ШӘҢГЕРЕЙ БӨКЕЕВ
Презентация қосу
ШӘҢГЕРЕЙ
БӨКЕЕВ
ӨМІРІ МЕН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ:
Шәңгерей-ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен
ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған
қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі.Ол Батыс
Қазақстан облысы қазіргі Орда ауданында ,Жасқұс
құмында хан ордасында дүниеге келген.Жәңгір
ханның немересі болған.Ақын өзінің бір өлеңінде
Алпыс бөлме,Жүз есік көк орданың ішінде
дүниеге келгенін айтады.Әкесі Сейткерей
Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған.Бірақ
жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдікті көрмей
өседі.
Жасынан оқып,білім
алады,өнерге,өлең сөзге жас кезінен
әуестенеді-Ордадағы медресені
бітіріп,мұсылманша білім алғаннан
кейін,Астраханьдағы Реальды
училищеге түседі.Одан кейін
Орынбордағы Кадет корпусында
2жыл оқиды.Орыс тілін үйреніп,орыс
әдебиетімен,мәдениетімен
танысады.
Самар губерниясында
(Қазіргі Куйбышев облысы)бітімші сот
(мировая судья)болып жұмыс істейді.Әділдік
жолын іздеу-шындықты қорғау жолындағы ой
санасы осы тұста қалыптасқан сияқты.Осы
әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық
алдау,парашылдық сыр сипатын көріп,бұл
жұмыстан бойын аулақ салуды ойлады.
Сөйтіп,біраз жыл қызмет істегеннен кейін
қызметін тастап,өз еліне келеді.Бұдан кейін
кеңсе жұмысына араласпай,патша тарапынан
дворян атағын алып,Самар губерниясындағы
дворяндар тізіміне тіркеледі
де,еңбекпен,өнермен шұғылданады.
Орданың Жәнібек жағындағы Көлбарсы деген
жерді өз меншігі етіп,сол кездегі орыс
помещиктері сияқты тұрақ жай тұрғызады.
Онда ағаштан,тастан сәулетті
үйлер,мектеп,медресе,мешіт салдырып
туыстарының балаларын оқытады.Бау-
бақша,алма-ағашын ектіріп,егін салады.Асыл
тұқымды мал өсіреді.Шәңгерей ашқан мектепте
білікті мұғалімдер жұмыс істейді.Сонда бала
оқытқан білімді әрі көрнекті ақын Ғұмар Қараш
(1876-1921)еді.Ол Шәңгерейді аға тұтып,жиі
араласып тұратын.
Шәңгерейдің ақындығын,тілге шешендігін,сөз
асылын қадірлеген көсемдігін,серілігін тамаша
суреттеген.Бұл толғауы ақынның 1914жылы
Уфада шыққан Аға тұлпар жинағында
жарияланған.Осыдан бастап Шәңгерей өз
мекенінде оқшау өмір сүріп,аңщылықпен
айналысты,жақсы ат,қыран құс,құмай тазы
ұстаған.Құс салып,ит жүгіртіп,саятшылық
өнерін қызықтаған.Шәңгерейдің ерекше көңіл
аударған бір ісі-әдебиет,өнер ғылым болады.Ол
орыстың классик жазушылардың
шығармаларымен танысады.
Лермонтовті,Гогольді,Пушкинді жаны жақсы
көріп сүйіп оқыған.Ән күйге,сурет өнеріне,мән
салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын,әнші,
күйші,домбырашы, суретші сияқты
өнерпаздарды өзіне жақын тартып,олардың
өнерін тамашалайды.Ол қадір тұтқан өнер
адамдарының бірі-орыс суретшісі Мальцев
деген досы.Оған шеберхана да салып
берген.Орыстың Фет,Тютчев сынды
ақындарының да өлеңдерін оқып
әсерленеді.Шәңгерейдің бай кітапханасы да
болған.Ғылыми әдебиеттерді,әр түрлі қазақ
және орыс тілінде газет-журналдарды алып
оқыған.
ХХ ғасырдың басында қазақ,татар тілінде
басылған ақындардың кітаптарын
оқып,қоғамдық,әдеби өмірдің беталысынан
үнемі хабардар болып отырған.
1911-1913 жылдары
қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен
Оралда Қазақ газетін шығару мәселесі сөз
болғанда бұл істі қолдап,оған қажетті қаржыны
толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz