Кәсіпорынның өндірістік құрылымы




Презентация қосу
Кәсіпорынның
өндірістік құрылымы
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті
материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің
дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және
белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен
тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми – техникалық процестің
нәтижелерін қолдану, соның ішінде
автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік
кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы
шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру
шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны
мен өзара қарым- қатынастары және өндірістің көлемі
мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы
құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндіріске
байланысты бөлімдері: цех,участок, қызмет көрсететін
шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік
құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек
өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи
байлық пен техниканы қолданудың экономикалық
тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның
негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех
саналады.
Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс
процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады:
Негізгі
цехтарда сатуға әзірленген
дайын өнімдер шығарылады.

Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар,
жөндеу жұмыстары, энергетикалық,
көлік цехтары жатады.
Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу
цехтары, шығарылған өнімді
безендіретін қораптар мен басқа да
жұмыстар жатады
(орау,жүктеу,тасымалдау,түсіру).
Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3
түрге бөлінеді:
негізгі
көмекші
қосалқы
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік
құрылымның 3 түрі (типі) бар:
заттай;
технологиялық;
аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде
кәсіпорынның негізгі цехтары мен
учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не
болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге
маманданады. Заттай құрылымның көптеген
пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол
цехтардың арасындағы байланысты дамытады,
өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың
өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын
жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру
ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда
технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс
орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты
не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және
өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан
келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал
жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы
өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі,
жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар
қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады.
Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне,
шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі
болса, заттай құрылымның да,
технологиялық құрылымның да
элементтерінен тұрады және бұл тип
цехаралық тасымалдардың көлемінің
азаюына, өнім өндірудің өндірістік
циклының қысқаруына, еңбек жағдайын
жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға,
өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін
тигізеді.
ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ:
кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйым

Кәсiпорындар мен цехтарды iрiлендiру арқылы жаңа жоғарғы өнiмдi
техниканы кең көлемде енгiзуге жағдай туады, технологияны дамыту,
өндiрiстi ұйымдастыру жақсарады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Кәсіпорын мүлкінің құрамы, негізгі өндірістік қорлар, олардың экономикалық құрамы, құрылымы Мақса
Қазақстандағы фармацевтика саласының ұйымдастыру құрылымы
Өндірістік құрылымның деңгейін сипатайтын көрсеткіштер
Өндірістің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістер
Пәндер