Қылмыстық құқық негіздері: қылмыс құрамының элементтері және қылмыстық жауаптылық


Slide 1

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Slide 2

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ - ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАЗАНЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНАН ТҰРАТЫН ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ

Slide 3

ҚЫЛМЫС- ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКС БОЙЫНША ЖАЗАЛАУ МҮМКІНДІГІМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНЫНҒАН, ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ӘРЕКЕТ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТСІЗДІК.

Slide 4

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ДЕП ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ӘРЕКЕТТІ ҚЫЛМЫС РЕТІНДЕ СИПАТТАЙТЫН ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ БЕЛГІЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫН АЙТАДЫ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДЕН ҚҰРАЛАДЫ. ЕГЕР ОСЫ ЭЛЕМЕНТТІҢ БІРЕУІ БОЛМАСА ҚЫЛМЫС ЖАСАЛДЫ ДЕП АЙТА АЛМАЙМЫЗ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ- ОБЪЕКТ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІ ЖАҒЫ, СУБЪЕКТ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ.

Slide 5

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Субъектісі және субъективтік жағы

Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек.

Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның өз іс-қылығына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық нысанында көрініс табады

Объектісі және объективтік жағы

Қылмыс объектісі - бұл қылмыстық іс-қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншіқ ұят, ар-абырой. Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік мағынасындағы сыртқы көрінісі

Slide 6

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана обьектісі, бір ғана обьективтік жағы ғана болуы. Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады.

Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы) . Мысалы, екі обьектіге бірдей қол сұғуын (179-бап - қарақшылық) . Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап, 2-бөлігі және т. б. )

Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

Slide 7

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Slide 8

Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы - ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады

Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі

Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді

Қылмыстық құқықтық реттеу мынадай 3 жолмен жүзеге асады:

Slide 9

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:

шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы) ;

қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы) ;

жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы) ;

жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы) ;

ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы) ;

рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы) ;

Slide 10

ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

Материалдық (нәтижесінде өзгелерге зардабы тиетін қылмыс)

келте қылмыс (пара беру, қызмет жөніндегі жалғандық)

Формальдық (зардабы болмайтын қылмыс)


Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық: қылмыс құрамының элементтері, жазалануы және жазадан босату негіздері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: негіздер мен қылмыс құрамының элементтері
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: негіздері, құрамы және қылмыстық жауаптылық
Құқық негіздері және медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, түрлері және қылмыстық жауаптылығы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу: түсінігі, белгілері, қатысушылардың түрлері мен қылмыстық жауапкершілігі
Қылмыс құрамы: заңды негіздері мен элементтері
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: ҚР Қылмыстық кодексінің 205-213 баптарына талдау
Жеке қылмыс: қылмыстық-құқықтық принциптер, белгілері және қылмыскер тұлғасы
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік: кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен жазалау түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz