Қазақстанда туризмнің дамуы
Презентация қосу
Қазақстанда туризмнің дамуы
Орындаған:
І. Кіріспе
І. Негізгі бөлім
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық
туризм
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы жағажай туризмі
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы экотуризм
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек
көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық
қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен
ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста
еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген
болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы,
археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл
осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне
ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Жамбылдың
Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт
аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға
айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің
көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның
барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік
жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса,
көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің
әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке
орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес.
Оңтүстік Қазақстан аймағы — Оңтүстік Қазақстан Орта Азия
мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республикамыздың оңтүстігінде
орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Қырғызстан,
Өзбекстан, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған
экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың
дамуына көп септігін тигізеді.
Ірі өзендері – Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-
батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес
(241 км), Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің
салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай
өзендерінің шаруашылық маңызы зор.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа,
тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С,
оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының
жылдық орташа температурасы 25 – 29°С.
Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік
Америка елдерін қамтиды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу
көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде
алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат
жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар
жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл жерде
Оңтүстік Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи
мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына
мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық
және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті
туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы мәдени - танымдық
туризм
Оңтүстік Қазақстан облысында киелі жерлер көп. Қасиетті
Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана
кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен, Арыстан баб кесенесі
жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе,
түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды.
Ал, Сайрам ауылындағы ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші
Қарашаш ана кесенесі Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап
салынған. Сондай-ақ, осы ауданда Ибраһим ата кесенесі бар. XI
ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген
діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы
1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа
Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени
мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. Өңірдің
әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан
жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Өңірде сонымен
қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде
Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан
қаласында XIV ғасырдың соңында
тұрғызылған архитектуралық
ғимарат Қожа Ахмет Ясауи дүние
салғаннан кейін халықтың көп
жиылуымен өзіне арнап соғылған
кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл
кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп
ету орнына айналды.Түркістан
қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты –
орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті
ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген
бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі
ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет
Ясауидің бейітінің басына орнатылған.
Арыстан баб кесенесі -
көне Отырар жеріндегі сәулет
өнері ескерткіші.Түркістан
халқының арасында
мұсылман дінін
таратушы Қожа Ахмет
Иасауидің ұстазы
болған Арыстан баб ата
қабірінің басына салынған.
Кесене дәлізхана, мешіт,
құжырахана, азан
шақыратын мұнара сияқты
жеке бөлмелерден құралған.
Қабір үстіне алғашқы белгі 12
ғ. шамасында салынған
Шымкент қаласынан 15 км жерде орналасқан
Сайрам ауданының көрнекі жерлері:
Сайрамдағы тарихи-өлкетану мұражайы (Шымкент жолының
бойында):
Кесене – Иброхим ата (Ибрагим Ата) (Қ.А.Яссауидің әкесі):
Кесене – Балагардан-Ата (Қ.А.Яссауидің атасы):
Кесене – Қарашаш-Ана (Қ.А.Яссауи анасы)
Ибрагим ата мүрдесі – Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам)
Қарашаш-ана мүрдесі – Қожа Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам)
Қазақстандағы қажылық туризмді
дамыту үшін:
Қалалардың тарихи орталықтарын қайта жандандыру
қажет;
Олардың дәстүрлі құрылыстарын қалпына келтіру;
Көшпенді өркениеттің табынушылық орталықтарын
қажылық пен туризм объектілерінің қатарына қосу қажет;
Ғажайып мұралардың және тарихи ландшафтардың
сақталуына іс-шаралар жасау керек.
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы
экотуризм
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда
орталығы ретінде іргетасы
қаланған. Түркістанның
солтүстік-батыс жағындағы
30 шақырым жерде
орналасқан орта ғасырдағы
қалалардың бірі. 14-
ғасырдың аяғында
қаланы Әмір Темір әскери
қамалға айналдырған. Үлкен
мешіті болып, ислам дінінің
Қазақстанға тарауына ықпал
еткен
Оңтүстіктің табиғаты
тамаша! Қазығұрт,
Төлеби, Түлкібас
сынды аудандары
туризмге таптырмас
қолайлы мекен.
Әсіресе, Төлеби
ауданының тау
жоталары мен
қыраттары кімді болса
да тамсандырмай
қоймайды. Алатау,
Жабағылы, Бұғылытау
сілемдері көпке таныс.
Бірақ осы аумақта
арнайы демалыс, оның
ішінде қысқы демалыс
орындарының барын
білетін бе едіңіз?
Оңтүстiк Қазақстан облысының ең биiк
нүктесi саналатын Сайрам шыңы осы Талас
Алатауына жалғасқан. Биiктiгi – 4238 метр.
Ал әйгілі Ақсу Жабағылы қорығы 99 474
гектарды құрайды. Басым бөлігі Төлеби
ауданының шекарасында жатыр. Міне, осы
аумақта «Алатау» шаңғы базасы, «Тау
самалы», «Біркөлік», «EkoVillaige Kaskasy»,
«Байқоңыр» және «Ақ мешiт» аталатын
демалыс аймақтары бар. Бұл демалыс
орындары болашақта өңірдің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын жақсартады
деген жоспар да бар. Мұны туризм
саласының мамандары айтып жүр.
Жарайды, оны уақыт көрсетер. Енді
демалысқа оралайық. 2003 жылдан бері
«Алатау» тау шаңғы базасы жұмыс iстеп
келеді. База Леңгiр қаласынан 25 шақырым
қашықтықта Батыс Тянь-Шань тауының
етегiнде «Тау Самалы» шатқалында
орналасқан. Тау шаңғысы жолының
ұзындығы – 1300 метр. Бiр мезетте 1300
Машат шатқалында 20-дан астам демалыс орны бар. Соның бірі:
Ақшатыр демалыс орны. Түлкібас ауданында орналасқан. Өзінің
әсем табиғаты мен шатқалын тамашалап, жаздың аптап ыстық
күндерінде денеңізді салқындатып өзіңіздің ең жақсы демалыс
өткізуіңзге жағдай жасап даму істінде.
Оңтүстік Қазақстан аймағындағы
жағажай туризмі
Оңтүстік Қазақстан
аймағының Шардара
жағажайы. Қазіргі таңда
жағажайды дамытуда
көптеген істер атқарылып
жатыр. Мәселен,
жағажайдың жанынан
ашылған «Алтын
жағажай» ОҚО
тұрғындары мен қала
қонақтарының сүйікті
мекенінне айналып отыр.
Қорытындылай келе жалпы біздің Оңтүстік Қазақстанымызда
туризм қарқынды дамып келе жатыр. Оған дәлел өздеріңіз көріп
тұрғандарыңыздай жаздың жайдарлы кезінде ұсынатын әдемі
табиғатымыз бен жағажайлармыз, сонымен қатар көне заманнан
бері келе жатқан ескі қалалар мен ескерткіш мавзолейлерді
мақтана айтсақ артық етпейді.
Бұл үшін қолда үлкен потенциалдар бар. Егер табиғи, әлеуметтік
және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалансақ, үлкен
жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz