Бағалы аң терісін сұрыптау, сақтау және сату



Бағалы аң терісін сұрыптау, сақтау және сату
Орындаған: Советбаева Жаннұр
Тобы: ОЗ-407
Тексерген: Тугамбаева. С. М
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Семей 2016 жылы

Жоспар:
Жалпы сипаттама
Аң терісін сұрыптау
Аң терісін сақтау
Аң терісін сату
Пайдаланылған әдебиеттер

Глоссарий 1. Тері- дененің сыртқы жабыны. Ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен, суықтан, ыстықтан қорғайды. 2. Эксплуатация - адамның меншігі бар таптардың тікелей өндірушілердің өндіріс құралдарын, қосымша, ал кейде тіпті қажетті еңбектің бір бөлігінің өнімдерін тегін иемденуі.

Аң шаруашылығы
Үлбірлі бағалы аңдар арнайы темірден жасалған торларда қолдан өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір, күміс түсті түлкілер, бұлғын, сазқұндыз, ондатрлар - қолда өсірілетін аңдар . Олардан алынатын басты өнім - үлбір (мех) . Аң шаруашылығы көптеген шет елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді. Қолға үйретілген жануарлар негізінде әр түрлі шаруашылықтар ұйымдастырылған. Жабайы бунақденелердің омарта шаруашылығының, жібек шаруашылығының ұйымдастырылуы соның айғағы. Үйқоян шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе, үйқояннан түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз алуға болады. Шошқа шаруашылығының ет пен майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір. Қазақстанда омарта шаруашылығы XIX ғасырдың бас кезінде Шығыс Қазақстан өңірінде дами бастады. Бірте-бірте Жетісу аймағына және т. б. таулы жерлерге тарады

Терінің атқаратын қызметі: жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.


Бағалы аң терсін алғашқы өңдеудің мәні, мақсаты, маңызы.
Бағалы аң терісін алғашқы өңдеудің негізгі мақсаты - жануарлар ұшаларынан терілерді бөліп алу және оларды сақтау шараларын жүзеге асыру. Одан кейінгі өңдеу шикізат түріне байланысты. Алғашқы өңдеудің сапасынан бағалы аң терісінің сапасы байланысты, осыдан дүмбілдің сапасы да соған байланысты.

Ұқыпсыз немесе алғашқы өңдеудің тәсілдерін дұрыс орындамау әдетте теріде әр түрлі ақаулардың пайда болуына әкеп соқтырады. Сондықтан өңдеудің неғұрлым оңтайлы әдістерін таңдау бағалы аң терісі шикізатынының сапасын сақтауда үлкен маңызға ие.

Теріні сұрыптау

Сұрыптаудың негізгі әдістері.
Терлердің барлық партиясын түрлер бойынша бөлу.
Терінің ақауларын және сұрыптарын, түстерін, өлшемдерін, кряждарын анықтау:

Терілерді сорт бойынша бөлу. Тері сорттары дегеніміз-ол жүнді жабындары бірдей дамыған және бір аймақта табылған аңдар түрлерінің терілерінің тауарлық қасиеттерінің жиынтығы. Аң терілерінің түрлеріне байланысты 2, 3 және 4-ші сорт болып құрылады. Мысалы ақ түлкі терісі үшін 4-ші сорт, ал бұлғын терісі үшін 2-ші сорт қарастырылған.

Кейбір аңдардың терсінің мықтылық көрсеткіші (%)
Жаңа туған бұғы төлі
98
Калан
100
Құндыз
90
Бұлғын
80
Кролик
12
Қара күзен
70

Терінің кряж бойынша бөлінуі:
Баргузин кряжы, Енисей кряжы, Камчат кряжы, Тоболь кряжы, Сахалинс кряжы, Алтай кряжы, Тувин кряжы, Минусинк кряжы, Амур кряжы, Якут кряжы.
Өлшемі бойынша:
А) аса ұлкен
Б) үлкен
В) ұсақ
Г) аса ұсақ
Тері деффекты бойынша:
А) жақсы
Б) кішкентай
В) орташ
Г) үлкен
Д) брак
Тері сортары:
1-сорт
2-сорт
3-сорт

Терісі өнеркәсіпте пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл - атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с. с. тәсілдер қолданылады.

Бағалы аң терісін алғашқы өңдеу процестеріне жатады:
консервілеу

Теріні сыпырып алу

Теріні сыпырып алу әдістері
Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі:
жалпағынан (ақ жолақ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала) ;
екі бүйірден тілу;
бас жағынан тұтастай төмен сыпыру және арт жағынан тұтастай басына қарай сыпыру.

Жалпағынан тілуде негізінен үй жануарларының терісін, қояннан басқа үлкен терілерін (аю, жолбарыс, тюлень), майы көп болатын (теңіз жануарланың ) және терілері жалпағынан қолданылатын кейбір аң терілері, (көртышқан, саршұнақ, атжалман) т. б. сыпыруда қолданылады.
Теріні кесу сызықтары

Бас жағынан төмен қарай сыпыруды жүн түгі ашық түсті, түбіттес жұмсақ жүнді аңдар терісін (ақ тиын, бұлғын) терілеріне қолданылады. Ол үшін ауыздың айналасындағы ерінді ажыратып, мәрін шеміршектерін бөліп төмен қарай сыпырады.
қоянның терісін сыпыру мысалы.

Арт жағынан бас жағына қарай сыпыруды кәмшәт қара күзен, сусар, саз құндызы, түлкі, андатра, мысық, қоян және т. б. бағалы аң терілерінің алғанда қолданылады. Бұл терілердің алынатын өнімдердің түрі олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Бұл тәсілде артқы аяқтың іш жағымен артқы тесіке дейін тіліп төмен қарай сыпырады. Көптеген аңдардың басын, аяқтарын, құйрығын, бүтіндей сақтап қалу тиімді.

Теріні майсыздандыру

Терінің тканінде сұрыптауға және жүн жабынына кері әсерін тигізетін майдың артық мөлшері болады. Майжүн жабынын ластап сарғайтады. Сонымен қатар сақтау кезінде тотығып, қызып тері тканін әлсіретеді. Майдың артық мөлшері терінің кебуіне де кері әсерін тигізіп, бактериялардың дамуына қолайлы жағдай жасауы мүмкін.

Майсыздандыруды (майдан арылтуды) негізінен механикалық тәсілімен, өтпес пышақтарымен немесе сол сияқты активті туғыш заттармен өңдеу жолымен жүргізеді.

Сақтау

Бұл операцияның мақсаты - теріге қалыпты пішін беру, тері ұлпасының әжімдерін мен қыртыстарын жою. Өңдеу арнайы ережелерге сәйкес консервілеудің алдында жүргізіледі.

Консервілеу

Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін «булы тері» деп атайды. Малды сойған сәттің өзінде - ақ теріде көптеген бактериялар болады. олар 20 - 370С температурада және қан қалдықтары бар дамуына қолайлы ортада өте тез көбейіп терінің бұзылуына жағдай жасайды. Мал жануарларының белгілі бір уақыт аралығында сойатын болғандықтан олардың өңдеу өнеркәсіптерінде жеткізгенше ұзақ уақыт сақтауға тура келеді. Терілер ұзақ «булы тері» күйінде сақтауға болмайды, сондықтан оларды негізгі қасиеттерін жоғалтпайтындай күйге келтіріп сақтау керек. Бұл үшін терілерді консервілейді.

Консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай құрғату, құрғату, қышқылды - тұздау және ашытқымен өңдеу.
Құрғатып консервілеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz