ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ туралы




Презентация қосу
С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
және өңдеу технология кафедрасы

ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ

Орындаған: 203 топ студенттері
Мылтықбаева Г.
Жумабекова Л.
Айтбай Ә.
Досжанова А.
Тексерген: Атейхан Б.

Астана-2017 ж.
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына
жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй
жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және
Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі,
жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі
қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында
жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік
және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір
бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру
қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек
талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 –
10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден
торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 – 150 кг, еркегі 180 – 200 кг-
ға жетеді.
ӨСІП-ЖЕТІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫШ
ШОШҚАЛАР:

4 топқа бөлінеді:
1)кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын
және қысқа құлақты Шошқалары);
2)өте тез жетілетіндер (сиам және ескі
неополитан Шошқасынан тараған
майда салмақты Шошқалар);
3)тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең
тараған Шошқа тұқымдары);
4)орташа қарқында жетілетіндер ;
«ШОШҚА ТҰҚЫМДАРЫ»

Тұқым бағыты: шошқаның етті, етті-
майлы,сәндік етті ;
-Ірі ақ шошқа
-Ақсай шошқасы
-Беркшир шошқасы
-Жетісу шошқасы
-Кемерово шошқасы
-Ландрас шошқасы
-Үй шошқасы
ІРІ АҚ ШОШҚА – ТЕЗ ЖЕТІЛЕТІН

ТҰҚЫМ.
Жергілікті кеш жетілетін шошқаны қытай және Португалия шошқаларымен күрделі будандастыру арқылы
19 ғасырда Англияда шығарылған. КСРО-ға Англиядан әкелінген бұл тұқым селекция нәтижесінде
түбегейлі өзгеріп, отандық ірі ақ шошқа тұқымы пайда болды. Мұның тегінен айырмашылығы – сүйегі
мықты, торайды көп табады, әр түрлі табиғи жағдайға көнбісті. өсірілетін шошқа санының 86%-ы осы
тұқымның үлесіне келеді. Ірі ақ шошқаның етті, етті-майлы және майлы түрі өсіріледі. Сүйек бітімі ірі,
тұрқы ұзын, аяғы етсіз тік, жоны жұмыр әрі жалпақ, кеудесі кең әрі омыраулы, терісі мен түгі қалың әрі
жылтыр, түсі ақ. Әр түрлі табиғат жағдайына көнбісті, тез жерсінеді. Қабаны 300 – 350 кг, мегежіні 200 –
250кг тартады. Бір торайлағанда салмағы 1,2 – 1,4 кг 10 – 12 торай табады. Екі айлығында енесінен
бөлінген торайдың салмағы 18 – 19 кг болады. Бұл тұқым бордақылаудың қай түріне де жарамды. Ет үшін
жеделдетіп бордақылағанда 6 айға дейін әр торай ота есеппен тәулігіне 770 г қосып, 100 кг тартады.
Қосқан салмағының әр килограмына 3,9 – 4 азық өлшемі жұмсалады. Ұрпағына өз қасиетін жақсы
береді.Таза күйінде өсірілген және басқа шошқа тұқымдарын жақсартуға пайдаланады. Қазақстанның
шошқа өсіретін шаруашылықтарында көбіне мұның будандары өсіріледі.
АҚСАЙ ШОШҚАСЫ
Ақсай шошқасы — етті майлы тұқымдық топ. 1952
жылдан Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс
аймақтарында өсіріледі, онымен Алматы зоотехникалық мал
шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу
институты шұғылдануда. Тұқымдық топ шығаруде жергілікті
шошқаның мегежіңі мен ірі ақ шошқа қабаны, одан кейін
беркшир шошқасының қабаны пайдаланылады. Генеалдық
құрылымы жағынан 6 линиясы, 7 тұқымдасы бар[.
Қабанының салмағы 300-350, мегежіні 230-250 кг. Әр жылы
11-12 ден торай табады, екі айлық торай 15-18 кг тартады.
Асыл тұқымды шошқаөсіретін шаруашылықтарда 10,8 мыңы
бар. Қазіргі таңда таңдаулы шошқа топтары Алматы
облысының Ақсай оқу шаруашылығы мен Қаскелең ауданында,
Шымкент облысының ауыл шаруашылығы тәжірибе
станциясында өсіріледі. Тұқым жақсарту жұмысымен Алматы
зоотехникалық малдәрігерлік институты шұғылданады.
БЕРКШИР ШОШҚАСЫ -ТЕЗЖЕТІЛГІШ ШОШҚА ТҰҚЫМЫ.

19 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Англияның Беркшир графтығындағы кеш жетілетін
жергілікті ірі мегежіндерді тез жетілгіш cиамдық және ішінара
неапольдік, қытай шошқаларының қабанымен будандастыру арқылы шығарылған. Беркшир
шошқасы Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан шаруашылықтарында өсіріледі.
Беркшир шошқасы өндірістік будандастыру үшін ең тиімді тұқым. Қазіргі беркшир
шошқасының дене бітімі жақсы жетілген, басы жеңіл, мойны жуан, кеудесі кең, арқасы
жалпақ. Түсі қара, қара қоңыр, бақайында және құйрық ұшында ақ жолақтары болады. Терісі
жұқа, қалың қылшықты. Сүйегі жеңіл әрі берік. Ересек қабандарының орташа салмағы 220 –
250 кг (ауырлары 250 – 280 кг), ал мегежіндері 180 – 200 кг. Төлділігі – 8 – 9 торай, тәулігіне
600 – 700 г салмақ қосады. Ет шығымы 88%
ЖЕТІСУ ШОШҚАСЫ – ЕТТІ-
МАЙЛЫ ШОШҚА ТҰҚЫМЫ.

Іріақ және Кемерово шошқаларының мегежіні мен
ортаазиялық жабайы
шошқа қабанын будандастыру арқылы 1978 жылы
Эксперименттік биология институтында (қазіргі
“Биоген” жабық ационерлік қоғамы) шығарылған.
Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына
бейімделген, дене бітімі мықты. Қабаны 270 — 300
кг; мегежіні 232 кг тартады. Орта есеппен 10,2
торай береді. Бордақыланған торай 196
күндігінде 100 кг тартады. Әр кг үстеме
салмаққа 3,87 азық өлшемі шығындалады.
Алматы, ОңтүстікҚазақстан, Жамбыл
облыстарында өсіріледі.
КЕМЕРОВО ШОШҚАСЫ – ЕТТІ-МАЙЛЫ ШОШҚА ТҰҚЫМЫ.

Жергілікті сібір шошқасын ірі ақ шошқа, Беркшир шошқасы, ірі қара
шошқа тұқымдарымен будандастыру арқылы 1960 ж. Ресейдің Кемерово
облысында шығарылған. Қабаны 280 – 300 кг, мегежіні 220 – 230 кг
тартады. Бір ретте 10 – 11 торай табады. 193 күн бордақыланған торай
100 кг тартады. Қазақстанда Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік
Қазақстаноблыстарында Кемерово шошқасын
өсіретін фермалар бар. Жетісу шошқасын шығаруда пайдаланылды.
ЛАНДРАС ШОШҚАСЫ — БЕКОН (ҚАҚТАЛҒАН ЖАС ШОШҚАНЫҢ ЕТІ) АЛУ ҮШІН
ӨСІРІЛЕТІН ШОШҚА ТҰҚЫМЫ.

20 ғасырдың 1-жартысында Данияның жергілікті майлы бағыттағы шошқа тұқымының мегежінін ағылшын ақ
шошқасының еркегімен шағылыстыру арқылы шығарылды. Ландрас шошқасы еркегінің (қабандарының)
орташа салмағы 250 — 350 кг, мегежіндері 200 — 240 кг. Жақсы бекон алу үшін 20 кг-дық торайды салмағы 90
кг-ға жеткенше 180 күнге дейін бордақылайды, ол тәулігіне орташа есеппен 683 г салмақ қосады.
Ландрас шошқасы Швеция, Норвегия, Финляндия, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа
Зеландия, Австралия және Бразилияда таралған. Ол КСРО-ға Даниядан (1927), Швециядан (1948, 1961, 1964),
Англиядан (1957), Канададан (1960) әкелінді. Асыл тұқымды Ландрас шошқасының дене бітімі мықты, етті,
қабандарының салмағы 340 — 360 кг, мегежіндері 220 — 260 кг. Мегежіндері 10 — 12 торай туады.
Торайлардың салмағы25 кг-ға жеткенде бордақылауға қояды. Қазақстанда Алматы облысы Талғар
ауданында “Бекон” ЖШС, Іле ауданында “Бекон”, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында “Сомир-2”
шаруа қожалықтарында өсіріледі.
ҮЙ ШОШҚАСЫ
Үй шошқасы (лат. Sus scrofa domesticus) - жұптұяқтылардың ең ірі түрі, Жабайы шошқа
түршесі. Адам шошқаларды 7000 жыл бұрын қолға үйреткен деген болжам бар. Үй
шошқасы Батыс елдерінде, Шығыс Азия және Океанияда кең таратылады. Солтүстік
Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда үй шошқаның жабайыланған түрі
- рейзорбектер кездеседі. Олардың дене тұрқы 0,9-1,8 метрге дейін болады, ересек
дарасының салмағы 50-150 кг-ға жетеді. Басқа ой елегінен тұяқты, жиі қоректілер болып
табылады, оның бабамыз ретінде талғамсыз тамақтанады отандық шошқа,
жабайы қабан салыстырғанда.
Шошқа, ең алдымен, ет өндірісі үшін өсіріледі. 2005 жылы шошқа еті әлемдік өндірісі 97,2
миллион тоннаны (АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің деректері бойынша) құрады.
Соңғы кезде шошқаның декоративті түрі - бойы кішкентай шошқа (minipigi) үйдің
жануарлары ретінде қолда ұсталатын болған. Францияда, арнайы оқытылған шошқа
трюфели іздеді.
ДЮРОК ШОШҚАСЫ
Бұл тұқым XIX ғасырда
пайда болған. Сыртқы пішіні
ерекше көрініске ие.
Терісінің түсі
қызғылт.Салмақты,белі
кеңдеу,аяқтары мықты және
ұзын болып келеді. Басы
орташа көлемді,құлақтары
ұзын, әдетте көздеріне түсіп
тұрады.Мегежін мен
қабандардың салмақтары
бірдей. Тірілей саламағы
240-360 кг.Ұрпақ аз
береді,мегежіндері бір ретте
9-11 торай береді.(басқа
түрлері көптеп береді)
Шошқа шаруашылығы дегеніміз - бұл елімізде ет қорын
жедел толықтыра алатын мал шаруашылығының тез
жетілетін саласы
Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық
кезеңінің қысқалығымен, көптөлділігімен, шап-шаң
өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей салмағын
арттыруға азық аз жұмсалады, сондай-ақ шошқа етін
өндіруге көп еңбек жұмсалмайды. Қазіргі уақытта
шошқа шаруашылығындағы етті бағыттағы анықтауға
үлкен ғылыми өндірістік жұмыс жүргізілуде.
ШОШҚА ЕТІ
Шошқа еті - көптеген салқын тағамдар дайындауға
пайдаланылатын ет. Өнделген ет көп уақыт сақталынады,
себебі әр түрлі консерванттарды (тұз, селитра, эссенциялар,
дәмдеуіштер) майлы болғандықтан жақсы сіңіреді. Шошқа
еті, негізінен, Солтүстік және Орталық Еуропа халықтары
арасында кеңінен тараған. Мұсылман елдерінде шошка еті
де, майы да пайдаланылмайды. Шошқа етінің ішінде
болатын гельминттерге байланысты оны жылумен мұқият
өндеу қажет
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Шошқа тұқымдары
Шошқа етін өндірутехнологиясына байланысты шошқаларға асылдандыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
ШОШҚАНЫ БОРДАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Ауыл шаруашылық жануарларының шығу тегі
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Сарымсақтың пайдасы
Ғылыми техникалық прогресстегі биотехнологияның алатын орны
Ірі қара мал және шошқа обасы
Будандастыру туралы ақпарат
Аминқышқылдардың негізгі көздері
Пәндер