ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕН ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Slide 1

Қазақстандағы

Кеден құқық негіздері

Slide 2

Кеден құқығы дегеніміз - кеден қызметі аясындағы

қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы

Кеден құқығының қайнар көздері

Қазақстан Республикасы Конституциясы,

Президент Жарлықтары мен Қаулылары

Кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттар мен келісімдер.

Кеден комитетінің актілері,

Заңдар, Үкімет актілері

Slide 3

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу)

Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

Slide 4

1995 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.

“Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Президент Жарлығының қабылдануы да және 1996 жылы 19 қыркүйекте Үкімет қаулысымен бекітілген № 1119 “Кеден органдарында қызмет ету тәртібі туралы” ереженің және Акт мәтінінің қабылдануы да еңбек заңдарының жалпы ережелерін толығымен алмастыра алмайды. Осыларға қоса Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік қызмет туралы” Заң күші бар Жарлығы да белгілі бір деңгейде қосымша болады.

Slide 5

Кедендік құқықтық нормалардың белгілері:

1) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына қолданылады;

2) кедендік құқықтық нормалар тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға байланысты қатысушылардың барлығына міндетті;

3) заңды жауаптылық.

Slide 6

Тауарларды кедендік декларациялаған кезде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мына түрлері қолданылады:

1) тауарларға арналған декларация

4) көлік құралына арналған декларация

2) транзиттік декларация;

3) жолаушыларға арналған кедендік декларация;

Slide 7

Кеден құқығының жалпы бөлімінде қарастырылады

мемлекеттің кедендік саясаты

кеден ісі секілді негіз салушы институттар,

кеден органдары қызметінің құқықтық - ұйымдастырушылық мәселелері

Кеден құқығының заңдық нормалары құқықтық категорияларға, институттарға біріктіріліп, кеден ісінде қолданылатын түсініктер ретінде берілуі мүмкін. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған

Slide 8

ерекше бөлім (процессуал-дық бөлім) .

тауарлар

көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмдері

кедендік режимдерді

кедендік төлемдерді

кедендік рәсімдеу

кедендік бақылауды

сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер

кедендік статистика, мен проференциялар

Slide 9

Кедендік құқықтық нормалардың құрылымы:

гипотеза,

диспозиция,

санкция

Кедендік құқықтық нормалардың түрлері:

материалдық

процессуалдық

Slide 10

;

Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі - кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:

1) ҚР-сы кеден ісі кодексінен

2) қабылдануы ҚР-сы кеден ісі кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Slide 11

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;

5) кеден одағының кедендік

4) кеден бекеттерінен;

шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) Мамандан- дырылған кеден мекемелерінен тұрады.

3) кедендерден;

Slide 12

Кеден органдары қызметінің принциптері:

4) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

1) заңдылық;

2) баршаның заң алдындағы теңдігі;

3) жариялылық принциптерінде құрылады.

Slide 13

. Кедендік бақылау - кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.

Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:

1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын

Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының

лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде,

тұрақты рұқсат қағазы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін

қаулы;

4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары

кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей

байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында

оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

Slide 14

Кедендік бақылаудың нысандары:

1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

2) ауызша сауалнама

3) түсіндірмелер алу;

4) кедендік қадағалау

5) кедендік қарау;

6) кедендік тексеріп қарау;

7) жеке кедендік тексеріп қарау;

9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау;

8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;

10) кедендік тексеру кедендік бақылау нысандары болып табылады.

Slide 15

Назарларыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
Кеден органдары лауазымды тұлғаларының кәсіби - психологиялық дайындығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ
Кеден органдарының міндеттері
КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ
Халықаралық саудаға мемлекеттің әсер етуі
Әкімшілік жауапкершілік
Қазақстанның сыртқы саясаттағы орны
Кедендегі ветеринариялық менеджмент
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
ҚР кеден құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz