Пастереллез. Өтуі мен симптомдары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Пастереллез

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізі бөлім:

Қоздырғышы

Індеттік ерекшеліктері

Дерттену

Өтуі мен симптомдары

Паталогоанатомиялық өзгерістер

Балау

Емі

Имунитет

Дауалау және куресу шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Пастереллез - Pasteurellosis

Пастереллез - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.

Slide 4

Тарихи деректер

Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге

1878ж Болингердің сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды.

Slide 5 Slide 6

Қоздырушысы

Pasteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия.

Slide 7

Пастереллалар - жартылай ауасыбағалы микробтар. Кәдуілгі қоректік орталарда 37°С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскенде қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бүдыр (R) жэне кілегейлі (М) . Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан қосылған сорпада индол түзуі жэне нитратты нитритке дейін тотықсыздан- дыруы есептелінеді.

Slide 8

Пастереллез

Slide 9

Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сырткы ортада тез өледі. Көнде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін, мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сэулесінен бүл микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90°С температурада 5-10 минутта өледі. Барлық үйреншікті дезифектанттар қолданылып жүрген концентрациясында бірнеше минутта өлтіреді.

Slide 10

Індеттік ерекшеліктері

Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі қара мен жабайы күйіс қайыратын жануарларда біздің өлкемізде P. multocida В- типі, ал Африкада - P. multocida Е-типі қоздырса, қүста - P. multocida А-типі қоздырады.

Бұзауда P. multocida А-типі жэне P. haemolytica

Шошқада P. multocida А жэне Д-типтері мен P. haemolytica қоздырады.

Slide 11

Ауырған мал қоздырушы микробты мүрыннан аққан сора, дем алған- дағы ауа, сілекей, нэжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қора-жай, ауа, жемшөп жэне қүрал-сай- мандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus gallinae жэне Argas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың дене- сінде пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес шаруа- шылықта тышқандар мен егеуқұйрықтар қоздырушының бастауы жэне тасы- малдаушысы бола алады.

Slide 12 Slide 13

Дерттенуі.

Табиғи жағдайда пастёреллалар жануар денесіне тыныс және ас қорыту жолдары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы енеді. Енген орынында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның әсерінен көп жағдайда жануарлар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі (аяқ- талмаған фагоцитоз), улы заттардың пайда болуы жэне оның нәтежиесінде капилярлардың жаппай зақымдануына жағдай жасайды. , Бұлардың нэти- жесінде тері асты мен бұлшық еттер арасындағы шел ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып, геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы негұрлым уытты болса, соғүрлым тез өлітиеді

Slide 14

Жасырын кезеңнің үзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін.

Slide 15

Сиыр мен буйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде

Slide 16

Патанотомиялық өзгерістер

Аурудың ұзақтығы клиникалық түріне байланысты болады. Аса жіті жэне жіті өткенде өлген жануарлардың көптеген ағзаларында, кілегейлі және сірі қабықтарында геморрагиялық диатезге тән жаппай қанталаған өзгерістер кездеседі. Бауыр мен бүйректер өз қалпынан ауытқып, көкбауыр аздап домбығады. Сөл түйіндері ісініп, қара қошқыл түсті болады. Тері асты шелінде, әсіресе, аурудың домбыққан түрінде, денесінің әр жерінде сарысулы-фибринді жалқақтар болады.

Slide 17

Өкпе домбығып, онда крупозды пневмонияның бастапқы кезеңіне сэйкес өзгерістер кездеседі. Ішектегі түрі кезінде қарын мен бүкіл ішекте фибринді- геморрагиялық қабынуы байқалады.

Slide 18

Балау.

Пастереллезді індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістері негізінде, міндетті түрде бактериалогиялық тексеру жүргізіп анықтайды! Зертханаға емделген малдың өлексесінен өлгенінен 3-5 сағаттан қалдырмай көкбауырдың, бауырдың, бүйректің кесінділерінен, өз- геріске ұшыраған өкпенің телімін сөл түйіндерімен қоса жэне жілігін жібереді: Үсақ жануардың өлексесін тұтастай жөнелтеді. Жаздьщ күні патматериялды глицериннің 40% ерітіндісімен консервілейді. Пастереллезге тексер- генде пастерелланың ақ тышқан үшін зардапты таза өсінін алуға баса зейін қояды.

Slide 19

Құс пастереллезі

Slide 20

ҚҰс пастереллезі

Slide 21

Емі

Ауырған жауарды бөліп алып, жылы, қүрғак үйшікке орналастырып, жүмсақ төсеніш төсеп, қүнарлы жемшөппен қоректендіреді. Микробтарға қарсы ем ретінде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданады. Пастереллезге қарсы гиперимунды қан сарысуы ауру жедел өткен жағдайда, уақыт өткізбей, алғашқы белгілері біліне бастаған аурудың бастапқы кезеңінде пайдаланғанда ғана жақсы нәтиже. береді. Оны бүлшық ет ішіне немесе көк тамырға дауалық дозасынан екі есе артық мөлшерде пайдаланады. Сарысуды антибиотиктермен, сульфаниламид жэне симптоматиялық дэрілерт мен қосып қолданғанда жақсы нэтиже береді. Малдың күйжағдайын ескеріп емнің курсын толық жүргізу керек. Пастереллезбен :ауырған қүсты емдемейді.

Slide 22

Иммунитет

Пастереллезбен ауырып жазылған жануарларда 6-12 айға иммунитет қалыптасады

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Қоздырғыштың негізгі көзі - ауру және ауырып жазыл мал
Құс стоматиті
миокардит
Пастереллез. Pasteurella
Қызыл балықтың фурункулезі
Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Ірі қара малдың спорадикалық энцефаломиелиті
Гастрит жіктелуі
Шошқаның африкалық обасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz