БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ


Slide 1

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ

С. Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

Орындаған: 203 топ студенті

Мылтықбаева Г. А.

Тексерген: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ассистент Титанов Ж. Е.

Астана-2018 ж.

Slide 2

Азық түрі

Сүт өндіру үшін

Сары май алу үшін

Сыр өндіру үшін

Жоғары сапалы сүрлем

35

35

15-30

Азықтық қызылша

40

40

20-35

Сәбіз

25

25

16

Картоп

20

20

10

Тамыр жемістілер жапырағы

12

14

8

Бидай кебегі

6

4

3, 5

Сұлы

4

2, 5

3

Жүгері

4

2

3

Қарабидай, арпа

4

3

3

Бұршақ дәні

1, 5

1, 5

1, 5

Зығыр, күнбағыс күнжарасы

4

2, 5

2

Кендір күнжарасы

1, 5

1

1, 3

Сыра ашытқысы

16

16

8

Құрғақ сыра ашытқысы

2, 5

2, 5

1, 5

Барда

30

30

30

Картоп мезгасы

20

12

8

Қызылша жомы

40

30

16

Сүрлемдеген жом

30

20

10

Құрғақ қызылша жомы

5

3, 5

2

Азықтық сірне

1, 5

1, 5

1, 5

Сүтті сиыр рационындағы жемшөптің шектік мөлшері, кг

Slide 3

Күздік қара бидай тағамдық мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдаланылады. Ол тез өседі, көктемде ең ерте көк балауса береді. Күздік қара бидайды пішенге өсіру Батыс Қазақстанда ірі сабақты жемшөп өндіруді арттырудың басты резервтерінің бірі болып табылады. Бұл дақылдың жоғары дәрежедегі түптенуі және тез өсуіне байланысты қара сұлы, қалуен сияқты арамшөпті басып өсірмей тастауға көмектеседі. Сондықтан ол алқаптарды арамшөптен тазартушы ролін атқарды. Күздік қара бидай отамалы дақылдарға жақсы алғы дақыл.

Slide 4

Аудандастырылған сорттар. Батыс Қазақстан облысында күздік ақ бидайдың - Миронов 808, Лютесценс 72, Куйбышевка, Саратовская 90, күздік 15 қара бидайдың - Саратов ірі дәнді, Саратовская 4, Саратовская 5 сорттары кең таралған.

Slide 5 Slide 6

Арпа. Батыс Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді дақылдардың ішінде барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1, 2-1, 3 азықтық өлшем імен 100 г дейін сіңімді протеин бар.

Батыс Қазақстанда орта есеппен 110-135 мың. га арпа себіледі

Slide 7

Қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен тары басқа далалық өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынның біріне ие. Қуаңшылық аудандарға өте қажетті дақыл. өңдеу нәтижесінде алынатын ақталған тары, арпа және сұлы жармаларынан асып түсетін жоғары дәмділік сапасымен және қоректік қасиеттерімен ерекшеленеді. Оның құрамында орта есеппен 81 % крахмал, 12 % белок, 3, 5 % май, 0, 15 % қант, 1, 04 % клетчатка болады. Тары сабаны мен мекенінің құрамында 0, 41 азықтық өлшемі бар және мал азықтық құндылығы жағынан шалғындық пішенге таяу.

Slide 8

Асбұршақтың тұқымында 20-36 % белок, 52 % дейін азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ), 1, 5 % май, 3, 5 % клетчатка және 2 % күл болады. Асбұршақ азық-түлік және жемшөпке пайдаланылады, сұлы және басқа бір жылдық дақылдармен араластырылып пішен, көк балауса, пішендеме және витаминді шөп ұнын алуға өсіріледі.

Slide 9

Ноқат - азық-түліктік және мал азықтық дақыл. Тұқымында көп мөлшерде белок (22-31 %), май (4, 1-7, 2 %), және азотсыз экстративтік заттар (47-60 %) бар. Ноқат сабағын көмкеріп тұратын талшықтарда сүт және қымыздық қышқылы болғандықтан оның көк балаусасын малға тікелей жемшөп ретінде пайдаланбайды, тек ұсақталған күйінде кәдеге жаратылады.

Ноқаттың басты бағалы қасиеті оның қуаңшылыққа төзімділігі.

Slide 10

Қыша тұқымының құрамында оның түрі және басқа факторларға байланысты 30-дан дейін жартылай кебетін өсімдік майы болады, ол нан, консерві, кондитер, сабын өндірісінде қолданылады, аздап тамаққа да пайдаланылады, алайда сапасы жағынан күнбағыс майынан төмен. Тұқымда парфюмерияда қолданылатын эфир майы да (0, 5-1, 5 %) бар. Күнжарасынан қыша ұнтағы өндіріледі, ал одан асхана қышасы мен медициналық қышалықтар дайындалады. Сонымен қоса бал беретін өсімдік, оны малазық, сүрлемдік және сидераль дақылы ретінде де өсіреді.

Егістікте қышаның екі түрі тараған-ақ және көкшіл сұр (сарепт қышасы) . Батыс Қазақстан жағдайында қуаңшылыққа төзімді ретінде көкшіл сұр (сарепт қышасы) қыша жоғарырақ бағаланады.

Slide 11

Басқа майлы дақылдар ішінде күнбағыс егістіктің 70 %, барлық өнімнің 85 % және мемлекеттік тұқым майын сатып алудың 90 % қамтамасыз етеді.

Тұқымды өңдегеннен кейін қалатын қалдықтар күнжара мен шрот бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 100 және одан да жоғары азықтық өлшем бірлігі бар, әрі сіңімді протеинге бай. Үгітілген кәрзеңкелері мал азығына жұмсалады және олар тұқым өнімі массасының 60% құрайды (оның 100 килограмы 80 кг азықтық өлшемге тең) .

Күнбағыс сүрлемдік дақыл ретінде кеңінен пайдаланылады. Мезгілінде және сапалы жиналған күнбағыс сүрлемі қоректілігі және сіңімділігімен ерекшеленеді. Оның құрамында 2, 5 % протеин, 0, 8 % май, 17 % көмірсутек, көп мөлшерде фосфор, кальций және каротин бар.

Slide 12

Екпе танаптарда мал азығын өндіру қазіргі уақытта мал шаруашылығына төмендегідей азық түрлерін береді:

құнарлы,

шырынды (сүрлем, тамыржемістер),

сабақты (пішен, сабан, басқа қалдықтар) ;

мал азығының мынадай бөлінуі де қолданылады:

көк балауса (жоғары 60-80 % сұлы азықтар),

сабақты азықтар (пішен сәбіз, турнепс, картоп),

сүрленген азықтар,

құнарлы азықтар

техникалық өндірістің қалдықтары (май жасау, ұн тарту, крахмал, қызылша қантын өндіру және басқалардың) .

Slide 13 Slide 14

Сүрлемдік жүгері Мал шаруашылығын дамытудың алғы шарты - тұрақты мал азығы қорын жасау болып табылады. Батыс Қазақстан облысында мал азықтық негізгі дақылдардың бірі сүрлемге арналған жүгері. Батыс Қазақстанда жүгеріден алынатын мал азығының қуаттылығын арттыру жолдары - оны дәндік технологиямен өсіру, балауызданып пісу кезеңінде жинап алу, ол сүтті-балауызды кезеңде жинағаннан гөрі 50 % жоғары түсім береді.

Slide 15

Жоңышқа көпжылдық шөптердің ішінде құнды биологиялық және мал азықтық қасиеттерімен ерекшеленеді. Басқа бұршақтылармен салыстырғанда жақсы қорытылады, протеині мол (1 кг шөпте 150- 180г), минералдық қосылыстарға және витаминдерге бай. Оның басты құндылығы - шабылғаннан кейін тез қайта өсуі және бір жерде 6-8 жыл және одан көп жыл өнім беретіні. Ыстыққа-суыққа төзімді, топырақты органикалық заттармен байытады.

Slide 16

Бұршақтылар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Шөп, сенаж, жемдік ұнтақ, жасыл азық ретінде қолданылады. 1кг шөпте орташа есеппен 0, 50-0, 60 азықтық бірлік, 150-180 г қорытылатын протеин бар. 60-80 см биіктікке дейін бұталанып өседі, тамыры өте мықты. Жоңышқаға қарағанда жапырақтары оңайлықпен түсе қоймайды. Жайылымдарды зарарсыздандырғанда малдың тимпанит жұқтыруына жол бермейді. Эспарцет-жақсы балды өсімдік.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Меркі ауданы ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы
Жеміс жидектер өндірісі
Қостанай облысы Павлодар облысы
Ауыл шаруашылығын дамыту
Солтүстік қазақстан экономикалық ауданы
Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Жануарларды қорғау
Қарағанды қаласы
Ірі химия өнеркәсіптері
Агробизнес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz