Комплексті қосылыстар, олардың жіктелуі ішкі сфералық, біртекті лигандалық, полиядролық. Комплексті қосылыстардың химиялық байланыс теориялары (Вернер, Коссель, Полинг, кристалды өріс теориясы, лигандар өріс теориясы)




Презентация қосу
полиядролық. Комплексті
қосылыстардың
химиялық байланыс теориялары
(Вернер,
Коссель, Полинг, кристалды өріс
теориясы,
лигандар өріс теориясы)

Тексерген:Рахимжанова
А.С
Орындаған: Тұрсынхан Д.Ә
Комплексті қосылыстардың
құрылысы
Химиялық қосылыстардың барлығы қарапайым немесе
атомдық қосылыстар және комплексті немесе молекулалық
қосылыстар деп екіге бөлінеді. Атомдық қосылыстарға
жатады: оксидтер, негіздер, қышқылдар, жәй тұздар (иондық
немесе атомдық байланысы бар).
Бұларды І-ші реттік қоспалар деп атайды.
ІІ-ші реттік қоспаларға жататын күрделі қоспалар
(молекулалардан немесе иондардан құралады). Олардың
арасында координациялық немесе донорлы- акцепторлы
байланысы болады.
Сонымен комплексті қосылыстар дегеніміз- бұл кристалды
тордың түйіндерінде орналасатын күрделі бөлшектер
(комплексті иондар), балқыған немесе еріген жағдайыға
ауысқан кезде өздерінің қалпын сақтайтын қосылыстар және
құрамында бір донорлы-акцепторлы байланысы бар заттар.
Мысалы:
Комплексті қосылыстарда
химиялық байланыстың табиғаты
Қазіргі кезде комплексті
қосылыстарда байланыстың
табиғатын қарастыратын үш
теориялық әдісі бар:
Валенттік байланыс әдісі
Кристалдық өріс теориясы
Молекулалық орбитальдар
әдісі
Комплексті қосылыстар туралы ілімнің негізін
жасаған швейцария ғалымы Альфред Вернер (1893
ж)
Вернер жұмысы координациялық теория деп
аталады. Координациялық теорияның негізгі
қағидалары:
КҚ орталық орын алып тұрған ион немесе атом
комплекс түзуші деп аталады.
Комплекс түзушінің айналасына соның әсері
жететіндей жақындықта координацияланған
иондар немесе молекулаларды лигандалар
(аддентер) деп атайды.
Комплекс түзуші мен лигандалар бірігіп, комплексті
қосылыстың ішкі сферасын құрайды. Ішкі сфераны
квадрат жақшаға алады:
Коссель теориясы
Иондық байланыстың бірінші
теориясын 1916 жылы неміс
ғалымы Коссель ұсынды.
Коссель теориясы бойынша
иондық байланыс қарама-
қарсы зарядталған иондардың
электростатикалық
тартылысуынан болады.
Кристалдық өріс
теориясы
Қазіргі заманғы кристалдық
өріс теориясы Коссель ұсынған
электростатикалық модельдің
жалғасы болып табылады.
Кристалдық өріс теориясында
комплесті қосылыстардағы
байланысты иондық деп
қарастырады.
Лигандалар- бұл молекулалық немесе иондар
комплекс түзуші айналасында орналасқан. Көбінесе
мыналар жатады: галоген, нитрат,нитрит,
сульфат, сульфит, карбонат, циан, аква,
аммин, карбонил, нитроза, гидроксо, окси,
родано. Бұл қосылыстарда пайдаланбаған
электрон жұбтары бар. Комплексті ион немесе
комплексті қосылыстардың ішкі сферасы- бұл
комплекс түзуші және лигандалардан тұрады. Олар
донорлы-акцепторлы байланысқан күрделі
ион:
Комплекс ионның заряд саны сыртқы иондар
зарядының қосындысына тең, бірақ кері мәнді
болады
Комплексті қосылыстардың
жіктелуі
І. Комплекстер ішкі сферасының зарядына қарай
катионды, анионды және бейтарап болып үш
топқа бөлінеді.
Катионды комплекстер орталық ионның
айналасына бейтарап молекулалар
координацияланғанда түзіледі.
Анионды комплекстерде комплекс түзушінің
ролін оң зарядталған ион, ал лигандтар ролін
аниондар атқарады.
Бейтарап комплекстер атомының айналасында
молекулалар координацияланған немесе оң
зарядталған комплекс түзушінің айналасында
анион мен молекулалар қатар
координацияланғанда түзіледі
ІІ. Лигандтың табиғаты бойынша
комплексті қосылыстар бөлінеді:
Аммиакаттар- КҚ ішкі сферасында
лиганд ретінде молекуласы бар.
Гидроксокомплекстер- лигандалары

тобы.
Ацидокомплекстері- лигандалары
қышқыл қалдығы.
Аралас комплекстер- лигандалары
аралас.
ІІІ. Ішкі сферасының құрылысы бойынша
Комплекс түзуші иондар санына қарай
бір ядролы және көп ядролы
комплекстер
Жәй және циклі бар комплекс,
сақиналары бар комплекс. Егер бір
координациялы орын алса, оны жәй
комплекстер дейді.
Циклді немесе хелатты комплексті
лигандтар полидентантты (хелаттарға
комплексондар ) жатады.
IV. Геометриялық пішініне қарай
Координациялық саны 2 комплекстерде орталық
атом мен екі лиганда бір түзудің бойында
орналасқан. Құрылысты түзу сызықты болады.
Координациялық саны 3 сирек кездеседі. Бұл
комплекс тең қабырғалы үшбұрыш сияқты.
Координациялық саны 4 болғанда комплексті
ионның құрылысы тэтраэдр немесе квадратты
болып келеді.
Координациялық саны 5 болып келетін комплекстер
онша көп емес. Мұндай комплекстердің құрылысы
үшбұрышты бипирамида немесе квадратты
пирамида сияқты болады.
Координациялық саны 6 (ең жиі кездеседі) Мұндай
комплекстердің құрылысы октаэдр сияқты.
Комплексті қосылыстардың
маңызы
Халық шаруашылығында қолданылады: олар Pt
металдарын, Au, Ag, Cu, Ni, Co алуға және тазалауға
пайдаланылады. Сирек кездесетін металдарды
бөлуге аналитикалық химияда сапалық, сандық
анализдерге қолданылады.
Металдарды коррозиядан қорғауға қолданылады.
Металдарға жабысқақ қасиеті бар тұрақты және
ерімейтін комплексті қосылыстар коррозия процесін
бояулатады немесе мүлдем тоқтатады.
Комлексті қосылыстар жануарлар мен өсімдіктердің
тіршілік процесінде үлкен роль атқарады. Адамдар
мен жануарлар қанының құрамындағы гемоглобин
тыныс алу процесін қамтамасыз етеді.

Ұқсас жұмыстар
Комплексті қосылыстардың жіктелуі
Комплексті қосылыстардың құрылысы
Комплексті қосылыстардың маңызы
Комплексті қосылыстардың биологиялық рөлі
Кешенді қосылыстар
Комплекс түзуші
Комплексті қосылыстарға жалпы анықтама
Комплексті қосылыстардың алынуы
Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың биологиялық ролі, фарм. препараттартарын алуда және анализдеу кезінде комплексондардың фармация мен медицинада қолданылуы. Гемоглабин және кобальттың комплексті қосылыстарының фармация мен медицинада қолданылуы, химиялық негізі
Донорлы - акцепторлы байланыс. Комплексті қосылыстар
Пәндер