезеңдегі жағдай және болашағы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультет «Ветеринариялық медицина» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның ара шаруашылығы, оның қазіргі кезеңдегі жағдай және болашағы

Семей 2017 жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ара шаруашылығы тарихы

ҚР омарта шаруашылығы

Ара өнімдері

ҚР ара шаруашылығының даму болашағы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Slide 3

Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т. б. ) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П. С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды.

Кіріспе

Slide 4

Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. П. Михаэлис, А. Н. Федоров, т. б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт. -батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә. Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды.

Негізгі бөлім:

Slide 5

Омарта

Slide 6

Ара балының дәмі, сорты ол омартаның орналасқанына байланысты

Slide 7

Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызыөнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т. б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады . Ал прополис, ара уы, т. б. осы сияқты араөнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады. [1]

Slide 8

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының көлемінде 1200 шағын, орта және ірі ара өсіруші жеке және заңды тұлғалар болса, олар жылына 100 тонна бал өндіреді. Облыста бал ара шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін әрбір ұяшығына мемлекет тарапынан 3190 теңге қолдау қаржы төленуде. Ал 2016 жылы 3 мың ұяшыққа 9570, 0 мың теңге қаржы бөлу жоспарланған

Slide 9

Оңтүстіктің омарташыларына қолдау көрсетіп отырған мекеменің бірі «Ырыс» микроқаржы ұйымы. Аталмыш ұйымнан қолдау алған шаруашылықтың бірі «ЭкоМёд» ЖШС. Серіктестік ара шарашылығын дамыту үшін қаржы ұйымынан төмендетілген жылдық мөлшерлеме негізінде 5 млн теңге несие алып, оған 480 дана ара ұяшығын сатып алған. Олар әр ұяшықтан шамамен 25-30 келі әсел өнімін алады. Биыл шаруашылыққа Австрия мен Украина елдерінен асыл тұқымды карпаттық бал аралары әкелінді. Араның бұл түрлері балды жақсы жинайды әрі ауа-райына жылдам бейімделеді. Балдың аққурай және таулы түрлерін өндіретін шаруашылық өндірілген өнімдерін Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына және көрші Ресей еліне экспорттаған

Slide 10

Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда

Slide 11 Slide 12

Сондай-ақ, облыста бал ара шаруашылықтарды ғылыми сүйемелдеумен айналысатын «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-де бал ара шаруашылығы секторы жұмыс істейді. Ал бал аралар аналығын қолдан ұрықтандырумен ЖК «Демидов» айналысып келеді. Айта кетейік, өңірдегі «Облыстық әуесқой омарташылар қауымдастығына» 250 бал ара өсірушілері мүше. Қауымдастық төрағасы Төрехан Нармұхамбетов ара өсіріп, омарташылықпен айналысудың қыр-сырын меңгеру бойынша өзара тәжірибелерімен бөлісу үшін жергілікті омарташылардың басын қосып тұрады. Мұндай алқалы басқосулар ара өсірушілерге ғана емес, осы кәсіппен айналысқысы келетін жандарға да қызықты екені даусыз. Бұл арқылы «қазақ баласына қол емес» дейтін омарташылық кәсіпке қазақ жастарының ынта-жігерін тудыруға әбден болады

Slide 13

Омартада ара ұясы, омарташының үйі, әр түрлі құрылыстар (ара қыстайтын, құралдар қоятын, бал сақтайтын кәріз, т. б. ) көшіп-қонуға арналған жиналмалы үйшіктер, Омарталық шеберхана, т. б. болады.

Slide 14

Ара еркін ұшып, бал жинауы үшін 2 км-дей жер керек. Омартада ара ұялары бір-бірінен 6 м, қатар аралығы 4 м қашықтықта, жерден 20 - 25 см биіктікте, ішіне жаңбыр суы құйылмайтындай етіп, сәл еңкейтіліп орналастырылады. Омартаның санына, көлеміне қарай бригадалар, бөлімдер құрылады.

Slide 15

Ара шаруашылығы өнімдері


Ұқсас жұмыстар
Ара шаруашылығының маңызы мен экологиялық рөлі
Ара шаруашылығының маңызы
Ара шаруашылығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Бәсеке туралы
Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
Қазақстанныңүшіншіжаңаруындағы цифрлық технология
Балық өңдеу
ҚР-дағы лизингтік қызмет және оның дамуы
Бірлестіктер экологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz