Саяси мәдениет және саяси идеология




Презентация қосу
Саяси мәдениет және саяси
идеология
Тапсырған: Тұрсынхан Д.Ә
ХТОВ-21
Тексерген: Булумбаев О.
Саяси мәдениет
Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе
әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен
іс-әрекеттердің жиынтығы.
Өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына
байланысты тарихи қалыптасқан
саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі
ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол
қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын
қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың
мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың
өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің
шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің
мәдениеті кіреді.
Саяси
мәдениеттің
элементтері
Саяси мәдениеттің құрылымы мен
функциясы
Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға
дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына
жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің
ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті
қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси
қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы
саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық
идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын,
принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат
саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи
қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің
маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің
фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси
мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі,
ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп
құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси
мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған
құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары
да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін,
қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір
саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.
Саяси мәдениеттің атқаратын
қызметі
Танып білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды
меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай
қызмет етерлік біліммен қаруланады.
Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың
қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері.
Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері.
Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай
дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын,
саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам
алдындағы жауапкершілік, ұлттық және әлеуметтік
таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар
адамдарды қоғамдық- саяси қызметтерге қатысуға
ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады,
білгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай
ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.
Саяси мәдениеттің міндеті
Белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы
жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы
мүмкін. Солардың бірі – саяси әлеуметтану, яғни
саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір
ережелер мен қазыналарды меңгеру арқылы
әлеуметтік бірлестіктердің біріне енуі.
Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім
алу, балалар және жастар ұйымының жұмысына
қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам
осы саяси мәдениетті жақтаушылардың
көзқарасын меңгергеді. Кейін өмірдегі өз
тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі
өзгеруі мүмкін.
Саяси идеология
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүнеге келді. Бұл
кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда
саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы
алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет
жасау мүмкіндігін негіздеу идеялар туралы ғылымды
талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы
идеалистік түсініктерде білінеді. Қазір идеология деп
адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әректіне
бағдар беріп, олардың мақсат мүдделеріне білдіретін және
қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі- саяси, құқықтық, этникалық, діни,
эстетикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар қандай
идеология болмасын саясат пен тығыз байланысты және
саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір
адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы
қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет
ететін тұжырымдмалар мен пікірлердің жиынтығы
жатады.
Саяси идеологияның
қызметтері
Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси
өмірді суреттеп, түсіндіреді.
Бағдарламалық қызмет. Ол қоғам, әлеуметтік
прогресс, тұлға және билік және басқа негізгі
түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-
әрекетіне бағыт-бағдар көретеді.
Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды
идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерін айқындап,
саяси идеология саяси әрекетке тікелей түрткі болып,
қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға
жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.
Амортизациялық қызмет. Саяси іс-әрекетті түсіндіру
тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді
бәсендетеді.

Ұқсас жұмыстар
САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА
Саяси сананың деңгейлері
Саяси сана деңгейлері
Саяси идеология қызметі
Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Саяси сана
Саяси сана және идеология
Саяси сана мен саяси идеология
Пәндер