Ана-жүрек, жүректі құрметте




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факултеті

Тақырыбы: Ана-жүрек, жүректі құрметте.

Орындаған: ХБ-11 тобының
студенті Амирова А.
Тексерген: Мырзахметов А.А
Жоспар
1. Ана - барлық өмірдің бастауы
2. Ана – өмір шуағы
3. Баланың анаға деген махаббаты
4. Ана мейірімі
5. Қорытынды
Ана-жүрек, жүректі құрметте.
«Ана» дегенде толқымайтын жүрек,
толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана
әріптен тұратын «ана» сөзінің
астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана
— әрбір адам баласы үшін ең ыстық,
жанға жақын, мағыналы да қастерлі
сөз. Адамзат баласы алғаш дүние
есігін ашқанда ананың ақсүтімен
бойына нәр алады, ана құшағына
еніп, ана мейіріміне бөленеді.
Адамның аузынан шығатын ең
алғашқы сөзі де – «ана». Міржақып
Дулатов ағамыз айтқандай, бізді
сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан
қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана.
Ана - барлық өмірдің бастауы
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,қамқоршысы,
ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының
берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік
жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана
көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы.
Ана мейірімі
Ана баласы қандай қателік жасаса да
кешіреді. Оның мейірімділігінде шек
жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін
рухани күш пен ерен еңбек. Өз
баласын бағып - қағуда ана өзін-өзі
ұмытып, барлық күш-жігерін
перзентіне жұмсайды, ол арқылы
оның жаны нұрлана, нәрлене түседі.
Ана – өмір шуағы
Сіз анаңызға себепсіз гүл сыйлап, оны
жақсы көретініңізді айтып анаңызға өз
мейірімізді төгіп көрдіңізбе? Иә, тек
аналар ғана емес, баласы да анасына өз
мейірімін бере алады. Сіз ойланып
көрдіңіз бе? Сол сәтте анаңыздың қандай
қуанышқа кенелерін. Мерекеде гүл
сыйлап, оған қуаныш сыйлағаныңыздан,
күнделікті анаңызға жақсы көретініңізді ,
ол жайлы ойлайтыныңызды, алаң-
дайтыныңызды, сағынатыныңызды және
қаншалықты оны қажет ететініңізді
айтқаныңыздың өзі оны қуанышқа
бөлейді, сондағы алған әсері әлдеқайда
ерекше болады.
Ой толғау

1. Сіздің өмріңіздегі анаңыздың орыны қандай?
2. Анаңызға дауыс көтеріп көрдіңізбе?
3. Анаңызға оны жақсы көретініңізді қаншалықты жиі
айтасыз?
4. Ана мен баланың қарым-қатынасы қандай болуы керек?
5. Анаңызға барлық сырларыңызды ашып айта аласызба?
6. Өзіңіз ана атанғанда ешқашан жасамайтын бір ісіңіз?
Баланың анаға деген махаббаты
Баланың анаға деген махаббаты
жеткіліксіз. Балам деп жанын салып
жүрген адамға неге сізге берілген 24
сағаттың тым болмаса 1сағатын
арнамасқа? Анаңа кішкене болсын
көңіл бөлгенің оны үлкен бақытқа
бөлейді. Мүмкіндігің бар кезде, анаң
жаныңда жүргенде оны барынша
құрмет тұтып, қастерлеу әрбір
баланың борышы. Ана махаббатын
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз
шуағын төгеді. Осы шуақпен
жылынып, асыл ананың құшағында
мейірім алып жүрген барша адамзат
аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе,
бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Ана деген - байлығың мен барың,
Ана деген - тұтастай бір жаның.
Ана деген - ауырғанда дәрің,
Ана деген - ең жақсы бір әнің.
Ана - барлық өмірдің бастауы
Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның
мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген
жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады
емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы
мейірімді көрмей өскен, өсіп келе жатқан жәнеде өсетін балалар
қаншама.
…Көздің жасын жастығымен құрғатқан,
Қабағынан мұңын көрдім зіл-батпан.
Көріп пе едің жүзі нұрсыз сәбиді?
Тағдырына балалығын ұрлатқан.

Ағасымен асық атып көрмеген,
"Ата, маған кәмпит әпер"- демеген.
Тәтті ертегін тыңдап жатып әженің,
Көзін іліп, тәтті ұйқыға енбеген.

Өзі жалтақ, бойын үрей билеген,
Анасының ыстық ерні сүймеген.
Ағасының кимей қойған былтырғы,
Жейделерін сәл қысқартып кимеген…
Есенбек Жұмағалиев
Сонда қалай Ана мейірімінің де
түрлері болғаныма?
Сіз қалай ойлайсыз?
Не себепті мұндай жағдайлар
орын алуда? Неліктен мыңдаған
сәбилер анасыз қалуда?
Сол сәбиді тастап кеткен ана
өмірде бақытты бола алады деп
ойлайсыз ба?
Қорытынды
Қазақта "Ананың тілегі алты молданың дұғасынан да күшті" деген
бар. Расында да, сәбиі үшін отқа да, суға да түсуге даяр ата-ана
мейірімі шексіз. Бұл мейірімнің құдіреті, бұл жылулықтың күші талай
қауіптен аман алып қалып, талай қиындықтан қорғайды деп
ойлаймын. Ата-ананың ғана мейірімі өлім аузында жатқан сәбиіне
жәрдемдесе алады. Ата-ана мейірімі ыстыққа да, суыққа да төтеп
бере алады. Менің тілерім, сол мейірім сәулесі ешуақытта сөнбесін!

Ұқсас жұмыстар
Отбасы психологиясы
Меійрімге толы жүрек
Қазақ тілін зерттеушілер
ЖҮРЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Ананың жүрегі
Аялай біл сен деп соққан жүректі
Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу
Жүрек дүрсілін көру, сипау және жүрек тұсын нұқу
Жүрек-тамыр аурулары. Алғашқы көмек
АУСКУЛЬТАЦИЯ
Пәндер