НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТАР




Презентация қосу
НЬЮТОНДЫҚ
СҰЙЫҚТАР
Орындаған: Тұрсынхан Д.Ә
Тексерген: Жұмағалиева Т.С
СҰЙЫҚТАР ТҰТҚЫРЛЫҚ
ҚАСИЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕКІ
ТОПҚА БӨЛІНЕДІ
НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАР

Тұтқырлық коэффициенті тек оның
табиғаты мен температурасына ғана
байланысты болатын сұйықтықты
айтады. Ньютондық сұйықтар үшін –
тұтқырлық күші жылдамдық
градиентіне – тура пропорционал. Олар
үшін Ньютон теңдеуі дұрыс орындалады
да, тұтқырлық коэффициенті сұйықтың
ағымының шартына байланыссыз
тұрақты параметр болып табылады.
Ньютондық сұйықтықтарға төменгі
молекулалық қосылыстардағы сұйықтар
жатады. (Су, балқыған металл, плазма)
Егер оларға тез,
қатты, кенет
әрекет жасасақ,
олар қатты
денелердің
қасиеттеріне
жақын, өз
қасиеттерін
көрсетеді, ал
баяу әрекет
еткенде
сұйықтыққа
айналады.
НЬЮТОН ТЕҢДЕУІ
Ньютон теңдеуін- сұйықтың
ламинарлық ағыны кезінде қолданған
жөн, яғни сұйық, ағынының жәй
жылдамдығы кезінде бір-бірімен
араласпайтын қабатшалар түрінде
ламинарлы қозғалады.
Ньютон сұйықтығының ішкі үйкеліс
коэффициенті оның құрылымына, температура
мен қысымға байланысты, бірақ жылдамдық
градиентіне байланысты емес.
Ньютон сұйықтығы - тұтқырлығы жылдамдық
градиентіне тәуелді емес сұйықтық.
Ньютон сұйықтығының қасиеттері
сұйықтықтардың көпшілігі (су, ерітінділер,
төмен молекулалық органикалық сұйықтықтар)
және барлық газдар болып табылады.
Тұтқырлық арнайы құрал-визгометрлер
көмегімен анықталады.
ҮЙКЕЛІС КҮШІ
Барлық нақтылы сұйықтардың бір
қабаты екінші қабатымен
салыстырғанда орын ауыстырса, онда
азды-көпті үйкеліс күші пайда
болады. Шапшаңырақ қозғалған
қабат тарапынан жайырақ қозғалған
қабатқа үдетуші күш әсер етеді.
Керісінше, жайырақ қозғалған қабат
тарапынан шапшаң қозғалған
қабатқа бөгеуші күш әсер етеді. Бұл
күштер ішкі үйкеліс күштері деп
аталады. Олар қабаттардың бетіне
жүргізілген жанама бойымен
Қанның плазмасы
Ньютондық
сұйықтықтарға
жатады.Қанның
құрамы 55 %
плазмадан, және
қан
жасушаларынан
тұрады.Қан
плазмасы –қанның
сарғыштау түсті
сұйық бөлімі.
НЬЮТОНДЫҚ ЖӘНЕ НЬЮТОНДЫҚ
ЕМЕС СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Кеңістіктегі құрылымдардың түзілу қасиеті дисперсті
жүйенің көлеміндегі бөлшектердің таралуына және
бөлшектер арасындағы беріктігіне байланысты
болғандықтан, оларды құрылым механикалық деп атайды.
Дисперсті жүйелердің құрылым механикалық
қасиеттерін реологиялық әдістердің көмегімен зерттейді.
Маңызды реологиялық сипаттамаларға тұтқырлық,
серпімділік, иілгіштік, беріктік жатады. Оларды анықтау
үшін сыртқы механикалық кернеудің әсеріннен болатын
деформациялар мен олардың уақытқа тәуелділігін
зерттейді. Өздерінің реологиялық тәртібі бойынша
дисперсті жүйелер сұйық тәрізді қатты тәрізді деп бөлінеді.
Сұйық тәрізді жүйелердің өзін ньютон және ньютондық емес
деп жіктейді. Ньютондық жүйелердің тұтқырлығы кернеудің
шамасына тәуелсіз. Кеңістіктегі құрылымдар пайда болған
жағдайда дисперсті жүйелердің ағуы Ньютондықтан
ауытқып, олардың тұтқырлығы берілген жүктеменің
шамасына тәуелді болып, тиімді (эффективті) деп аталады.
НЬЮТОНДЫҚ ДИСПЕРСТІ
ЖҮЙЕЛЕР
Дисперстік фазаның аз концентрациясы мен
құрылымдар түзілмеген жағдайда көптеген
дисперсті жүйелердің тәртібі ньютондық
сұйықтықтарға сәйкес болады.Мұндай
жүйелерде тұтқырлықтың дисперсті фаза
концентрациясына тәуелділігі Энштейн теңдеуі
арқылы бейнеленеді. Тұтқырлықтың
есептелмеген шамаларының тәжірибелерден
анықталмаған шамалардан айырмашалығы
жүйедегі бөлшектердің әрекеттесуін
көрсетеді.Сонымен,қатар Энштейн теңдеуіннен
ауытқуы фазааралық беттерде қалыңдығы
бөлшектердің өлшемдеріне жақын,жақсы
дамыған беттік қабаттардың болуына
байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ньютондық сұйықтар дегеніміз-
Тұтқырлық коэффициенті сұйықтың
табиғаты және температурасына
тәуелді сұйықтарды айтамыз.
Ньютон сұйықтығының қасиеттері
сұйықтықтардың көпшілігі (су,
ерітінділер, төмен молекулалық
органикалық сұйықтықтар) және
барлық газдар болып табылады.
Ньютон сұйықтығы - тұтқырлығы
жылдамдық градиентіне тәуелді емес
сұйытық.

Ұқсас жұмыстар
НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАР
Қанның тамырлар бойымен қозғалысының гемодинамикалық заңдылықтары
Тұтқырлықтың температураға тәуелділігін өлшеуге арналган құралдың схемасы
ЖУРЕК - ҚАН ТАМЫРЛАР БИОФИЗИКАСЫ
Қанайналым шеңберлері
Сұйықтың қасиеті Гидростатистикалық қысым
Физика концепциясы
Қанның реологиялық қасиеттері
Химиялық процестер
Дәрілік заттарды фармакопеялық талдаудың жалпы әдістері
Пәндер