МАЛ ДЕНЕСІМЕН ТҰРҚЫНЫҢ ИНДЕКСТЕРІ



С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
Орындаған: 203 топ студенттері
Мылтықбаева Г.
Жумабекова Л.
Айтбай Ә. Досжанова А.
Астана-2017 ж.
Мал денесімен тұрқының индекстері

Малдың бойын өлшеу-оның экстерьері туралы нақтылы деректер береді, сондықтан малдың түр-тұлғасын дұрыс сипаттау үшін оның рөлі өте зор. Бірақ та бұл әдіс көзбен бағалауға қосымша, көмекші әдіс деп есептелінеді. Себебі бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын толық аша алмайды. Дегенмен де малдың бойы тұралы өлшемдер төмендегі зоотехниялық маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіншілік туғызады:
малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуін, дене пішінің өзгеруін талдауға болады;
нақтылы бір малдың немесе мал тобының түр-тұлғасы бойынша бір бірімен немесе сол мал тұқымы стандартымен, әлде басқа мал тұқымымен салыстыруға болады;
әр түрлі ұрпақ өкілдерін, яғни атасы мен төлін түр келбеті бойынша салыстыруға болады;
малдың сыртқы пішінін қалаған өнімділік бағытына сәйкестігін анықтайды;
қажет болған уақытта бой өлшемдерін пайдаланып, малдың салмағын болжап анықтауға болады.

Малдың бойын өлшеуге үш құрал керек:
өлшеуіш таяқ;
өлшеуіш таспа;
өлшеуіш циркуль.
Кейде бұрыш өлшеуіш (гониометр) пайдаланылады. Алғашқы үш құрал сантиметрлік шамаға бөлінген, әдетте өлшем көрсеткіші 0, 5 см-ге дейінгі дәлдікпен есептелінеді.

Өлшеуіш таяқ - ағаштан не темірден жасалынады. Мал түлігінің түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Құрылысы біршама күрделі. Өлшеуіш таяқ негізгі тік деңгейінен және қосымша жылжымалы, көлденең тіркеліп бекітетін алмалы салмалы таяқшалардан тұрады.
(сол жақта: а-жиналған түрінде; б, д-жайылған түрінде)

Өлшеуіш циркуль - темірден жасалынады. Бір-бірімен жылжы-малы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі екі аяқшасынан және бір аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді иілген металл табақшасынан тұрады. Доға тәрізді металл табақшасынан аяқшалары ұшының ара қашықтығын миллиметр дәлдігінде көрсететін сантиметрлік бөліктерге бөлінеді. Онда қашықтықты қай жақтан бастап есептеу керектігі көрсетілген. Өлшеуіш циркульмен шағын дене мүшелерінің ені мен ұзындығын өлшеу ыңғайлы.
өлшеуіш циркуль

Өлшеуіш таспа -ұзындығы 3-5 метр, дәлдігі миллиметрге дейін көрсететін жіңішке таспа. Таспа әр түрлі заттан жасалынады. Өлшеуіш таспа негізінен дене мүшелерінің орамын анықтау үшін пайдаланады. Малдың бойын өлшеу төменде көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Әуелі өлшеуіш құралдардың дұрыс - бұрыстығы тексеріліп, мал өлшейтін орын дайындалады. Ол орынның едені тегіс, мал еркін тұратын, біршама кең болуы шарт. Мал бойын таңертең, аш қарында немесе азықтандырғаннан кейін 3 сағаттан соң өлшеген дұрыс. Малды өлшегенде ол керіліп -созылмауы, табиғи қалыпты жағдайда еркін тұруы қажет. Бұл өлшеушіден шыдамдылықты (әсіресе ұсақ немесе қолда сирек ұсталатын малды өлшегенде) қажет етеді.

Мал бойының өлшемдері өте көп. Олардың жалпы саны 70-ке жуық. Дегенмен әрбір мал түлігінің дене өлшемдерінің қалыптасқан саны бар. Ірі қара бойының өлшемдері. Өлшеуіш таяқпен өлшегенде:
Бойының (шоқтығының) биіктігі - шоқтықтың ең жоғарғы нүктесінен жерге дейін;
Арқасының биіктігі - соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін;
Белінің биіктігі - соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін.
Құйымшағының биіктігі - құйымшақтың ең биіктігінен жерге дейін;
Кеудесінің тереңдігі - шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейін;
Кеудесінің енділігі - жауырынның сыртқы тұсынан;
Тұрқының қиғаш ұзындығы - жауырын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін;

Өлшеуіш циркульмен өлшегенде: 8. Басының ұзындығы - мүйіз аралығының ортаңғы нүктесінен мұрын айнасына дейін; 9. Маңдайының ені - көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы; 10. Сербегі аралық енділігі - мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің ара қашықтығы;
Өлшеуіш таспасымен өлшегенде: 11. Кеуде орамы - жауырын сыртынан орап өлшейді; 12. Жіліншігінің орамы - сирақтың ең жіңішке жерінен; 13. Бөксесінің жартылай орамы - сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық.
Өлшеуіш таспасымен өлшегенде: 11. Кеуде орамы - жауырын сыртынан орап өлшейді; 12. Жіліншігінің орамы - сирақтың ең жіңішке жерінен; 13. Бөксесінің жартылай орамы - сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық.

Жылқы бойының өлшемдері. 1. Шоқтығының биіктігі; 2. Арқасының ең аласа жерінің биіктігі; 3. Сауырының биіктігі - ең биік нүктесінен жерге дейін; 4. Кеудесінің жерден биіктігі - төс сүйегінің семсер өсіндісі тұсынан жерге дейін (таяқпен өлшенеді) ; 5. Кеудесінің енділігі - жауырын мен қол жілік қосылысы буынының сыртқы бүйірлерінің ара қашықтығы (циркульмен) 6. Кеудесінің тереңділігі; 7. Тұрқының ұзындығы; 8. Кеудесінің орамы; 9. Жіліншігінің орамы; 10. Басының ұзындығы; 11. Маңдайының ені; 12. Сауырының енділігі - сербегі аралығы; 13. Алдыңғы аяғының биіктігі - шынтақтан жерге дейін (таяқ) ;

Қой бойының өлшемдері: 1. Иығының биіктігі;
2. Арқасының биіктігі;
3. Құйымшағының биіктігі;
4. Кеудесінің жауырын тұсынан енділігі;
5. Сербек аралық енділігі;
6. Тұрқының ұзындығы;
7. Кеудесінің орамы;
8. Жіліншігінің орамы.

Шошқа өлшеулері:
1-шоқтық биіктігі; 2-тұрқының ұзындығы; 3-кеуде орамы; 4-кеуде кеңдігі; 5-кеуде тереңдігі; 6-жіліншік орамы

Тұлға индестері

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz