Паралингвистикалық тәсілдер


Slide 1

Паралингвистика (гр. para маны және лингвистика) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы; сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес тәсілдердің жиынтығы.

Slide 2

Паралингвистикалық тәсілдер

Фонациялық тәсіл

Кинетикалық тәсіл

Графикалық тәсіл

Slide 3

Фонациялық тәсіл, оған темп, тембр, дыбыс әуені, оның күші, кідіріс (мысалы э-э, м-м) , дауыс мәнері жатады.

Slide 4

Кинетикалық тәсіл, оған ым, ишара, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады;

Slide 5

Графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтың қосымша символдық белгілер

(§, т. б. ) жатады

Slide 6

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады. Паралингвистика кұрамындағы универсалдық, этнолингвистикалық, идиолектілік компоненттеріне қарай ажыратылады. Сөйтіп, паралингвистикалық тәсілдер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, айтушы я жазушы адамнын әлеуметтік жайы, жас, мөлшері, мінез-құлкы, т. б. қасиеттері туралы қосымша мәліметтер береді. Паралингвистикалық тәсілдер дербес, тұйық семиотикалық жүйе болып табылмайды. Олардың сөйлеу кезінде нақты қандай түрде қатысатындығын алдын ала болжау мүмкін емес.

Slide 7

Паралингвистикалық тәсілдердің кейбір түрлері 20 ғасырлардың 30 жылдарында (Н. В. Юшманов еңбектерінде) зерттелген. Паралингвистика ұғымын 40 жылдарында енгізген А. А. Хилл (AKLL 1), оның жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды зерттеуге байланысты 20 ғасырдың 60 жылдарында іске асты.

Паралингвистиканың зерттелуі

Slide 8

Бейвербалды қарым-қатынас

Бейвербалды қарым-қатынас - бұл сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін. Австралиялық ғалым А. Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер) ; 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т. б. ) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4] . Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М. Мұқанов, С. Татубаев, А. Сейсенова, Қ. Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген.

Slide 9

Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған

Кинесика - адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту - мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағы - біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.

Такесика - коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу - біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу - мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру - амандасу; 4) Бетінен сүю - еркелету, жақсы көруді білдіру. 5) Бауырына басу (алу) - амандасудың белгісі немесе жақсы көру, еркелету.

Проксемика - адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау - қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру - бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру.

Slide 10

Кинесика - адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою - үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю - құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну - салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу - сәлем беру.


Ұқсас жұмыстар
Вербалды қатынас тек
Ақпаратты қабылдаушы Ақпаратты беруші
Вербальды коммуникация
Сөздің психологиялық әсері
Дискурс Ғылыми дискурс
Паравербалды коммуникация
Тиімді қарым - қатынас жасау қағидалары
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Көмекші сөздер тәсілі
Тұлға аралық қарым қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz