Құрылыстағы бульдозер
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті
Құрылыстағы бульдозер
Орындаған: Тексерген:
Бульдозер – қалқаны бар өздігінен жүретін
жер қазғыш трактор. Бульдозерді құрылыс
алаңынан дайындау кезінде грунттың құнарлы
бет қабатын алу үшін қолданады; оның отвал
немесе транспорт құралына тиеу кезінде бір
шөмішті экскаватордың әсер ету аймағында
грунттың орын алмастыруы; отвалда грунтты
тасымалдаумен терең емес арналарды өңдеу
жолақты еңістерді тазалау; резервтен тұратын
себінділерді құру кезінде; жобалау
жұмыстарында ғимарат және құрылыстың
фундаменттерінің астын және аудандарды және
трассаларды жобалауда негіздерін тазалау
кезінде қолданылады. Бульдозер жұмысының
тиімділігі негізгі трактор мен оның тартып –
ілу қасиеттерінің өткізгіштігіне тәуелді.
Бульдозерлерді номинальды тарту күші мен қозғалтқышының қуаты бойынша тарту
күші 25 кН дейінгі және 45кН дейінгі аз габаритті, 25 -135 кН және 45 -125кН – жеңіл, 135
– 200кН және 120 – 150кН орташа, 200 -300 және 150 -225 ауыр, 225 – 300 кВт өте ауыр.
Бульдозерлік отвалдар көмекші жұмыс құралдары сияқты тазалау және жобалау
жұмыстары үшін пневмодөңгелекті экскаваторлар және басқа да машиналарды іледі.
Бульдозерлерді 1-4 категориялық қабат топырақ торын өңдеу және тасымалдауға,
сонымен қатар жортасты және тоңған топырақтарды босатуға қолданылады. Олардың
көмегімен құрылыс алаңын жоспарлауға, үйінді жасауға, ойпандарды және қазан
шұңқырларды өңдеуге, топырақтарды тегістеу, басқа машиналар төккен, фундаменттер
және коммуникациялар астына траншейлер қазу, шұңқырларды, траншейлерді, қазан
шұңқырларды және ғимарат іргетасының айналасын көму, алңды қардан, тастардан,
өсімдік қабаттарынан, түбірлерден, майда талдардан және құрылыс қоқыстарынан
тазалайды. Бульдозерлердің құрылыс өндірісінде кеңінен қолданылуы олардың
конструкциялардың қарапайымдылығын, беріктілігін және пайдаланылуда тиімділігі,
жоғарғы өнімділігі, қозғалмалығы және әмбебаптылығымен анықталады.
Тарту күші 25 кН дейінгі және 45кН дейінгі аз габаритті бульдозерлер:
Б8, ДЭТ-400, SHANTUI SD-13, SHANTUI SD08, CAT D3K, CAT D4K, CAT D5K, т.б.
Тарту күші 25 -135 кН және қуаты 45 -125кВт – жеңіл бульдозерлер:
SHANTUI SВ08Е-3, SHANTUI SD08-3
Тарту күші 135 – 200кН және 120 – 150кВт орташа бульдозерлер
Caterpillar D6/D6R, SHANTUI SD16, ЧТЗ С10, TD-9M, ДЗ-110, т.б.
Тарту күші 200 -300кН және 150 -225 кВ ауыр бульдозерлер:
Катерпиллер D9N, Т 330, Komatsu D85, D155, D355, Dressta TD-25
Қуаты 225 – 300 кВт өте ауыр бульдозерлер:
Шантуй СД16, Кomatsu 355, Комацу Д575 TD-20R, Т-800, т.б.
Бульдозердің жұмыс үрдісі
Бульдозердің жұмыс үрдісі келесі операциялардан тұрады: бульдозердің ысырылысын
тіректі беткі қабаттан төмен түсіріп, машинаның түр-өлшеміне байланысты 50...200 мм
тереңдетеді. Машина алдыға белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде, тереңдетілген
ысырылыс беткі қабатты белгілі бір t қалыңдыққа кеседі. Ысырылыстың алдында
топырақтың призмасы пайда болғаннан кейін оны алдыға жүру кезінде қашықтыққа
тасымалдайды және бір мезетте материалды кеседі. Кесу арқылы призмадан шеткі
валиктарға шашылатын топырақтың шығымы өтелінеді. Топырақты тастайтын орынға
келген кезде ысырылысты машина қозғалысымен бір мезетте көтереді. Топырақ призмасы
штабель құрып шашылады. Бұдан кейін көтеріліп тұрған ысырылысы бар бульдозер артқы
жүріспен жылдамдығымен кесуді қайталау үшін бастапқы жағдайға қайтып оралады.
Сурет. 1. Топырақты даярлау кезіндегі
бульдозердің жұмыс схемасы:
а - кесу;
б – кесумен бірге тасымалдау;
в - төгу;
г – артқа қайту (жай жүріс)
Топырақты кесу үрдісі, материалды
кесумен бірге тасымалдау және топырақты
төгу үрдістерін жұмыс жүрісі деп атайды, ал
машинаның артқа қозғалысын – жай жүріс
деп атайды.
Барлық уақытта бульдозердің алдына
қойылған негізгі тапсырма – қысқа ара
қашықтыққа үлкен көлемдегі топырақтарды
тасымалдау. Бульдозер тасымалдауды
тасымалдайтын массаны жерден көтермей-
ақ, яғни жылжыту арқылы орындайды. Ол аз
іс-әрекеттерді атқара отырып, ысырылыс
арқылы топырақты анықталған, нақты
белгіленген деңгейде кесуі арқылы жұмысты
айтарлықтай тез орындайды.
Құрылыстағы бульдозер.
Сурет 2. Бульдозерлармен атқарылатын негізгі
жұмыстың түрлері
Бульдозерлармен атқарылатын негізгі жұмыстың
түрлері: ағаштарды қазу, топырақтарды тасымалдау,
каналдарды құру және т.б.
Бульдозер тағайндалуы бойынша, тарту класы бойынша және базалық машинаның жүру
қондырғыларының типі бойынша жұмыс органының конструкциясы және отвалды басқару
жүйесінің типі бойынша класификациланады.
Тағайындалуы бойынша бульдозерлер жер қазу – тасымалдаудың негізгі түрлерін атқаруға
қолданылатын жалпы және әртүрлі топырақтарда жұмыс жасайтын қосалқы тағайындалулары
және арнайы қаситтері ерекше топырақтар немесе технологиялық жағдайларда арнайы
жұмыстарды орындауға арналған болып бөлінеді. Соңғылары (арнайы) итергіш бульдозерлер,
жер асты және су асты бульдозерлер жатады.
Тарту класына байланысты базалық машиналар кіші габарит (класс 0,9 дейін), жеңіл (класс
1,4...4), орташа (класс 6....15), ауыр (класс 25...35), және өте ауыр (класс 35-тен жоғары) болып
бөлінеді.
Жүру қондырғылардың типі бойынша шынжыр табанды және доңғалақты болып бөлінеді.
Жұмыс органдарының конструкциясы бойынша бульдозерлер жоспар отвалының
бұрылмайтын және бұрылатын отвалымен ол тракторға перпендикулярлы немесе 53 градусқа
дейін екі жаққа продольді оске бұрышпен орналасуы мүмкін.
Басқару жүйесінің типі бойынша бульдозерлер гидравликалық және механикалық басқару
болып бөлінеді.
Құрылыстағы бульдозерлердің негізгі
механизміне сипаттама сұлбасы
Бульдозер (3 сурет) негізгі пневмодөңгелекті
немесе гусеничті трактордан 8 және универсальды
рама 3 ( 3 сурет ) немесе итеретін екі қырлы бөрене
арқылы 2 шарнирмен 1 негізгі тракторға
жалғанған, оның төменгі бөлігінің пышақтарымен 2
және цилиндрлі жұмыс жазықтығымен отвал 5
түріндегі ілінуші жұмыс құрылғысынан, отвалмен
басқарылатын гидравликалық жүйеден тұрады.
Сурет 3. Бульдозер сұлбасы
Итеруші қырлы бөренедегі отвал қабырғасы болады және машинаның өтуші
осіне перпендикуляр кесуші пышақтың шеті орнатылған. Тік жазықтықтағы
отвал еңісін көлбеумен немесе олардың ұзындығын өзгерту жолымен , я болмаса
отвалға бекітілу жағдайында немесе итеруші қырлы бөренемен реттейді.
Транспортты жағдайдан жұмыс жағдайына ауыстыру кезінде және керісінше
негізгі трактордың гидравликалық жүйесінің жұмыс сұйықтығымен қоректенетін
бір немесе екі гидроцилиндр (7) отвалмен басқарылады. Мұндай отвалды
бульдозерлер қолайсыз деп аталады, негізінен грунтты қабатты өңдеу кезінде
қолданылады. Бульдозерлердің кейбір үлгілерінде бір көлбеу ұзындығының
немесе оның бекіту орнының өзгерісімен, тік жазықтықтағы ( 3 сурет)
гидроцилиндрмен (4) еңісті реттеу қарастырылған. Итеруші қырлы бөренесі бар
бульдозердің сұлбасі 3 суретте қарастырылған.
Бульдозерлерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері .
1. Жұмысқа бульдозермен жұмыс жасайтын, пайдалану ережесін білетін тракторшылар
алынады.
2. Тракторшы- бульдозерші арнайы киіммен жұмыс жасауы керек.
3. Ауысым басталғанға дейін бульдозерші жұмыс аймағын қарау керек.Жер асты
құрылыстары жүргізіліп жатқан орынға әкімшілік арнайы ескерту белгісін орнату қажет.
4. Электр желісінің маңына бульдозермен топырақты үйуге тыйым салады.
5. Түнгі мезгілде жұмыс атқарылған кезде жұмыс аймағы жарықтандырылуы тиіс.
6. Жұмыс кезінде бульдозерші қайырманы (отвал) үнемі бақылап отыруы керек;
пышағы соққы алған кезде машина тоқтатылады.
7. Трактор жылдамдығы орындалатын операцияға сәйкес болуы керек.
8. Кабина болмаған кезде бульдозерші шаңнан қорғану үшін арнайы күннен қорғайтын
көзілдірік киуі шарт.
9. Жұмыс кезінде бульдозерге тыйым салынады:
•Жұмыс уақытында қозғалтқыш тетіктерін реттеуге, бекітуге, майлауға;
•Қозғалыс кезінде машинадан шығуға .
10. Жарылыс жұмыстары кезінде бульдозер қауіпсіз алаңда болуы керек. Жұмыс орнына
"тоқтатылды "деген сигналдан кейін оралады.
11. Халық шоғырланған аймақта бульдозермен жұмыс атқарылғанда қоршаулар
орнатылуы тиіс.
12. Сақтандырғыш сорғы клапанын реттеу тек манометр көмегімен рұқсат етіледі.
13. Егер трактор қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған жағдайда, тракторшы машинаны
қалдырып кетуіне тыйым салынады.
14. Жер қазатын машиналар дыбысты сигнал берумен жабдықталу керек. Машина
жүргізушілеріне байланысты барлық жұмысшыларға сигнал мағынасы түсіндірілген болу
тиіс.
15. Жұмыс жасап жатқан бульдозергебөгде тұлғалардың жақындауына тыйым салынады
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz