ҚҰС ТҰҚЫМДАРЫ



Құс тұқымдары
С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
және өңдеу технология кафедрасы
Астана-2017 ж.
Орындаған: 203 топ студенттері
Мылтықбаева Г.
Жумабекова Л.
Айтбай Ә. Досжанова А.
Тексерген: Атейхан Б.

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады

Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады. Дені сау құстан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстың жұмыртқасы мен еті диеталық тағамдарға жатқызылады. Өйткені олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Республика медицина ғылым академиясының тамақ институты жан басына тәулігіне орта есеппен 50 гр немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін анықтап берді.

Жоғарыда айтылғандай, жұмыртқа адамға қажетті жеңіл сіңетін қоректік заттардың бәріне де бай. Оның құрамында құнды белоктар, майлар, углеводтар, жиырмадан астам минералды заттар және оннан астам витаминдер бар. Ұзақ уақыт сақтау үшін жұмыртқаны ұнтаққа немесе мұздатылған қоспаға айналдырады яғни белогімен сарысын өз алдына жеке-жеке өңдейді. Жұмыртқа ұнтағымен мұздатылған қоспаны тамақ дайындағанда, нан пісіргенде, кондитер тағамдарын, майонез, макарон, вермишель және балмұздақ жасағанда пайдаланады.

Құс еті маңызды диеталық тамақ болып табылады. Оның құрамында құнды белок май, минералдық заттар, витаминдер мол. Сондықтан оны, әсіресе балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланудың маңызы зор. Құс етінің басқа еттерден айырмашылығы онда протейн көп және дәнекер ұлпа тканьдер аз, бұлшық еттерінің ара-арасында май қабаты болмайды. Тауық пен күрке тауық бұлшық етінің талшықтары суда жүзетін құстар бұлшық етінің талшықтарынан нәзік келеді.
Құс етінде орта есеппен 22-24%, сиыр етінде-18%, қой етінде-15%, ал шошқа етінде 13-14% белок бар. Құсты ет үшін өсіргенде өндіріс интенсивті сипат алады. Осыған байланысты оған жұмсалған қаржы шошқа етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 3-4 есе, ал сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі.

Құстың қосалқы өнімдері-қауырсыны мен мамығы да өте пайдалы. Жұмсақ, жеңіл, серпімді және көпке шыдайтын болғандықтан одан мамық жастық, мамық көрпе, құс төсек т. б. жасалады. Құрғақ қауырсын шірімейді, иісі болмайды және оны бөгде басқа заттардан оңай тазартуға болады. Сондықтан қауырсын мен мамық галантерия бұйымдарын жасағанда кеңінен пайдаланылады. Сапасы төмен қауырсындардан азықтық ұн дайындалады. Мұндай ұнда 80-85% протеин мен витамин болады.

ТАУЫҚ ӨСІРІЛЕТІН БАҒЫТТАРЫ
жұмыртқалағыш
етті
етті-жұмыртқалы
төбелескіш
сәндік

Летторн тауығы бір жылда 200-240 жұмыртқа береді, тіпті 300 жұмыртқа сыйлайтын да кездері болады
Орыстың ақ тауығы- жұмыртқа бағытта өсіріледі,
200-230 жұмыртқа
Қоразы-2-2, 5 кг,
Мекнені- 1, 6-1, 8ет бере алады

Род-айланд - етті-жұмыртқалы бағытта өсіріледі,
160-170 жұмыртқа
Қоразы-3, 5-3, 8 кг,
Мекнені- 2, 7- 3 кг ет бере алады
Мәскеулік - жұмыртқалы бағытта өсіріледі,
200-210 жұмыртқа
Қоразы-3, кг дейін,
Мекнені-2, 5 кг дейін ет бере алады

Нью-Гемпшир - етті-жұмыртқалы бағытта өсіріледі,
190-200 жұмыртқа
Қоразы-3, 25-3, 8 кг,
Мекнені- 2, 1- 3 кг ет бере алады
Плимутрок- етті-жұмыртқалы бағытта өсіріледі,
170-190 жұмыртқа
Қоразы- 4-5 кг,
Мекнені- 2, 5 - 3, 5 кг ет бере алады

Брама- етті бағытта өсіріледі,
100-120 жұмыртқа
Қоразы-4 кг,
Мекнені-3 кг ет бере алады
Кохинин- етті бағытта өсіріледі,
100-110 жұмыртқа
Қоразы-5 кг,
Мекнені-3, 5-4 кг ет бере алады

Тауықтәрізділерге жататын күркетауық - асыранды құстардың ең үлкені.
Мекнені көп жұмыртқа бермегенмен (жылына 30-50 жұмыртқа), тауық пен үйректің жұмыртқасын басып, балапандарын өрбітуге жәрдемін тигізеді, яғни жүмыртқа басатын күрік ретінде пайдалануға болады.

Оның аппақ балғын еті кімді болса да тұшындырмай қоймайды. Бізде мәскеулік ақ күркетауық пен қолареңді күркетауықтардың қолтұқымдары тараған, олардың кораздарының салмағы 10-16 кг, мекнені - 6-8 кг тартады.

феникс

АЗИЛЬ
Бельгиялық
ҮНДІЛІК
КУБАЛАЯ
КУЛАНГ
КО-ШАМО

ЛЮТТИХЕР
Мадагаскар
МАЛАЙ
МОДЕРН
АНГЛИЯЛЫҚ
СУМАТРАН

АРАУКАНА
ВЬЕТНАМдық
Вельзумер
ОРЛОВ
ПАВЛОВ
ТУЗО

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz