АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ



Ас қорыту физиологиясы
С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
Морфология және физиология кафедрасы
Орындаған: 203 топ студенттері
Тексерген: Оразбеков С. А.
Астана-2017 ж.

Жоспары:
Кіріспе:
I. Ас қорыту
Негізгі бөлім:
І. Астың асқазанда қорытылуы
ІІ. Астың сіңірілуі

Кіріспе
Азық қорыту дегеніміз - күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді.

Сілекей, оның құрамы және маңызы
Ауыз қуысында үш пар сілекей бездері сілекей сөлін бөледі. Сілекейдің бөліну мөлшері және оның химиялық құрамы астың құрамына байланысты. Егер ас құрғақ болса, сөл аз бөлінеді. Сілекей асты дымқылдап, оны ыдыратуға қатысады және астың жұтылуын жеңілдетеді.
Сілекейдін, кұрамына бейорганикалық заттар: су және минералды тұздар (натрий, калий, хлор иондары және т. с. с. ), органикалық заттар, ең бастысы, сілекейдің белогы: лизоцим (сілекей затын залалсыздандырады), муцин (табиғи белокты зат) птиалин мен мальтаза (солодтық крахмалды қантқа, одан әрі глюкозаға ыдыратуы) енеді.

Сілекейдің бөліну механизмі - рефлекстік
Сілекейдің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады
Шартты рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түспей тұрып, тағамның иісіне, түріне, дәмді тағам еске түскенде бөлінеді. Бұлы қыртыс пен сілекей бөлу орталығының қатысымен жүзеге асады.
Шартсыз рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түсіп, ондағы рецепторларды тітіркендіргенде бөлінеді. Афференттік жүйкелер бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне барады.

Сілекейдің құрамы
Сілекей - қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы - 1, 001-1, 002.
рН = 5, 8-7, 4.
Су - 99, 4-99, 5%.
Құрғақ зат - 0, 5-0, 6%
Органикалық заттар
1. Ферменттер:
-амилаза - полисахаридтерді - декстран - дисахахридтерге дейін ыдыратады.
Мальтаза - ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді - моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Муцин
3. Лизоцим
Аз мөлшерде:
Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары.
Несеп қышқылы, мочевина, креатинин
Ферменттер - протеазалар, пептидер, липаза, нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т. б.
Бейорганикалық заттар
Калий, натрий, кальций, магний иондары.
Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.
Родондық қосылыстар.
Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий


Физикалық өнделуі дегеніміз - азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар.

Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді:

Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0, 8-1, 0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99, 2-99, 6%, 0, 4-0, 8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған.

Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар:

Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі
Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйкелік және гуморалдық механизмдермен жүзеге асады.
Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді.

Үйқы безінің сөлі
Үйкы безі 2 түрлі тканьнен: а) ас қорыту сөлін бөлетін аци-нус; б) қанға гармондар бөліп шығаратын а және 3 клеткалары-нан қүрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан түрады. Ацинус тканінің сөлі түтікше (өзек) арқылы 12 елі ішекке кұй-ылады. Бүл үйкы безінің сыртқы секрециялы кызметі. Лангер-ганс аралшықтарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек үйқы безі ішкі секрециялы без.
Үйқы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қоры-ту сөлі панкреас сөл (секреті) деп аталады. Бұл аса күрделі сөл-діц ас корытуда үлкеи маңызы зор.
Үйкы безікен (панкреастан) сөл алу. Үйкы безінің сөл шығару қызмгтін, оныц құрамын білу үшін иттің панкреас түтігіне фистула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын үйкы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімен бірге сыртқа шығарылады (И. П. Павлов, 1879) . Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас қорыту процесі бұзыл-майды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, ас қорыту кезінде ұйқы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің қүрамына, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге бола-ды. Адамның ұйқы безінен таза сөл алу өте қиын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резеңке түтік) жұтқызып, оны карыннан он екі елі ішекке өткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады. Әлбетте сөлдің құрамында ас қалдығы, өт болады. Сөл шыраруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормоидар қол-данылады.

Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі (рН 7, 8-8, 4) . Оның қүра-мында 1%-тей құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктан тұрады (0, 5-1, 0%) . Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0, 74%-ке жетуі мүмкін. Тәулігіне үйқы безінен 1, 5-2 литрдей сөл бөлініп шығады, ондай сөлдсн 10 грамдай бе-лок жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі фсрменттерден тұра-ды. іЧұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын Протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, элас-таза (панкреата пептидаза), рибонуклеаза.

Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1, 5 кг) . Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
Бауырдың қызметі: - улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі) ; - көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады; - өтті өндіреді (күніне 1, 5 л) .

Тұз қышқылының қарындағы ролі:

Қарын сөлінің бөліну кезеңдері.
Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар:

Күйіс қайыратын малдың -мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz