Хаттама




Презентация қосу
Хаттама
Хаттама
жиналыс, мәслихат, конференция, коллегиялық
және кеңес беру-мәслихат органдары
жұмыстарының басқа формаларында мәселелерді
талқылау барысын және қабылданатын шешімді
белгілейтін құжат.
Хаттама
типографиялық әдіспен арнайы
дайындалған бланкілерде немесе А4
пішінді жалпы бланкіде ресімделеді
Хаттама мәтіні екі бөлімнен:

кіріспеден және негізгі
бөлімнен тұрады
Кіріспе
Хаттаманың кіріспе бөлімі тұрақты және өзгермелі ақпараттан
тұрады.

Тұрақты ақпарат «Төраға», «Хатшы»,
«Қатысушылар» тұрақты терминологиясының
қолданылуымен байланысты.Бұл сөздер сол жақ қызыл
жиектің басынан бас әріппен жазылады. Мәжілісте төраға
болмаған жағдайда – «Төрағалық еткен» деп, ал хатшы
болмаған жағдайда «Жазбаны жүргізген» деп жазылады.

Өзгермелі ақпаратқа төрағаның, хатшының және
қатысушыларлың
аты-жөні мен фамилиялары жатады.
Коллегиялық орган мүшелерінің
фамилиялары алфавит тәртібімен,
үтір арқылы, жол бойымен жазылады.
Егер коллегиялық органның
мүшелері 15 адамнан көп болса,
олардың жалпы саны көрсетіледі және
жанына жақша ішіне «Тіркеу (қатысу)
парағы тігіледі» деп жазылады.

Шақырылған тұлғалардың
фамилияларына олардың
лауазымдары мен қандай ұйымнан
келгені қоса тіркеледі. Оларды
ресімдеу тәртібі де коллегиялық орган
мүшелерін ресімдеумен бірдей.
Хаттаманың кіріспе бөлімі күн тәртібімен аяқталады.

«Күн тәртібі» сол жақ қызыл жиектен бастап
жазылады. Күн тәртібінің тармақтары
қызыл жолдан басталады. Олар араб сандарымен нө
мірленеді. Мәселелер маңызы мен күрделілік
дәрежесі бойынша, немесе олардың қарастырылуға
келіп түсу тәртібімен орналастырылады.

Тармақтың «Әр түрлі» деген
сөзбен тұжырымдалуына рұқсат етілмейді.
Әрбір мәселе нақты көрсетілуі тиіс.
Хаттаманың негізгі бөлімі :
тыңдады – сөз сөйлегендер – қаулы қабылдады (шешті),
және әр мәселе бойынша
жеке-жеке. ТЫҢДАЛДЫ, СӨЗ
СӨЙЛЕГЕНДЕР, ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ)
сөздері бас әріптермен, сол жақ қызыл жиектен, тыныс
белгісінсіз (ашық пунктуация) жазылады.

Егер бірнеше мәселе талқыланса, ТЫҢДАЛДЫ сөзінің
алдына күн
тәртібіндегі мәселенің реттік нөмірі қойылады. Қызыл жолд
ан баяндамашының аты-жөні мен фамилиясы
(атау септігінде) жазылады. Сызықша қойылып,
баяндаманың, хабарламаның қысқаша мазмұны бас әріппен
басталып жазылады. Егер баяндама мәтінін баяндамашы
ұсынған болса немесе стенограммаланса,
баяндаманың қысқаша мазмұнының орнына «Баяндама қоса
тіркеледі» деп жазылады
Хаттаманы аяқтайтын бөлім
қаулы (шешім) болып табылады.

Бұл бөлім ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ немесе ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ сөздерімен басталады.
Қаулы бөлімі әрекет – орындаушы – мерзім сұлбасымен
құралады.

Орындаушының ұйым, құрылымдық бөлімше немесе нақт
ы лауазымды тұлға болуы мүмкін. Егер қаулы әр түрлі
мәселелерден тұратын болса, оны араб сандарымен
белгілеп, тармақтарға бөледі. Әр тармақ қызыл
жолдан басталады.
Хаттама қандай да бір құжаттың бекітілуі туралы
шешімді бекітуі
мүмкін. Мұндай жағдайда хаттамада құжаттың
нөмірі мен датасына
сілтеме жасалып, құжаттың өзі хаттамаға тіркелуі
тиіс.

Сайлау кезінде хаттамада әр кандидатура бойынша
дауыс беру нәтижесі көрсетіледі.
Егер хаттамаға стенограмма тіркелетін болса, онда
бұл туралы хаттаманың бірінші бөлімінен кейін
жазба жүргізіледі – Мәжіліс ... стенограммаланады.

Стенограмма қоса тіркеледі
Хаттамаға төраға (төрағалық етуші) және хатшы (жазбаны
жүргізуші
тұлға) қол қояды.

Хатшы мәтінді редакциялайды, әрбір сөз сөйлеушіні
сөзінің жазбасымен таныстырады және өз сөзінің жазбасымен
келіскен сөз сөйлеушінің қолын қойғызады.

Жиналыс хаттамасына оны жүргізу үшін президиум сайлаған
төраға, хатшы және президиум мүшелері қол қояды.
Хаттама датасы мәжіліс жүргізілген
дата болып табылады. Егер
мәжіліс бірнеше күнге созылатын
болса, онда мәжілістің басталған
және, сызықшадан соң, аяқталған
датасын көрсетеді.

Хаттама нөмірі – іс жүргізу жылы
бойына қойылатын кезекті реттік
нөмір, ал жаңа іс жүргізу жылынан
бастап нөмірлеу бірінші нөмірден
жаңартылады.
ҮЛГІ
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Желілік хаттамалар оқу
Аралық талдау
Интернетке алғашқы саяхат
Интернет ауқымды желісі. Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернет ауқымды желісі. БРАУЗЕРЛАР.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА. ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
Интернеттің негізгі ұғымдары
Белгіленген сервер негізіндегі желі
Гипермәтін аймақтық желі
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ
Клиникалық жағдай
Пәндер