Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер


Slide 1

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

ASTANA-2018

Көпжылдық бұршақ

тұқымдас шөптер

Орындаған: 203 топ студенттері

Мылтықбаева Г. А.

Жумабекова Л.

Өмірзақ К.

Айтбай Ә.

Досжанова А.

Slide 2

Жоңышқа (Medicago Sativa) жоғары сапалы пішендер, витаминдік шөп ұны және витаминдік үстеме жем алу үшін қолданылады. Жоңышқаның 1 кг пішенінде 0, 50-0, 62 а. ө., 120-175 г сіңімді протеин, 9, 4-15, 2 г кальций, 1, 3-2, 2 г фосфор және 17-29 мг каротин болады. Сонымен қатар жоңышқа топырақты азотпен байытады.

Slide 3

ТМД-де жоңышқаның мәдени және жабайы жағдайдағы 30 дан астам түрлері кездеседі. Бірақ, барынша көп тарағаны тек екі түрі:

егістік

сары жоңышқа

Жоңышқа - биіктілігі 50-150 см, тамыр мойнынан таралған мол сабақты көпжылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, үштік. Гүлшоғыры - бұтабас, 12-16 гүлден тұрады. Гүлдері қосжынысты, гүлдерінің түрлері әр түрлі: көгілдір, ақ, сары. Жемісі - көп тұқымды бұршақ, спираль немесе орақ тәрізді. 1000 дәннің массасы 1, 0-2, 7 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлар, топырақтың 5-7 м тереңдіктеріне дейін өседі.

Slide 4

Көпжылдық жоңышқаның барлық түрлері өсімдіктердің жаздық тектеріне жатады. Егістік жоңышқаның өсуі тез, 2-3 рет шабуға болады, ал суармалы жерлерде 5-7 дейін шауып алуға болады. Сары жоңышқа тапал бойлы, өсуі шабан, бір кейде екі щабуға ғана болады және егістіліктен өнімділігі де көп есе аз, бірақ қысқа, қуаңшылыққа, тұзға төзімділігі, аурулар және зиянкестермен зақымдануы бойынша, сондай ақ көп жыл жасауымен ерекшелінеді.

Slide 5

Эспарцет

(Onobrychis) бағалы мал азықтық өсімдік, жоңышқадан айырмашылығы, малдарда тимпания ауруын туғызбайды, көп мөлшерде сіңімді протеин, С витаминінін және кальцийді құрастырады. Ол сол сияқты жақсы азотжинағыш және астық дақылдары үшін таптырмайтын алғыегіс.

Slide 6

Эспарцет сабақтарының биіктілігі 50-120 см, түктері бар, күшті бұтақталған өсімдік. Жапырақтары дарақос қауырсынды, 7-12 қос жапырақшасы болады. Жемістері - жартылай шеңберлі жұмыртқа тәрізді - бұрышты формалы бұршақ, бір тұқымды жарылмайтын торлы болып келеді. 1000 бұршақтың массасы 20 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы, күшті дамыған, 3-6 метрге дейін тереңге бойлайды.

Эспарцеттің (140 артық) түрлері белгілі, олардың ішінде үш түрі кең тараған: кәдімгі, құмдық және алдыңғы Азия немесе Закавказдық. Солтүстік Қазақстанда ең көп тараған және қысқа, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекщеленетін түрі құмдық эспарцет.

Slide 7

Түйежоңышқа

(Meliolotus) - бағалы мал азықтық дақыл. Көк балаусасы мал азығына, пішен, сүрлемдік масса үшін пайдалынылады. Құрғақ массасындағы ақуыздың көлемі 19% дейін болады.

Slide 8

Түйежоңышқаның сабағы тік тұратын, бұтақтарының төменгі жағы жалаңаш, ал жоғарғы жағында қысқа түктері бар. Жапырақтары үштік. Гүлдері - гүлшашақ. Сары түйежоңышқаның гүлдері сары, ақтарында - ақ гүл. Жемістері - бір тұқымды бұршақ. Тұқымдары шеңберлі формалы, сары және сары-жасыл түсті. 1000 дәннің массасы 1, 5 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы, көлденең тамырлары күшті дамыған.

Slide 9

Түйежоңышқа мелилотус туыстарына жатады, оның құрамына екіжылдық және біржылдықтардың 16 түрі кіреді. Бұрынғы Кеңес үкіметінің аумағында түйежоңышқаның оннан астам түрлері өседі. Барынша маңызды екі түрі бар: ақ және сары түйежоңышқа. Егістерде көбінесе ақ түйежоңышқа өсіріледі, олар пішен, пішендеме және сүрлемдік масса үшін пайдалынылады. Бірақ сары түйежоңышқаның ақтарға қарағанда мал азықтылығы кемдеу және қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі төмен.

Slide 10

Жоңышқа және эспарцеттің тұқымдары өне бастайды 2-3˚

көктеуіне қолайлы жағдай 3-4˚ Топырақтың дәлділік ылғалдылығында, тұқымның өнуіне қолайлы температура 18-25˚,

орташа тәуліктік температура 6-8˚ болғанда, тұқымдардың өнуі 15-20 күнге дейін созылады.

Егін көгі 3-6˚ бозғырауға төтеп береді. Көктеу, ауаның орташа тәуліктік температурасы көктемде 7˚ шамасында болғанда басталады.

Солтүстік Қазақстан жағдайында, шөптердің тұрақтылы өнімдерін алуға, керекті жылулылық жеткілікті.

Slide 11

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің сорттары

Slide 12 Slide 13

Жоңышқа

Көкше - Көкшетау мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе танабында көк буданды және сары жоңышқа үлгілерін тозаңдандырып, олардан топтық іріктеу әдісімен алынып шығарылған. Авторы: У. Х. Хасенов. Бұтағы - тік тұратын. Сабағы орташа дөрекі, нашар түктенген, өсімдік биіктігі 75-80 см, бұталануы орташа. Жапырақтары орташа мөлшерлі, жұмыртқа пішіндес, нашар түктенген. Жапырақтануы 54-58%. Гүл шашағы орташа ұзындықты, шоқпарбас, орташа борпық. Гүл жапырақшалары ала-құла. Бұршаққап 1-3 оралымды, ірі, бүйрек тәрәздес, қоңыр-сары түсті.

Орташа пісетін сорт. Көктемгі өсуден алғашқы шөпке дейінгі аралық 53-55 тәулік, тұқымының шаруашылық пісуіне дейін 115 тәулік. Қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары. Қоңыр дақпен, жалған ұнды шықпен зақымдануы нашар. Ылғалдылыққа өте сұранысты сорт.

Slide 14

Нүрилә - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А. И. Бараев атындағы Қаз АШҒЗИ-ның Көкшетаулық филиалы бірігіп шығарған. Сорт Көкше сортымен босретінде биотопты тозаңдандыру арқылы алынған. Қысқа және қуаңшылыққа өте төзімді. Тұқымдық және шөптік өнімділігі бойынша аудандастырылған Көкше сортын салыстырмалы түрде 45% және 19% артық. Ақуыз мөлшері 15%.

Морфологиялық стпаттамасы: тамыр жүйесі жақсы дамыған, кіндік тамырлы, 1 м тереңдікке дейін барады, бұтағы тік тұратын, жапырақтануы 48-54%; жапырақтары орташа мөлшерлі, ұзартылған-ланцетті және кері жұмыртқа тәріздес, ашық-жасыл, жасыл түсті. Гүл шашақтары ұзынша-сопақша келген шақпарбас, гүлдері көп. Бұршаққабы спиралды-оралымды. Тұқымдары ұсақ, 1000 дәннің массасы 2, 6 ± 0, 4г, жұмыртқа тәріздес, ашық-қоңыр түсті.

Slide 15

2001 жылы мемлекеттік сорт сынауға берілген. Солтүстік Қазақстан жағдайында шалғынды және далалық шөп есебінде егуге ұсынылған. Шортандинская 2. Бүкіл одақтық АШҒЗИ-да будан популяциясын жаппай іріктеумен тибеттік үлгісінен егістік жоңышқаның бірнеше сорт- тарынан ерікті тозаңданумен алынған. Авторы: В. П. Кузьмин. Көк буданды сорттық типке жатады. Бұтағы құлап жататын, жартылай тік тұратын, жар- тылай жатаған. Сабағы орташа жуан, дөрекі емес. Өсімдіктің биіктігі 50-70 см. Жапырақтары орташа мөлшерлі, эллипсті, ұзартылған-ланцетті және кері жұмыртқа тәріздес, сағақтың төменгі жағында қысылған және тікірейген түктермен сәл түктелген. Жапырақтануы жақсы 40-55%. Гүл шашақтары орташа ұзындықты және орташа тығыз, шоқпар бас кейде целиндрлі. Гүл жапырақшалары ашық-көкшіл, ақшыл, сарғыш жасыл және ашық сары. Бұршаққап 1-3 орамалы, ірі, ашық-қоңыр, қоңыр.

Slide 16

Карабалыкская 18. Сорт Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе танабында Солтүстік Қазақстандық жергілікті сорттарын ерікті тозаңдандырып ішінен жаппай іріктеумен шығарылған. Авторы: селекцио- нер Ф. М. Маштаков. Ала-құла буданды сорттық типке жатады. Бұтақтануы орташа. Сабағы дөрекі емес, жақсы бұталанған (түпте 10-12 сабақ), өсімдіктің биіктігі 55-80 см. Жапырақтары элипсті және ланцетті, төменгі жағында нашар түктелген. Жапырақтануы орташа 50-60%, біркелкі. Гүл шашағы қысқа және ұзын целиндрлі, орташа борпылдақ. Гүл жапырақша- лары күлгін, көкшіл-күлгін, сарғыш-жасыл. Бұршаққап - шалғы тәліздес, тұқымдары ірі. Бұршаққап 1, 5-3, 5 спиралды орамалы, ірі, ашық-қоңыр, қоңыр. 1000 дәннің массасы 1, 9-2, 0 г.

Slide 17

Марусинская 425. Сорт Моршан селекциялық танабында жабайы өсетін жергілікті популяциядан жаппай іріктеу жолымен алынып шығарылған. Авторлары: В. П. Струве, М. Н. Демина. Европалық жоңышқа, сары буданды сорттық типке жатады. Бұтағы жартылай жатаған және құлаңқы, түптену бөлігі топырақ бетінен 3-6 см төмен орналасқан. Сабағы көктемде және күзде өскенде іредік болғаннан жерге жабысқан, жіңішке болсада кейін көтеріледі, тығыз, дөрекі емес, жақсы бұталанған. Бұтақтары тік және үшкір бойымен тарайды. Өсімдіктің шөпке шабардағы биіктігі 44 см, тұқымға 67 см. Жа- пырақтары орташа және ұсақ мөлшерлі, элипсті және ланцетті, төменгі жағында қысқа және қысылған түктермен түктелген. Жапырақтануы жақсы. Гүл шашағы қысқа, тығыз, шоқпарбас және кейде қысқа целиндрлі, 13 шақты гүлі бар. Гүл жапырақшалары өсімдіктің 50-60%-да сары, 10-30%-да сарғыш, сары және сарғыш-ашық, көк, 15-17%-ашық көк, 3-5%-да көгілдір және күлгін түсті. Бұршаққап 1 ден 2, 5 оралымды, ашық және қара қоңыр түсті.

Slide 18

Семиречинская местная. Алматы облысының жергілікті сорты. Азияттық жоңышқа, түркістандық буданды сорттық типке жатады. Бұтақ- тары жартылай жатаған және құлаңқы. Түптену бөлігі топырақ бетінен көп төмен тереңдікте орналасқан. Сабағы селдірең келген шалғында доға тәрізі майысқан пішінді, гүлдену кезеңінде жоғары қарай бағытталанады, жуан- дықтары орташа, диаметрі 2, 5 см шамасында, буынаралықтарының ұзындығы орташа (4, 3 см-дей), орташа бұтақтанған. Бұтақтары тік және ұшқыр бойымен тарайды. Өсімдіктің шөпке шабардағы биіктігі 50 см, тұқымға 80 см. Жапырақтары орташа мөлшерлі, элипсті және жіңішкеланцетті, кейде кері жұмыртқа тәріздес, түкті. Түктерінің ұзындық- тары орташа, доға тәрізді майысқан немесе қысыңқы. Жапырақтануы орта-шадан жоғары - 40-50%. Гүл шашағы ұзын емес, орташа тығызды, целин- дрлі, 17 шақты гүлі бар. Гүл жапырақшаларының түсі көгілдір. Бұршаққап 3-4 оралымды, ірілігі орташа, қара-қоңыр түсті.

Slide 19

Эспарцет

Песчаный улучшенный - Қарағанды МАТС-да, эспарцеттің Песчаный 1251 сортын жаппай сұрыптаудан алынған. Украиндық экологиялық топқа, құмдық эспарцет түріне жатады. Өсімдігі аласа бойлы, тік тұратын бұта қалыптасады, жапырақтылығы 46-50%, шабылғаннан кейін алшынкөгі нашар өседі және әдетте бір-ақ шабыс береді, жекелеген, ылғалдылығы өте қолайлы жылдары шамалы өнімді екінші шабыс береді. Сорт қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді. Сабақтарының жуандылығы орташа. Жапырақтары ланцетті, аздап түктенген, түстері жасыл. Гүл шашағы бұратылған шашақгүл. Гүлдері қызғылт түсті. Гүлденулері кеш, маусымның аяғында.

Slide 20 Slide 21

Түйежоңышқа


Ұқсас жұмыстар
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Ауыл шаруашылық малы өнімділігінің түрлері
Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар
Көпжылдық өсімдік
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Ауыспалы егіс
КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Ноқат дақылы
Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдары зиянкестерінің түр құрамы, жоңышқа қандаласы
Құлқайыр гүлдер тұқымдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz